Сабақтың тақырыбы: хүіі-хүііі ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес. Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата05.06.2017
өлшемі0,95 Mb.
#18003
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес.

Сабақтың мақсаты:


  • Жоңғар мемлекетінің құрылуынан бастап олардың жүргізген басқыншылық саясаты, қазақ жеріне басып кірудегі мақсаты, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Аңырақай шайқасының» тарихын толығымен баяндау.

  • Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.

  • Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.»

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: СТО стратегиясының элементтері, сұрақ-жауап.

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Жоңғар», «Қалмақ» сөздері айтылғанда ойымызға не оралады?

  • Олар туралы не білеміз?

  • «Елім-ай» әнінің тарихын білеміз бе?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы

  2. Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты

  3. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.

  4. Қарақұмдағы құрылтай

  5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».

  6. Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі

  7. 1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас

  8. Аңырақай шайқасы

Сабақты бекіту:

      1. 7-8 және 10 сыныптарда жоңғар шапқыншылығы туралы оқығандарыңды естеріңе түсіріңдер.

      2. Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?

      3. Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле

      4. Қарақұмда өткен құрылтайда қандай мәселе шешілді?

      5. Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?

11-сынып Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: 1931-33 жылдардағы ашаршылық

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық себептері, зардаптары,апат тұсындағы қазақ зиялыларының қимыл қозғалысы, ашаршылық трагедиясы және демографиялық саясат туралы мәлімет беру

2.Оқушылардың жаңа зерттеулер турасында дүниетанымын дамыту

3.Оқушының отан тарихын зерттеуге белсенділік іс-әрекетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Көрнекілік:Қазақстан картасы,сызба

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру

Оқытудың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,ой толғау.



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсмырмасын сұрау

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру

III.Жаңа сабақ

Аштық трагедиясы,әкімшіл-әміршіл террор

1925 жылы тамыз 1933 қаңтар Ф.Голощекин билігі (І.Құрамысов, С.Голодов,Е. Ерназаров)

Аштық себебі:Сталиннің басшылығымен колхоздағы жеке қожалықтағы астық түгелімен алынды.Валюта үшін шетелге астық сату шектен тыс арттырылды.

1931-32 ж. қуаңшылық.1932 жылы ( мешін жылының апаты).1932 жыл 7 тамыз Сталиндік заң.Халықтың өнеркәсіп орындарына ағылуы.Көрші республика мен шетелдерге көшіп кетуі.Қазақстанның ашаршылықтан жаппай қырғынға ұшырағаны 51 аудан.

Голощекиндік геноцид саясаты.

Ашаршылық тұсындағы қазақ зиялылары

1932 жыл 28 қыркүйек,1933 жыл 9 наурыз Тұрар Рұсқұловтың Сталинге хаттары

1932 жыл 4 шілде «Бесеудің хаты» Ғ.Мүсірепов,М.Ғатауллин,М.Дәулетқалиев,Е.Алтынбеков,Қ.Қуанышев

Демографиялық жағдай және ашаршылық.

1897 жылы Ресей империясы жүргізген санақ-4 млн 84 мың

1926 жыл-6 млн 62 мың 910 адам

1930 жыл-4 млн 120 мың

1931-33 жылдары аурудан 7 % - 250 мың адам

2 млн 200 мың халықтың 51%

Көрші республикаға көшіп кету 1 млн-нан → 616 мың келмеске кетті

414 мың оралды



Сабақты бекіту:жұптық жұмыс ой толғау жазу

Аштықтың себептері:

Бағалау

Үйге тапсырма:1931-33 жыллдардағы ашаршылық деген тақырыпта реферат дайындау



Қорытындылау: 31 мамыр – Ұлы Нәубет құрбандарын еске алу күні

11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары

Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары: хандар, билер, батырлар, олардың өмірі мен ерлігі туралы айта отырып, патриотизмге, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: СТО элементтері

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?

  • Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле

  • Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?

  • Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

        1. Хандар

    • Тәуке хан (1680-1715/18 жж.).

    • Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.)

    • Абылай хан (1711-1781 жж.)

        1. Батырлар

      • Қанжығалы Бөгембай Ақшаұлы (1680-1778 жж.)

      • Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1691-1769 жж.)

      • Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781 жж.)

3. Билер

  • Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж.)

  • Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765 жж.)

  • Әйтеке би Бәйбекұлы (1682-1766 жж.)

Сабақты бекіту:

  1. Тәукенің хан ретінде қандай ерекше қызметін, ал адам ретінде қандай жақсы қасиеттерін танып білдіңдер?

  2. Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қосу жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.

  3. Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?

  4. Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.

  5. Тарихта Қабанбай мен Бөгенбайдың батырлығы ерекше аталады, осыны дәлелдейтін нақты мысалдар келтіріңдер.

  6. Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §2. тестпен жұмыс.



11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық

қозғалысы (ХҮІІІ-ХХ ғғ.)

Сабақтың мақсаты:



  • Ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқтала отырып, отансүйгіш, білгір азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: Баяндау, Венн диаграммасы

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қос жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.

  2. Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?

  3. Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.

  4. Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері

      2. Ұлт азаттық қозғалыстың кезеңдері

        1. кезең. Ешім, Абылай, Дәулеткерей.

        2. кезең. Қазақ елінің оңтүстігі-Жетісу, сыр бойы жоңғарларға, Қоқан, Хиуа хандықтарына тәуелді болды.

        3. кезең. Әбілхайыр ханның Кіші жүздің бір бөлігімен Ресей қоластына өтуінен басталады.

        4. кезең. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы.

        5. кезең. Кенесары хан

        6. кезең. 1916-17 көтерілістер

        7. кезең. Ақпан төңкерісі, ұжымдастыру саясаты

Сабақты бекіту:

  • ХҮІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстарды атап, қамтыған аймағын картадан көрсетіңдер

  • ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстарды бір-бірімен салыстыпы, олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.

  • Академик М.Қозыбев ұлт-азаттық қозғалыстарды қандай кезеңдерге бөледі? Ол кезеңдердің бір-бірінен өзгешеліктері бар ма, болса атап көрсетіңдер.

  • Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістердің патша өкіметі тұсында да, Кеңес өкіметі кезінде де бола беруі неліктен?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3. Осы тақырыпта «эссе» жазу



11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §4. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж.)

Сабақтың мақсаты:


  • Көтерілістің себептері, қозғаушы күші, басталуы, жеңілу себебі мен арихи маңызын аша отырып, ұлттық рухтағы тарихи санасы қалыптасқан, жеке тұлға тәбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:Сырымның суреті, карта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХҮІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстарды атап, қамтыған аймағын картадан көрсетіңдер

  • ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстарды бір-бірімен салыстыпы, олардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.

  • Академик М.Қозыбев ұлт-азаттық қозғалыстарды қандай кезеңдерге бөледі? Ол кезеңдердің бір-бірінен өзгешеліктері бар ма, болса атап көрсетіңдер.

  • Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістердің патша өкіметі тұсында да, Кеңес өкіметі кезінде де бола беруі неліктен?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Көтерілістің себептері мен қозғаушы күштері.

  • «Патша өкіметі тарпып алған жерлеріңді, өзен-суларыңды, жайылымдарыңды түгел қайтарамын, нан, тұзбен қарық қыламын...»

  • Байбақты руының старшины, батыр Сырым Датұлы

      1. Көтерілістің басталуы

      2. Кіші жүздің ішкі жағдайы, оның көтеріліске әсері

      3. Көтерілістің жаңа кезеңі

      4. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Себебі

Сылтауы

Мақсаты

Уақыты

Қозғаушы

күші


Кеңістігі

Барысы

Нәтижесі

Тарихи маңызы




























Сабақты бекіту:

  • Отаршылдыққа қарсы Кіші жүз қазақтарының наразылығы қашан басталды?

  • Е. И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қашан болды? Оған қазақтар неліктен қатысты?

  • Сырым Датұлы бастаған көтерілістің негізгі себептері мен қозғаушы күштерін ашып көрсетіңдер

  • Көтеріліске қатысушылар арасында неліктен жік туа берді?

  • Көтерілістің жеңілу себептерін талдап көрсетіңдер

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 4. «Старшиндардың императрица ІІ Екатеринаға өтініші» оқып келу.



11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

Көтерілістің алғышарттары мен себебін, салдарын, кеңістігін, барысын, қозғаушы күшін, нәжижесін, жеңілу себебін, тарихи маңызын аша отырып, жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, интерактивті

Көрнекілік:сурет

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Отаршылдыққа қарсы Кіші жүз қазақтарының наразылығы қашан басталды?

  • Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыстың маңызы қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Көтерілістің алғышарттары мен себептері

  • Жәңгір ханның сұлтандық атағы жоқ қайын атасы Қарауылқожа Бабажановтың озбырлығы қарапайым халықтың ашу-ызасын келтірді.

      1. Көтерілістің басталуы және барысы

      2. Көтерілсітің жеңілу себептері , тарихи маңызы

    • Тастөбе шайқасы

Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс



Себебі

Сылтауы

Мақсаты

Уақыты

Қозғаушы

күші


Кеңістігі

Барысы

Нәтижесі

Тарихи маңызы


























Сабақты бекіту:



  • ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар деген тақырыпта хронологиялық кесте сызып, оны осы сабақтан бастап толтыруға кірісіңдер.

  • Көтеріліс қамтыған аумақты, басты-басты шайқас болған тарихи орындарды картадан тауып көрсетіңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §5 тест



11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Сабақтың мақсаты:

Бүкіл қазақстанды қамтыған К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себебі, салдары, барысы, нәтижесі жайлы оқушыларға егжей-тегжейлі баяндау;



  • Белсенділігін арттырып, білімін жетілідіру;

  • Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, Кенесарының суреті, сызбалар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар деген тақырыпта хронологиялық кесте сызып, оны осы сабақтан бастап толтыруға кірісіңдер.

  • Көтеріліс қамтыған аумақты, басты-басты шайқас болған тарихи орындарды картадан тауып көрсетіңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Патша өкіметінің Орта жүзде жүргізген реформаларына наразылық. Қозғалыстың алғышарттары

      2. Ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты, себептері, сипаты, қозғаушы күштері

      3. Кенесары Қасымұлы-саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт-азаттық қозғалыстың қолбасшысы.

      4. Көтерілістің басталуы және етек алуы.

      5. Көтерілістің негізгі оқиғалары

      6. Кенесарының хан сайлануы және мемлекетінің өзіндік ерекшеліктері

      7. Патша өкіметінің көтерілісті тұншықтыруға жасаған әрекеттері

      8. Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс




Себебі

Сылтауы

Мақсаты

Уақыты

Қозғаушы

күші


Кеңістігі

Барысы

Нәтижесі

Тарихи маңызы


























Сабақты бекіту:

  • Каратадан Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қамтыған аймақтар мен шайқас болған тарихи орындарды көрсетіңдер.

  • 1825-1847 жылдары Қазақстанда болған қозғалыстардың себептері мен сипаты қандай? Қозғаушы күштері кімдер?

  • Қозғалыс қандай бөліктерден тұрды және оны кімдер басқарды?

  • Кенесары хандығының мемлекеттік ерекшеліктері қандай?

  • 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың жеңілуінің басты себептері қандай?

  • 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың қазіргі тәуелсіз Қазақстанға қандай қатысы бар?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §6-7



11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

Сабақтың мақсаты:

Орал, Торғай, Маңғыстау облыстарында болған 1868-1870 жылдардағы көтерілістің мәнін ашу;

Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;

Ұлтжанды, елін, жерін сүйетін адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта , суреттер, сызба, т.б.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгендеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс қашан, қай жерлерде болды Осы көтерілістің негізгі себептері қандай

Каратадан Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қамтыған аймақтар мен шайқас болған тарихи орындарды көрсетіңдер.

1825-1847 жылдары Қазақстанда болған қозғалыстардың себептері мен сипаты қандай? Қозғаушы күштері кімдер?

Қозғалыс қандай бөліктерден тұрды және оны кімдер басқарды?

Кенесары хандығының мемлекеттік ерекшеліктері қандай?

1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың жеңілуінің басты себептері қандай?

1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың қазіргі тәуелсіз Қазақстанға қандай қатысы бар?

Жаңа сабақтың жоспары:

1868-1869 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер

1870 жылы Маңғыстаудағы көтеріліс

ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жалғасуы

ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы және

ХХ ғасырдың баындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

Себебі

Сылтауы

Мақсаты

Уақыты

Қозғаушы

күші


Кеңістігі

Барысы

Нәтижесі

Тарихи маңызы


























Сабақты бекіту:

Картадан ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы және ХХ ғасыр басында болған ұлт-азаттық қозғалыстар қамтыған аймақтарды көрсетіңдер.

«ХІХ ғасырда болған ұлт-азаттық қозғалыстар» деген кесте сызып толтырыңдар

Орал, Торғай облыстарында болған көтерілістердің негізгі қозғаушы күштері кімдер және олардың жңілу себептері неде?

Олардың арасында қандай алауыздықтар болды?

Маңғыстаудағы көтерілістің қандай ерекшеліктері бар еді?


Бағалау:

Үйге тапсырма: §8



11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:


  • өтілген матераилдарды қайталай отырып, алған білімдерін пысықтау, орнықтыру;

  • Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;

  • Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілік: карта , суреттер, сызба, т.б.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

І.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:

1.Диаспорология нені зерттейді? Ирредента деген не?Қазақ диаспорасы деген термин нені білдіреді?

2.Қазақ халқының бір бөлігін шекарадан асып кетуге мәжбүр еткен негігі себептер қандай?

3.Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы қашан және қандай мақсатпен шақырылды?

4.Қазақтардың Дүниежүзілік ассоциациясы немен айналысады?

5.Қазақ диаспорасының көрнекті өкілдері.

6. 1997ж.құрылған «Көші-қон және демография агенттігі»құрылды.

7. 1995ж. ҚР-да тұратын «шетел азматтарының құқықтары туралы» Заң шықты.

Қорытынды:

Диаспорология-бұл ХХғ. Соңынан бастап дамыған тарих ғылымындағы келешегі зор бағыттардың бірі. Қазақ диаспорасының қалыптасуы ХҮІІІғасырдан бастап республика аумағында және шекаралас жатқан жерлерде жүргізілген саяси іс-әрекеттерге тікелей байланысты болған.

Қазақ диаспорасының тарихын мемлекеттік деңгейде және Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы аясында зерттеу мен оның мәселелерін талқыға салу қазақ халқының бұдан былайғы бірігуіне септігін тигізеді.
Үйге тапсырма: Қосымша деректерді пайдаланып,қазақ диаспорасының көрнекті өкілдері туралы баяндама әзірлеу.
Жаңа сабақтың жоспары:


      1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

      2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары

      3. Қазақстардың Ресей Империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы

      4. Сырым датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

      5. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс

      6. Кенесары Қасымұлы басғана ұлт-азаттық көтеріліс.

Сабақты бекіту:



Көтерілістер



Себебі

Сылтауы

Мақсаты

Уақыты

Қозғаушы

күші


Кеңістігі

Барысы

Нәтижесі

Тарихи маңызы

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс




























Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс



























Кенесары бастаған көтеріліс



























Жанқожа батыр бастаған көтеріліс



























  • «Иә-Жоқ»

  • Бетпе-бет

  • Эрудит

  • Топтастыру

  • Ішіне-сыртына

  • Мұны әркім білу тиіс

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: І тоқсан материалдарын қайталау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет