Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары



бет218/234
Дата13.12.2021
өлшемі31,89 Mb.
#125186
түріСабақ
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   234
Байланысты:
8 сынып КМЖ новый формат

Қалыптастырушы бағалау

Кері байланыс


Ұялы телефон

Және интернет желілері

Кітап


Ортасы

Геосаясатадамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді.

Саяси география- саяси үрдістердің кеңістік жағдайындағы аумақтық, экономикалық-географиялық, климаттық және т.б. табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейді. Саяси география географиялық түрге баса көңіл бөле отырып, оларға саяси түсініктеме береді, саяси аспектілеріне талдау жасайды.

Геосаяси жағдай- елдің стратегиялық маңызы бар шет елдік мемлекеттерге, олардың одақтарына және дүние жузінің аудандарына қатысты алғандағы саяси картадағы орнын анықтайды. Бірак «елдің орны » дегенде, оның географиялық мекенжайы туралы түсінік қарастырылмайды. ГСЖ-ға баға беру - қоршаған әлемге елдің мемлекеттік(ұлттық)мүддесі тұрғысынан қалыптасатын көзқарас болып табылады. Бұл үшін ұлттық мүддені «көре білу», мүмкін болатын қауіп-қатерді айқындау және оларды болдырмауды қамтамасыз ету қажет.

Қазақстанның геосаяси жағдайы,ең алдымен,оның Жер шарындағы ең алдымен құрлық — Еуразияның орталығында орналасуымен анықталады.ХХ ғасырдың ұлы ойшылдарының бiрi, этногенез теориясын жасаған әйгiлi орыс ғалымы Л.Н.Гумилев өзiнің еуразиялық екендiгiн айтқан.Қазақстанның еуразиялық сипаты тарихы кезеңдерде оның мемлекет ретiнде қалыптасу бағытын және қазақ халқының ұлттық ерекiшелiктерiн анықтап бердi. Кеңес Одағының ыдырауы мен Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн алуы елдiң геосаяси жағдайын бiршама өзгерттi. Қазақстан ядролық қаруды өз еркiмен бас тартқан тұңғыш мемлекетке айналды.1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президентi Н.Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабатындығы туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанның геосаяся жағдайы оның әлемдiк саясатта айрықша орны бар Ресей мен Қытайдың, мұсылман әлемiнің аралығында орналасуымен де анықталады.Еліміздің ТМД құрамына енетін Ресей,Қырғызстан,Өзбекстан және Түрiкменстанмен ортақ шекараларының болуы оның геосаяси жағдайына қолайлы әсер етедi.Көршілес мемлекетгермея бiрте Шанхай ынтымақтастық ұйымына енетiн Қазақстан аймақтық кауiпсiздiк, шекараны бейбiт жолмен реттеу, халықаралық терроризммен бiрлесе күресу, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi ортақ мәселелердi шешуге атсалысуда.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. «Кинометафра» әдісі.



Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

1.Өтілетін тақырып бойынша бейнефильм көрсетемін. «Дүниежүзі мемлекеттерінің саяси-географиялық жағдайы». Бейне фильмнен көргендерін топ ішінде талқылайды, пікір алмасады, ой бөліседі.

2.Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет