«№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернаты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі:
Акишева Айнур Дауылбайқызы
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жаңа технологияларды қолдана отырып Гг дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен әрдайым,
Бас иеміз біз.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Мұғалім: - балалар біз әліппеден нені үйрендік?
Оқушылар: - оқуды жазуды.
Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Мұғалім: - әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.
Мұғалім: - әріптерден не құралады?
Оқушы: - сөз.
Мұғалім: - сөзден не құралады?
Оқушы: - Сөйлем.
Мұғалім: - сөйлем қандай әріппен жазылады?
Оқушы: - бас әріппен.
Мұғалім: - сөйлемдерден не құралады.
Оқушы: - мәтін. Өте жақсы.
Мұғалім: - өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? Оқушы: Ү дыбысы.
Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс?
Оқушы: дауыстыжіңішке. Үкі, Үйрек сөздеріне, дыбыстықталдаужасау.
Ә. Табылдиевтің «Кімкінәлі?» диалогынмәнерлепоқыту, жатқасұрау, рольгебөліпоқыту.
- Кімсыздымынапартаны?- депұстазбізденсұрады. Үсенбекайтты: - Мен емес. Үмітайтты: - Мен емес. Күмісайтты: - Мен емес. Бұғанжалғызкінәлі - Елемесүнсізтұрәлі.
III.Жаңасабақ:
Мұғалім: (интерактивті тақта)
Аналарғасыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл не екенбалалар,
Үзугеадамқимайтын.
(Гүл)
Мұғалім: балаларгүлдегендеқандайдыбысестіліптұр. ОқушыларГгдыбысы. Мұғалімолайболса, бүгінгісабағымыздыңтақырыбы Г дыбысыжәнеәрпіментанысамыз.
Мұғалім: Г дыбысы, дауыссыздыбыс, ұяңдыбыс, сөздердіңбасындаортасындакездеседі. (интерактивті тақта)
Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.
Оқулықпен жұмыс:(интерактивті тақта)
Е - гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.
Е - геу - үйге қажетті қолданылатын құрал.
Е - гіз - бірге туған екі адам.
Се - гіз - сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз).
Ке - ре - ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге»
Бе те ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.
Ше ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Не - ге - сұрақ.
Шең - гел - тікенді өсімдік.
Мез гіл - уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.
Мұғалім:
Н. Баймұхамедовтің өміріне тоқталу. (интерактивті тақта)
«Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.
Оқушыларды - тізбектеп оқыту.
Оқушыларға ой тастау.
IV. Сергіту сәті.(интерактивті тақта)
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам.
Электронды оқулықпен жұмыс:
V. Дәптермен жұмыс.
Ауада жазу, тақтада көрсету.
Бас әріп, кіші әрпін жазу.
VI. Жаңа сабақты бекіту.
Дидактикалық ойын «Ойлан тап» ойыны.
VII. Жаңа сабақты қорытындылау.
Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық, Г дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?
«Ақ көгершін» өлеңін жатқа айту. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды
VIII.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы : Құм,саз және әктас
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бос тау жыныстары – құм мен саз, қатты тау жыныстары – әктас пен мәрмәр туралы біліми беру, меңгерту. Пайдалы қазбалардың айырмашылықтары мен қасиеттерін және пайдаланылатын салаларытуралы түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, білімдерін тереңдету. Сөздік қорын молайту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбиелілік: Табиғатты қорғауға, аялауға, үнемдеуге, іскерлікке, кәсіпкерлікке, әсемдікке, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік (нақты заттар) сарамандық жұмыс, тест, дамыта оқыту әдісі. «Раунд Робинд», еркін пікір, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Құм, саз, әктас, су,ыдыстар, пайдалы қазбалар суреттері, тест парақтары, топтың аттары, «Ғимараттар иллюстрациясы»
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, еңбек
Пайдаланылған әдебиеттер: «Сен білесің бе?»энциклопедиясы, «Дүниетануды оқыту әдістемесі.» 3сынып
Күтілетін нәтиже : Құм, саз және әктас туралы әңгімелей алады. Айырмашылықтары мен қасиеттерін, пайдаланылатын салаларын ажыратады, сұрақ қоя біледі, тестке жауап береді, тәжірбие жасап бақылап зерделей біледі, топтасып жұмыс істейді.
Сабақтығң барысы:1. Ұйымдастиыру кезеңі
а) Сабаққа назарларын аудару.
ә) Психологиялық әзірлік
Туып – өскен даламыз.
Біздің мәңгі панамыз.
Туған жерге құрметпен,
Қамқорлықпен қараңыз.
2. Үй тапсырмасын сұрап, пысықтау, бағалау, «Гранит»
3. Сұрақ – жауап арқылы (кесте пайдалана отырып қорытындылау)
Граниттің қасиеттері туралы айт
Гранит неден тұрады ?
Гранит қайда қолданылады?
Гранит
Өте қатты тас
Дала шпаты
Кварц
Слюда
Құрылыс
Метро, баспалдақ, көпір тірегі,
үйдің іргетасы, ескерткіш,
Есіл өзенінің жағалауы
Жаңа сабақ
1. Ой тастау. – Балалар, бүгін біз ойша қаламыздағы(ауылдағы) құрылыстарды құрылысшы болып аралап көрейікші. Үйді салған кезде қандай құрылыс материалдарын пайдаланылатынын білеміз бе? Өздеріңді құрылысшы ретінде сезініп, әңгімелеп көрейік (пікірлерін тыңдау).
2. Олай болса, бүгінгі сабақта құм, саз және әктас пен мәрмәр туралы білейік.
Құм – (нақты зат) көрсете отырып, сусымалы тау жынысы табиғатта жиі кездеседі. (Балаларға құмды ұстату). Сары, ақ, сұр болып, жеке түйіршектерден тұрады. Шыны зауытында құмнан шыны жасайды. Мыс: терезенің әйнегі ерекше таза, қоспасы аз құмнан өндіріледі. Құрылыс зауытында бетонға араластырады, қабырға, тас көпір, бағанаға және басқа заттар құяды.
Саз – (көрсете отырып) – тау жыныстарының үгілуінен болады, көл мен теңіз түбіне жиналады. Саз жабысқақ және созылмалы келеді. Саздың бұл қасиетін ертеден білген адамдар одан астық, сүт,су, құмыра, аяқ-табақ, түрлі ойыншық жасаған. Оларды музейлерден көруге болады. (Саздан жасалған ыдыстар көрсету).Саз ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түсте келеді. Одан кірпіш, қаптама плитке жасайды. Кірпіштен тамаша сарай, тұрғын үй салынады. Фарфор табақша, кесе,құмыра, кішкене мүсіндер де саздан жасалады.
Әктас – (көрсете отырып) ақ немес ақшыл сұр тас. Оны кірпіш, бетон тақта және блоктарды бекіту үшін қолданылатын цемент дайындауға пайдаланады, әктастан қабырға мен төбені ағартатын әк алады.
Сарамандық жұмыс.
Әктасты ыдысқа салып, су құямыз, әктас қандай өзгеріске ұшырады? (Бөлінді, ұнтақталды,қайнады,сұйық күйге енді.) көздерін жеткізу, көрсету. Сен тақтаға жазатын бор да – әктас(борды көрсету). Бор жұмсақ, оңай үгітіледі. Онымен әріпті, сөзді жазуға, сурет салуға болады.
Әктастың бір түрі – мәрмәр. (суретін көрсету). Оның қасиеті борға қарама-қарсы. Ол – өте берік және қатты. Әдемі, табиғи реңктегі әртүрді өрнекті болып келеді. Мәрмәр жақсы жылтырайды. Жылтыратылған мәрмәрмен қабырғалар, сарай бағаналары және метро стансалары қапталады. (Мәрмәр және мәрмәрдан жасалған заттар суреттерін көрсету.)
3. Оқулық мәтінімен жұмыс жүргізі (Мұғалімнің оқуы)
Құм, саз және әктас
4. Оқушылардың өз бетінше оуы
5. Оқушыларды үш топқа бөлу арқылы оқыту.
I топ. Құм II топ. Саз III топ. Әктас
6. Әр топ өздеріне қатысты мәтінді оқиды. Әр топ өз тақырыбы бойынша сұрақтар әзірлеп, оларды өзге топтарға қояды.
I топ : Құм Құм неден тұрады?Құм қалай өндіріледі? Құмнан не жасайды?
II топ. Саз Саз қандай болады?Саздан не жасайды?
III топ. Әктас Әктас табиғатта қандайжерде кездеседі?Әктасты қалай пайдаланады?
7. Топтар жұмысын мадақтау
Сабақты бекіту: Тест беру арқылы оқушылар білімін жинақтап, тиянақтау (5 сұрақтан)
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге, зер салып тыңдауға, құрметтеуге, жауапкершілікке әдепті және батыл сөйлеуге, адам бойындағы жақсы қасиеттерге білімге құштарлығын тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын дамыту., сөз таптарын өзара салыстыра отырып, айырмашылығын білу.
Тәрбиелік:Сөз таптары туралы алған білім-білік дағдыларын іс-жүзінде меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ребус, сөзжұмбақ, тест,
сызбалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
ә) Психлолгиялық дайындық.
Мұғ: Балалар, бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабақта біз өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екендігімізді танытып, сөйлеу ережесін сақтай отырып, дұрыс сөйлеп, анық айтуға тырысайық.
Оқушылар: Сөзіңізді тыңдаймыз,
Ойға тоқып сақтаймыз.
Білім нәрін жинаймыз,
Деп сабақты бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
М: Балалар, өткен қазақ тілі сабағында қай тақырыпқа келіп тоқтадық?
О: Бақылау диктантын жаздық.
М: Яғни біз «Сөз және оның мағынасы» бөлімін аяқтап, осыған байланысты жазба жұмыстарын жаздық. Балалар, биыл қандай жыл?
М: Алдымызда қандай мерекені тойлағалы отырмыз?
М: Енді қандай жыл кіреді?
М: Жаңа жылда нені безендіреміз?
М: Шыршаға нелер ілеміз?
М: Ендеше, шыршадағы ойыншықтардағы тапсырмасын орындасақ, шыршамыз жарқырай түседі.
1-сұрақ: Тасбақа сөзі қандай сөздер тобына жатады?
О: Бұл күрделі сөз. Бұлар екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді айтамыз. Мысалы: бозторғай, Сарыарқа, тасбақа.
2-сұрақ: ҚР қалай оқылады?
О: Қазақстан Республикасы. Бірнеше сөзден құралатын атаулар қысқартылып айтылады. Мысалы: БҰҰ, АҚШ,ТМД. Бұларды қысқарған сөздер дейміз.
3-сұрақ: Келесі тапсырмада Аққу сөзі.
О: Аққу сөзі – біріккен сөз. Бұлар екі немесе одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөз дейміз. Мысалы: шекара, Ақмарал.
4-сұрақ: Әке-шеше қандай сөз?
О: Екі сөздің қосалануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (–) қойылады. Мысалы: көре-көре, сөйлей-сөйлей, құрал-сайман, әке-шеше.
5-сұрақ: Сөз мағынасы тануда неше түрге бөлінеді?
О: Сөз мағынасының 3 түрі бар. Мағынасы жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, дыбысталуы бірдей, мағыналы әр басқа сөздер.
М: Жарайсыңдар, балалар!
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «Ой шақыру» кезінде «Сөзжұмбақ» шешіп көрелік. Әдеттегідей сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. (тақтада орындалады)
1. Тілдің негізі. (сөз)
2. Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)
3. Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Қай сөз табының сұрағы? (зат есім)
4. Не істеді? Қайтті? Не қылды деген
Сұрақтар қай сөз табы? (етістік)
5. Қанша? Неше? Нешінші? Деген сұрақтар қай сөз табы? (сан есім)
6. Өлеңмен жазылған шығарма. (поэма)
7. Сөздің ең түпкі бөлшегі (түбір)
8. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. (жалғау)
9. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша. (жалғау)
10. Қандай? Қай? деген сұрақтар қай сөз табы? (сын есім)
2. Мағынаны тану кезеңінде кестемен жұмыс жасау.
1-жаттығу.
Сөзтаптары
Зат есім
|
Етістік
|
Сын есім
|
Сан есім
|
тігінші
өнер
ұя
таң
көке
|
жарысады
түсінді
ұмтылды
озды
|
әдепті
көкшіл
кең
тәтті
тұнық
|
үш
жетінші
алтау
жиырма бес
|
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Кім? Кімдер? Не? Нелер?
|
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Не істеді? Не қылды? Қайтті?
|
Заттың сынын, түрін, түсін білдіреді. Қандай? Қай?
|
Заттың санын, ретін білдіреді. Қанша? Неше? Нешінші?
|
М: Балалар біздер бастауыш сыныпта сөз таптарының негізгі: зат есім, етістік, сын есім, сан есімді жақсы танып білдік. Қазақ тілінде негізінзе 8 сөз табы бар. Олар:
Зат есім. Кім? Не?
Етістік. Не сітеді? Қайтті?
Сын есім. Қандай? Қай?
Сан есім. Қанша? Неше? Нешінші?
Есімдік. Мен, сен, ол, кім. өзі, біз, т.б.
Үстеу. Қашан? Қайда? Қалай?
Шылау. Да, де, та, те, т.б.
Одағай. Бәрекелді, япырмай.
М: Міне, біз бүгіннен бастап 8 сөз табына жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз. Олар: есімдік, үстеу, шылау, одағай. Яғни біздер сөз таптарының беретін мағынасын, қандай сұраққа жауап беретіндігін тұлғасына қарай, құрамына қарай, іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай бірнеше түрлерге бөлінетіндігімен танысатын боламыз.
Балалар, ендеше оқулықпен жұмыс жүргізелік. Оқулықтағы 2-жаттығуды орындайық. Берілгенін оқиық.
О: Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.
Үш ішік тыстадым,
Үш үскі ұштадым.
Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта. (жаттығу тақтада орындалады). Зат есім: не? Ішік, үскі. Сан есім: неше? Үш, үш. Етістік: не істеді? Тыстадым, ұштадым.
М: Ішік дегеніміз не?
О: Қой терісінен тігілген тон.
М: Үскі дегенімз не?
– Үскі деп – былғарыны, ағашты т.б. заттарды тесетін іші қуыс бізді айтамыз.
3-жаттығу: Мәтінді оқыту. Мәтіннің бастапқыбөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талдау жаса.
Ребус шешу
Суреттермен жұмыс жасау.
4-жаттығу: Осы сурет арқылы Берілген зат есімдерді сын есім, сан есім, етістіктермен тіркестіріп жазу.
5-жаттығу: Жұмбақты оқып, шешуін тап.
М: Шешуі не?
О: Шіл.
М: Шіл қандай құс?
О: Шіл – жыл құсына жатпайды. Таулы жазық беткейлі жерлерде мекендейді.
ІV. Сабақты бекіту.
3. «Ой толғау» кезеңінде тестік тапсырмалар үлестіремін.
Қорытынды:
М: Сонымен балалар, заттың нелері болды?
О: Заттың аты, сыны, саны, қимылы.
М: Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
О: Сөз таптары.
М: Ендеше сөз таптарын атайық.
О: Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай.
Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: Үйде 6-жаттығудағы керісінше сөзжұмбаққа сұрақтар жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |