Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#86862
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
10-11 сабақтар 11 сынып Қазтарих 1-тоқсан


1-тоқсан

19.10.2020ж 10-11-ші сабақтар.
І-бөлім. ӨРКЕНИЕТ:ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ІІІ-тарау: Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Сабақтың тақырыбы:

ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін «экономикалық жүйе», «дәстүрлі (аграрлы) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» ұғымдарын пайдалану;
ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау.

Сабақтың барысы.
Қысқаша конспект.

Балалар! Параграфтағы «Қазақстан отар болып келді, отар болып қала берді» деген Смағұл Сәдуақасовтың пікіріне қатысты қандай ой айтар едіңдер?
ХХ ғасырда қазақтардың ұлттық экономикасы мен дәстүрлі шаруашылығы толығымен күйреді. Қазақстан жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде Ресей метрополиясының шикізат базасына айналды. Қазақ жерінде алдымен патшалық Ресейдің отарлау саясаты, одан кейін кеңестік социализм үстемдік етті. Мемлекеттіліктің біртұтастығы жойылып, қазақтар барлық саяси құқықтарынан айырылды. Елдің экономикасы алдымен Ресей метрополиясына, одан кейін Кеңес мемлекетінің мүддесіне орай дамыды.
Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы негізгі кезеңдері мен басты оқиғалары –өлкенің отарлануы, 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциялары, Азамат соғысы, жаңа экономикалық саясат, индустрияландыру, ауылшаруашылығын күштеп ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тың және тыңайған жерлерді игеру, шаруашылық реформалар, «тоқырау жылдары», «қайта құру» саясаты болып табылады. Аталған тарихи оқиғаларды талдау қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі мен кеңестік биліктің экономикалық салада жүргізілген шараларының қасіретті зардаптарын көрсетеді.
Қазақстан неліктен Ресейдің шикізат базасына айналғанын талдайық. Ол ең алдымен қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі шаруашылықтың күйреуінен көрініп еді. Қазақ даласында өмір сүру жағдайы айтарлықтай күрделене түсті. Қазақстан Ресей экономикасы үшін шикізат базасы мен өнімін өткізу нарығы және отаршылдық саясат жүргізу аймағына айналды. Өлкенің экономикасы бастапқыда Ресей империясының, кейіннен оның заңды мұргері болып табылатын кеңестік биліктің мүддесіне сай құрылды.



Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:
Негіздеу.


«IDEAL» тәсілін қолдану.

Дәлелдер келтіру.


Мысал келтіріңдер.


Негіздеу мен сипаттау.

Салыстыру.

«БББ» кестесін толтыру.


Талдау.


Картамен жұмыс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет