Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері



бет45/48
Дата03.04.2023
өлшемі3,75 Mb.
#173589
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
382 Т бұйрық 10 сынып Қаз т.-ІІІ тоқсан111

1-тапсырма Ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы барысындағы кем дегенде 3 маңызды оқиғаны анықтаңыз.
ЕБҚ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;
2-тапсырма
Осы мәліметтер арқылы Ұлт көшбасшы Н. Назарбаевтің тұлғасына қандай баға бересіз?
Неліктен?
Кофи Аннан, БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы (1997-2006жж.):
«Қазақстан- өзге де ТМД елдерімен салыстырғанда ерекше мемлекет. Онда тұрақтылық, бейбітшілік және экономикалық өсім бар. 1991 жылы Президент Назарбаевтың бастамасымен, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанда, біз Назарбаевтың осы бір бастамасына қайран қалған болатынбыз. Өйткені БҰҰ әлем елдерін ядродан бас тартуға үндеп келе жатқанына 60 жылдан асты. Бірақ нәтиже жоқ еді. Мұның бәрі Президент Назарбаевтың еңбегі».
Барак Обама, АҚШ-тың бұрынғы президенті:
«Президент Назарбаев әлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз әлем» жобасы- әлем көшбасшыларын таң қалдырған жоба болды. Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, әлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы – қазақстандықтар әлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне ие болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанды әлемдегі ең тұрақты мемлекетке айналдырды».
Владимир Путин, Ресей президенті:
«Нұрсұлтан Әбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Менің таң қалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен – ол өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Н.Әбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда – сентименталды адам бола алады. Ол ұқыпты әрі әділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға»
Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін қабылданған стратегиялар мен бағдарламалардың ел дамуында маңыздылығы жоғары болғандығы жөнінде ақпарат беру. Ең алғаш қабылданған «Қазақстан - 2030» стратегиясының басым бағыттарымен таныстырып өту.Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1997 жылы ең алғашқы «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасы(“Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты Қазақстан халқына Жолдауы) жарияланды.
ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;
3-тапсырма
Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеуге бағытталған тапсырма беру..
Стратериялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып, төменде берілген кестені толтырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет