Сабақтың тақырыбы «Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/4
Дата11.02.2020
өлшемі0,62 Mb.
#57633
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
хххх



Сынып: 1

Пәні: сауат ашу

Мұғалім: Сексенбаева Ақерке Құлдықбиқызы



Сабақтың тақырыбы

«Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.9.1 Әріптерді таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Оқыту мақсаты

Х дыбысы мен әрпін ажырата алады, әріпті дыбыспен сәйкестендіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар орындай алады:

«Х» дыбысы мен әрпімен танысады;



Көпшілік оқушылар орындай алады.

«Х» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында келетіндігін үйренеді; Хат сөзіне дыбыстық талдау жасайды.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасайды.



Тілдік мақсаттар

Хат, хайуан, хайуанат, хабар, халат, шахмат, ұстахана, шеберхана.

Бағалау критерийлері

-Әріпті таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді.

-сөз құрамындағы әріптің орнын анықтайды.

-әріпті қатыстырып сөз құрайды.


Дескрипторлары

-әріпті таниды;

-әріпті ажыратады;

-әріпті дыбыспен сәйкестендіреді;

-сөз құрамындағы әріптің орнын анықтайды;

-сөйлем құрайды.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Аудиотыңдалым,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)


Психологиялық ахуал:

Қоңырау соғылады.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Топқа бөлу: «Мозайка»

Нәтижесінде «Асхана», «Хоккей», «Шахмат» топтары анықталады.Топ атауларын буынға бөлу, сөз құрамында «Х» дыбысының қай жерде келетінін анықтау, сөздерге дыбыстық талдау жасау ұсынылады.


Саралау тапсырмасы:

А) Х дыбысының орнын айтады;

В) Сөздерді буынға бөледі;

С) Дыбыстық талдау жасайды.




ҚБ «Үш шапалақ»

Дескрипторлары:

-сөздерді буынға бөледі;

-сөз құрамындағы «Х» дыбысының орнын анықтайды;

-дыбыстық талдау жасайды.


Мозайкалар, топ атаулары жазылған парақшалар.









«Үш шапалақ»

Оқулық


Һttps://www.

Google.kz

Суреттер топтамасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет