Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндер



Дата26.08.2017
өлшемі59,63 Kb.
#28403
түріСабақ
«Ақ шағала балабақшасы»МКҚК

«Армысың , Алтын күз!»

«Жауқазын» тобы

Тәрбиеші: Сейткалиева Р

2016 оқу жылы



Геометриялық  пішіндер  

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық  пішіндер                         

Мақсаты:  Балаларды  геометриялық пішіндер мен  таныстыру. Пішіндердің  мағынасын  түсіндіріп  оларды  бір−бірінен  ажырата  білуге  үйрету.

  • Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.

  • Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.

  • Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.

 

Сабақтың түрі: Қайталау.

 

Әдіс−тәсілдері:  Сұрақ−жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

 

Қажетті−құрал жабдықтар: Магнитті тақта, геометриялық пішіндер.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, дене шыңықтыру, математика, семсорлық тәрбие.

Сабақ барысы:  1) Ұйымдастыру.

                                 Шаттық шеңбер.

                                 Қуанамын менде,

                                 Қуанасын сенде

                                 Қуанайық достарым,

                                 Арайлап атқан күнге!



Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде сенсорика сабағы. Өткен жолы        геометриялық пішіндермен таныстық.

            Бәрін қайталау сабағы. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.

                  ( бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады).

Бауырсақ сөзі:   Менің атым бауырсақ.

                              Қаймаққа иледі, майға пісірді.

                              Мен атадан, әжеден кеттім.

                              Тыңдамадым атамды

                              Тыңдамадым әжемді

                              Үйімді мен сағындым

                              Көмектесші балақай.

Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?

Балалар:   Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

Тәрбиеші:  Бауырсақтың түсі қандай?

− Сары.


Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?

−Дөңгелек.       



Қоян: Ой, ненің тәтті иісі шығып тұр. Бауырсақ жүр екен ғой осында.

  • Балалар менің тұратын үйім жоқ.

Тәрбиеші: Біз саған көмектестік. Мынау геометриялық пішіндер.

Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?

Балалар: Төртбұрыш  ( оның төрт бұрышы бар).

Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар).

Мынау шеңбер (ол домалақ болады)    

Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.



Қоян: Балалар сендерге көп−көп рахмет. Менің  енді үйім болатын болды. Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.

Тәрбиеші: Қоян кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы шығып жатыр.

       (Аю келеді музыка ойналады).



Аю: Ой мында балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде осыңда жүрсің бе?

Бауырсақ: Иә мен балаларға қонаққа келдім. Сенің неге көңіл күйің жоқ.

Аю: Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Ойнайын десем, ойнамайды.

Тәрбиеші: Балалар онда біз аю мен ойын ойнайық. Аю сен қандай ойын әкелдің?

Ойын: Доптарды қораптың ішіне шашып. Үлкен допты үлкен қорапқа, кіші допты кіші қорапқа жинау.

Аю: Рахмет, балалар  мен енді кетейін.

Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрайық

                         Алақанды ұрайық

                         Бір отырып, бір тұрып

                         Біз тұңығып алайық.



Бауырсақ: Балалар мен сендермен геометриялық пішіндерден құрылғын екі « Денсаулық жолдарымен» жүрейік. « аяқ табанының массажы»

Тапсырма:          Түс пен пішінді ажырата білу.

                              Сары шеңберге секір.

                              Қызыл төртбұрышқа аяқ қой.

                              Көк ұшбұрышты атта.



Түлкі:  Қандай қызық ойын.

Бауырсақ маған да үйретші (бірге жасайды).



Бауырсақ:  Түлкі менг балалардан көп нәрсені үйреніп алдым.

Сен бізді бір сынап көрші.



Тәрбиеші:  Ал, балалар түлкіге тақпақ айтып берейікші.

Арман:   Бала, бала балапан

                 Кәне қайсы алақан

                 Саусақтары  әйбат

                 Былай, былай ойнат.



Ақбота:   Төртбұрышты қолданып,

                  Ұшбұрыш қолданып

                  Көрпешені жасаймын

                  Әдемісін ішінен

                  Қуыршаққа сыйлаймын.

Сабыржан: Отан  менің  − жан анам,

                      Отан менің −  жан әкем.

                      Отаным деп шаттанам

                      Отаным  деп әлденем.



Ернар:    Ойыншақтар қандай, қандай

                 Қызыл, жасыл, сары, қоңыр.

                 Түрлі – түсті түстері

                 Көз тартады өздері.



Сырымбет:   Мен бақшаға келемін

                      Күнде қалмай жүремін

                      Ұйықтаймын, ойнаймын,

                      Мен сабақтан қалмаймын.



Түлкі:  Бәрекелді балалар. Өте өнерлі  балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.

Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?



  • Ең бірінші қоянға көмектестік.

  • Біз геометрилық пішіндерден үй, бауырсақ жасадық.

  • Аю мен ойнадық

Денсаулық жолмен жүрдік

Түлкіге тақпақ айтық.



       Рефлексия: (балалардың сабақтан қанағаттандыруын біліп тану, алған әсерін түсі арқылы білдіру). Музыкалық әуенмен тақтадағы сары күн мен қара көк бұлттардан балалардың көңіл − күйін білдіретін таңдатып қонақтарға сыйлықтар беру.

Тәрбиеші:  Балалардың ашық  түсті, сары күнді таңдадық. Өз көңіл – күйлерінен алған сабақтың  әсерін байқаттыңдар. Біздің сабақ  өте  қызықты, әсерлі болды. Олай болса біз  бауырсақты атасы мен әжесіне апарайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет