Сабақтың тақырыбы: Функция тақырыбын қайталау Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет1/5
Дата13.08.2017
өлшемі0,68 Mb.
#23381
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Сабақтың тақырыбы: Функция тақырыбын қайталау
Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Функция тақырыбы бойынша өтілген материалдарды қайталау арқылы алған білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру, математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Тез ойлауға дағдыландыру, қарым –қатынасын күшейтуге үйрету.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге, ұлттық салт - дәстүрді бағалай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі Бекіту сабағы.

«Наурыз мерекесі математика сабағында» кіріктірілген дәстүрлі емес сабақ

Кіріктіре оқыту ұстанымы – математика пәнінде қазақтың салт-дәстүрінің маңызын түсіне отырып, бәйге, көкпар сияқты ұлттық ойындар элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын емес пәндердің де ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Оқыту формалары: жеке, топтық.

Жабдықтау: презентация «Функция», таратпа карточкалар, интерактивтік тақта, компьютер, Advanced Grapher бағдарламасы.

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын тексеру;

ә) Сабақ тақырыбын, мақсаттарын жариялау.

- Саламатсыңдарма, қымбатты оқушылар! Сабаққа деген ынтамыз қандай?

- Бүгінгі біздің сабағымыз – ерекше сабақ. Себебі жақында өзіміз тойлаған Наурыз мейрамы бүгін біздің сабақта.

/Интерактивті тақтада мектепте тойланған Наурыз мейрамының көріністері көрсетіліп тұрады/

- Сонымен бірге біздің бүгінгі сабағымызда Наурыз мейрамының қуанышын өздеріңмен бірге бөлісуге қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абдрахманова Нафиса Сағымбайқызы келіп отыр.



Нафиса Сағымбайқызы:

- Балалар, кәнекей далаға назар аударайықшы, қандай құбылыстарды байқап тұрсыңдар? /көктем, күн шуақты, дала бусанған/

- Иә, күннің осындай өзгешелігіне сай көңіл-күйлерің өзгерді ме? /өзгерді/

- Жақында көктеммен байланысты қандай мейрамды атап өттік? /наурыз мейрамын/

- Наурыз мейрамында қандай салт-дәстүрлерге куә болдыңдар? /наурыз көже іштік, қыздар мен жігіттер айтысты, балуандар күш сынасты, ипподромда ат жарысы болды, көкпар тартылды/

- Ендеше біз сол мейрамды математика сабағында бірге өткізіп көрейік.



Математика пәнінің мұғалімі Манова Салтанат Тохтарқызы:

- Иә, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қазақтың салт-дәстүрін есімізге түсіре отырып, функция тақырыбын қайталау, тақырыпқа байланысты есептер шығару, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулитын есептер шығару, сайыса, жарыса отырып білімдерімізді тексеру.



Жарапазан: Қазақ әдебиетінің мұғалімі Абдрахманова Н.С біздің сабағымыздың қонағы, сіздерге жарапазан туралы айтып береді.

- Кәне балалар, жарапазан туралы білетін мағлұматтарың бар ма? Егер таныс емес болсаңдар, мен айтып берейін:

Жарапазан (жарамазан) Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, боз балалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Жарапазан өлеңінің шарты тоқталмай кезек-кезек жарапазан айтуға барған үйді мадақтау, яғни бірінен кейін бірі іліп әкету.

Математика пәнінің мұғалімі:

- жаңа ғана түсіндіргендей сабағымыздың бұл бөлігінде бөлімге арналған сұрақтарды бірімізден кейін біріміз іліп алып тез жауап береміз.

Ауызша қайталау. Математика пәні бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер.


  1. Функция дегеніміз не?

  2. Аргумент деп қандай айнымалыны айтады?

  3. F(2)=6 жазуындағы аргументтің, функцияның мәндерін атаңдар.

  4. Функцияның анықталу аймағы дегеніміз не?

  5. Функцияның мәндерінің аймағы дегеніміз не?

  6. Функция графигінің анықтамасын айтып беріңдер.

  7. Сызықтық функцияның графиктерінің өзара орналасуы туралы не айта аласыңдар?

Ауылдың алты ауызы. Мұғалім:

- Тойда, ойын-сауықта, қонақ кәде сұрағанда,көбінесе алыстан келгендер: «Ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді? «Әуелі өздеріңіз бастаңыздар»,- деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл жол ауылдікі, өнер, өлең ауылдан басталсын деген сөз. Сөйтіп өлең ауыл өнерпаздарынан басталады. Ауылдың алты ауызы дегеніміз осы.



3. Ауызша есептер. Функция тақырыбы бойынша ауызша есептер. Әр оқушы сұраққа жауап беру үшін, берілген суреттерді таңдайды.таңдаған суреттердің астында есептер бар, сол есептерді дұрыс шығарған бала суретті сыйға алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет