Сабақтың тақырыбы: Халықаралық интернетсіз күн Мақсаты



бет2/5
Дата09.01.2022
өлшемі19,57 Kb.
#110475
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Интернетсіз бір күн

ІІІ. Топтық жұмыс.

- І –ші топ ғаламтордың пайдасы туралы айтады.

- ІІ–ші топ ғаламтордың зияны туралы айтады.



ІV. «Алтын қағида» ережесі «сен есіңе сақтап ал»

V. Қорытынды

Тәрбие сағатының барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»

ІІ. Кіріспе

Мұғалім: ғаламтор туралы кіріспе

Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.

Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет