Жаңа сабақ
|
Мәтінмен жұмыс
Ақпараттық кесте
Индустриалды қоғамның дамуы
|
Еуропа мен Солтүстік Американың капиталистік елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында сапалы өзгерістер болып өтті. ХХ ғ. басынан бастап екінші өнеркәсіп төңкерісі жүре бастады
|
Жаратылыстану саласындағы төңкерістер.
|
ХХ ғ. басында қоғамдық дамуға ғылым мен техниканың зор ықпалы болды. Осы уақытта ірі ғылыми жаңалықтар ашылып, қоршаған орта туралы қалыптасқан түсініктерді қайта қарастыруға тура келді, бұны жаратылыстанудағы төңкеріс деп атады.
|
Жаңа техника мен жаңа технология
|
Ғылыми ойдың жетістіктері жаңа техника мен жаңа технологиялардың қарқынды дамуына жол ашты. Алдыңғы қатарға электроэнергетика, машина жасау, металлургия, тау-кен ісі, химия өнеркәсібі мен транспорт шықты.
|
1-тапсырма. Жаратылыстану саласындағы жаңалықтарға байланысты төмендегі кестені толтырыңдар;
ғалым
|
ашқан жаңалығы
|
Дж. Томсон
|
|
Мария Кюри
|
|
М.Планк
|
|
Э. Резерфорд
|
|
А.Эйнштейн
|
|
2-тапсырма. Дәптерге түсіндірме сөздікті орындаңдар; индустриалды өркениет, пәнаралық ғылымдар, биофизика,геофизика, электрохимия, фотохимия, биохимия және химиялық фармакология, техника мен технология, екінші өнеркәсіптік революция.
3-тапсырма. «Тарихи диктант» ХХ ғасырдың басында А.Г. Белл ойлап тапқан үнемі жетілдіріп отырылды. Ағайынды Люмерлердің жасаған бұйымдары қолданысқа енді. Германияда алғашқы іске қосылды.Лондонда, Будапеште,Парижде жерасты теміржолы-пайда болды.
|
Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Дескриптор:
-капиталистік елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында сапалы өзгерістерді анықтайды;
- қоғамдық дамуға ғылым мен техниканың әсеріне талдау жасайды;
|