«Ақ шағала балабақшасы»МКҚК
«Армысың , Алтын күз!»
«Жауқазын» тобы
Тәрбиеші: Сейткалиева Р
2016 оқу жылы
Геометриялық пішіндер
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндер мен таныстыру. Пішіндердің мағынасын түсіндіріп оларды бір−бірінен ажырата білуге үйрету.
Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.
Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Әдіс−тәсілдері: Сұрақ−жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.
Қажетті−құрал жабдықтар: Магнитті тақта, геометриялық пішіндер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, дене шыңықтыру, математика, семсорлық тәрбие.
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбер.
Қуанамын менде,
Қуанасын сенде
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде сенсорика сабағы. Өткен жолы геометриялық пішіндермен таныстық.
Бәрін қайталау сабағы. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.
( бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады).
Бауырсақ сөзі: Менің атым бауырсақ.
Қаймаққа иледі, майға пісірді.
Мен атадан, әжеден кеттім.
Тыңдамадым атамды
Тыңдамадым әжемді
Үйімді мен сағындым
Көмектесші балақай.
Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?
Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
− Сары.
Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?
−Дөңгелек.
Қоян: Ой, ненің тәтті иісі шығып тұр. Бауырсақ жүр екен ғой осында.
Балалар менің тұратын үйім жоқ.
Тәрбиеші: Біз саған көмектестік. Мынау геометриялық пішіндер.
Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?
Балалар: Төртбұрыш ( оның төрт бұрышы бар).
Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар).
Мынау шеңбер (ол домалақ болады)
Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.
Қоян: Балалар сендерге көп−көп рахмет. Менің енді үйім болатын болды. Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.
Тәрбиеші: Қоян кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы шығып жатыр.
(Аю келеді музыка ойналады).
Аю: Ой мында балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде осыңда жүрсің бе?
Бауырсақ: Иә мен балаларға қонаққа келдім. Сенің неге көңіл күйің жоқ.
Аю: Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Ойнайын десем, ойнамайды.
Тәрбиеші: Балалар онда біз аю мен ойын ойнайық. Аю сен қандай ойын әкелдің?
Ойын: Доптарды қораптың ішіне шашып. Үлкен допты үлкен қорапқа, кіші допты кіші қорапқа жинау.
Аю: Рахмет, балалар мен енді кетейін.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тұңығып алайық.
Бауырсақ: Балалар мен сендермен геометриялық пішіндерден құрылғын екі « Денсаулық жолдарымен» жүрейік. « аяқ табанының массажы»
Тапсырма: Түс пен пішінді ажырата білу.
Сары шеңберге секір.
Қызыл төртбұрышқа аяқ қой.
Көк ұшбұрышты атта.
Түлкі: Қандай қызық ойын.
Бауырсақ маған да үйретші (бірге жасайды).
Бауырсақ: Түлкі менг балалардан көп нәрсені үйреніп алдым.
Сен бізді бір сынап көрші.
Тәрбиеші: Ал, балалар түлкіге тақпақ айтып берейікші.
Арман: Бала, бала балапан
Кәне қайсы алақан
Саусақтары әйбат
Былай, былай ойнат.
Ақбота: Төртбұрышты қолданып,
Ұшбұрыш қолданып
Көрпешені жасаймын
Әдемісін ішінен
Қуыршаққа сыйлаймын.
Сабыржан: Отан менің − жан анам,
Отан менің − жан әкем.
Отаным деп шаттанам
Отаным деп әлденем.
Ернар: Ойыншақтар қандай, қандай
Қызыл, жасыл, сары, қоңыр.
Түрлі – түсті түстері
Көз тартады өздері.
Сырымбет: Мен бақшаға келемін
Күнде қалмай жүремін
Ұйықтаймын, ойнаймын,
Мен сабақтан қалмаймын.
Түлкі: Бәрекелді балалар. Өте өнерлі балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.
Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?
Ең бірінші қоянға көмектестік.
Біз геометрилық пішіндерден үй, бауырсақ жасадық.
Аю мен ойнадық
Денсаулық жолмен жүрдік
Түлкіге тақпақ айтық.
Рефлексия: (балалардың сабақтан қанағаттандыруын біліп тану, алған әсерін түсі арқылы білдіру). Музыкалық әуенмен тақтадағы сары күн мен қара көк бұлттардан балалардың көңіл − күйін білдіретін таңдатып қонақтарға сыйлықтар беру.
Тәрбиеші: Балалардың ашық түсті, сары күнді таңдадық. Өз көңіл – күйлерінен алған сабақтың әсерін байқаттыңдар. Біздің сабақ өте қызықты, әсерлі болды. Олай болса біз бауырсақты атасы мен әжесіне апарайық.
Достарыңызбен бөлісу: |