Сабақтың тақырыбы: Химия -заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы



бет2/17
Дата25.08.2017
өлшемі3,39 Mb.
#27441
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

3 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды бөлу әдістері


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Зат туралы ұғымды қалыптастыру арқылы оның дене ұғымынан айырмашылығы туралы түсінік алады. Заттарды бөлу әдістерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Заттардың физикалық қасиеттері туралы, таза заттар және қоспалардың анықтамасын біледі. Біртекті және әртекті қоспаларды бөлудің әдістерін түсінеді.

Біртекті және әртекті қоспалардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.



Негізгі идеялар

Таза заттар бір ғана заттың бөлшектерінен ал қоспалар екі не оданда көп заттардан тұрады. Суда ерімейтін әртекті қоспалар тұндыру арқылы бөлінеді, ал суда еритін заттардан тұратын біртекті қоспалар қайта кристалдану немесе айдау арқылы бөлінеді.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, 8 сынып электронды оқулық.



Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

«Химиялық диктант» , жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.

Кіріспе бөлім

а)Оқушылардан «химиялық диктантты» орындауға нұсқау беріледі.

1.Физика пәні денелерді қарастырса, химия сол денелерді құрайтын заттарды .... (зерттейді)

2.Заттар дегеніміз- .... құраушылар (денелерді)

3.Таныс емес заттың .... білмей тұрып .... татып көруге, ... иіскеуге, .... ұстауға болмайды. (қасиетін, дәмін, иісін, қолмен)

4...... заттарды, олардың қасиеттерін, бір заттан екінші затқа айналуын және айналу кезінде жүретін құбылыстарды зерттейді.

(химия пәні)

5.Химия ғылым ретінде ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты. (ХІХ-ХХ)

ә)Құмшекер, шақпақ қант, құм мен ағаш үгінділерін көрсетіп, оқушыларға ой тастау.
Негізгі бөлім

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

ә)Тақырып бойынша берілген термин сөздермен жұмыс жасалады.

б)Оқушылар жеке дара мәтінмен танысып шығу тапсырылады.

в)Әр топқа мәтін бөлініп беріледі. (Көрсетілім№1 (1.1))

І-топ: Заттар және олардың қасиеттері

ІІ-топ:Таза заттар және қоспалар

ІІІ-топ: Заттарды бөлу әдістері

г)Эксперименттік бөлім

Топтарға Қоспаларды бөлу әдістеріне тәжірибе көрсету.



Қорытынды бөлім

Өтілген тақырып бойынша оқушылар жұптық жұмыс жасайды. 1.Мыналардың:ауа,оттек,теңіз суы,өзен құмы,мыс қайсысы таза зат,қайсысы заттың қоспа екенін көрсетіңдер .

2.Қоспалар мен химиялық заттар арасында берілген бір артық сөзді көрсет.

а)ауа,түтін,оттек,тұман

ә)Мұнай,спирт,су,ацетон

б)Өзен құмы,қант,темір кені, цемент

3.Сүзу тәсілімен ас тұзын ерітіндіден бөліп алуға бола ма?

4.Қайта кристалдану тәсілі деп неге аталғанын мысалмен түсіндір.

5.Айдау тәсілі неге негізделген?

Сабақ рефлексиясын жасайды.

Сабақтан кейінгі көңіл күйім.

Кейінгі тапсырма: Тақырып бойынша тест тапсырмаларын құрастыру (5 тест)

Үйге тапсырма беру: Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды бөлу әдістері


Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.

Оқушылар берілген тапсырманы жеке орындап шығады. Орындалған жұмысты дайын жауап арқылы тексеріп, өзін-өзі бағалайды. Толық орындаған оқушы жұмысын шапалақ ұру арқылы мадақтау.

ә)Оқушылар көрсетілген заттарға қарап өз ойларын айтады. Таза зат және қоспа ұғымары қалыптасады.

Оқушылар тақырыппен танысып шығады. Тақырып мазмұнын топтық талқылауға салады.

Топ атынан баяндамашы қорғайды, топ жұмысын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Көрсетілген тәжірибе бойынша оқушылар өз ойларын білдіреді.


Оқушылар жұптық жұмысты орындап, бүгінгі сабақтан не түсінгеніне анализ жасайды.

Жұптық жұмысты бір-біріне ауыстыра отырып бағалайды.

Бекітемін:

Мектеп басшысының

оқу ісі жөніндегі орынбасары------------------




Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

4 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

№2 Сарамандық жұмыс Ластанған ас тұзын тазарту


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Жұмысқа қажетті құрал- жабдықтар туралы және қауіпсіздік ережесі жөнінде біледі

Заттарды қоспадан бөлу және тазарту әдістерін ұғындыру



Күтілетін нәтиже

Қоспаны тазарту әдістерін қайталау арқылы сүзу, қайта кристалдау әрекеттерін орындай білуді үйренеді.

Негізгі идеялар

Қоспадан суда ерімтал заттарды бөлу

Құрал-жабдықтар:

сақиналы металл тұрғы, кәрлен табақша, шұқырақ, химиялық стакан, сүзгі қағаз, шыны таяқша, ластанған ас тұзы,су.



Сабақтың түрі

Сарамандық жұмыс

Әдіс-тәсілдер

Жеке жұмыс

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу

-Сыныпта жағымды ахуал туғызу

-сабақтың мақсатын айту

-Сабаққа дейінгі көңіл күйім (смайлик арқылы бақылау)


Кіріспе бөлім

Оқушылардан қоспалар туралы сұралады. Әртекті және біртекті қоспаны бөлу әдістері жөнінде сұралып өтеді.



Негізгі бөлім

Оқушыларға «ластанған ас тұзын тазарту» жолдарын айтады.



Жұмыстың мазмұны:

а) Ластанған ас тұзын еріту (тұздың құммен қоспасы)

Стақандағы ластанған тұзға 50 мл су құйыңдар. Еруді тездету үшін стақанның ішіндегісін шыны таяқшамен апаластырыңдар (абайлап, стақанның қабырғаоарына тигізбей). Тұз ерімесе, толық ерігенге дейін аздап су қосыңдар.



ә)Алынған ерітіндіні сүзіп тазарту

Сүзгі даярлау үшін ені құйғының диметрінен екі есе үлкен сүзгі қаағазды ортасынан екіге бүктеңдер, құйғыға салып өлшеп, құйғының шетіне 0,5см жетпей тұратындай етіп доға бойынша кесіңдер. Сүзгіні құйғыға жазып салып, ылғалдаңдар, құйғының бетіне тығыз жанасатындай етіп орналастырыңдар. Оның төменгі ұшы сүзілген ерітінді жиналатын стақанның ішкі қабырғасына тиіп тұратын болсын. Лайланған ерітіндіні сүзгіге шыны таяқша арқылы құйыңдар. Стақанға мөлдір сүзінді ағады.



б) Ерітіндіні суалту

Алынған сүзіндіні стақанға құйып, тұрғы сақинасына қойылған асбест торға орналастырыңдар. Әлсін-әлсін араластыра отырып, сүзіндіні толық суалғанша қыздырыңдар. Алынған тұзды бастапқысымен салыстырыңдар, қорытынды жасаңдар. (52-сурет)


Қорытынды бөлім




Тәжірибенің атауы, әрекеті

Бақылау нәтижелері

Қорытынды

схемасын толтыруға нұсқау береді.

Мына зертханалық ыдыстарды ата


Сабақ рефлексиясы

Сабақтан кейінгі көңіл күйім



Үйге тапсырма беру: Таза заттар мен қоспалар

Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді, сабаққа дейінгі көңіл күйін смайликтерді көтеру арқылы білдіреді.

Оқушылар қоспалар туралы білетіндерін ауызша, жазбаша (схемамен көрсетеді) түрде айтып өтеді.

Оқушылар «ластанған ас тұзын тазарту» жолдарымен танысады.

Қорытынды схемасын оқушылар жеке толтырады.

Толытырлған кестені әр оқушы жеке бағалап, бүгінгі сабаққа анализ жасайды.


Оқушылар сабақ рефлексиясын смайликтер арқылы көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет