ІІІ. Топтық жұмыс.
- І –ші топ ғаламтордың пайдасы туралы айтады.
- ІІ–ші топ ғаламтордың зияны туралы айтады.
«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық – коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Интернет мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 – 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 – 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.
Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан – жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе – көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана – сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
— Қаржылық операциялар жасауға;
— «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |