Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.
|
Өтілген тақырыптарды еске түсіріп, қайталау.
Кейбір тұздардың суда ерігіштік графигімен жұмыс.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Таратпа қағаздар
Қосымша №1
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
|
1. 70 градус температурада ерігіштігі ең жоғары тұзды көрсетіңіз.
2. Натрий сульфаты бөлме температурасында (22 градус) аса қаныққан ерітіндісін дайындауда, 100 грамм суға қанша грамм тұзды еріту қажет?
3. Калий нитратының қаныққан ерітіндісін дайындау үшін, 80 грамм тұзды 100 грамм суда ерітсек температурасы қаншаға тең?
4. Барий нитратының қаныққан ерітіндісінде 100 грамм суда, 40 градустан 90 градус аралығындағы тұздың массасы қанша грамм?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
|