Сабақтың тақырыбы: хлор 9- сынып Химия пәні мұғалімі: Садыкбекова Л. А



Дата21.01.2023
өлшемі8,17 Mb.
#166010
түріСабақ
Байланысты:
2-сабақ. Хлор


Сабақтың тақырыбы: ХЛОР
9- сынып

Химия пәні мұғалімі: Садыкбекова Л.А.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№89 мектеп-лицейі» КММ
  • 9.2.1.9 хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі
  • хлордың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын сипаттайды;
  • өндірісте және зертханада хлорды алу жолдары мен хлордың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтайды;
  • хлорды алу жолдарын және қолданылуын сипаттайды.

Оқу мақсаты
Бағалау критерийлері

Хлордың ашылуы 1774 жылы Швед ғалымы К. Шееле хлорды алғаш рет алды. Ол бұл затты күрделі затқа санап, «флогистиндірілмеген» тұз қышқылы деп атады. 1807 жылы ағылшын химигі Гемфри Дэви дәл осы газды алды. Ол бұл элементті «хлорин» деп атады. Мағынасы «хлорос» - сары-жасыл деген мағынаны білдіреді. 1812 жылы Гей-Люссак газға хлор деген атау берді.


Хлордың сипаттамасы
Менделеев кестесінің VІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 17, атомдық массасы 35,5; галогендер тобына жатады. Молекуласы екі атомнан (Cl2) тұрады; 

Хлор молекуласының құрылысы


Хлордың физикалық қасиеттері
ХЛОР
тұншық тырғыш улы газ.
ауадан 2,5 еседей ауыр
сарғыш-жасыл түсті
тығыздығы-3,214;
t0балқу = -1010С;
t0қайнау = -33,970С.
Өндірісте хлорды ас тұзының ерітіндісі мен балқымасын электролиздеу әдісімен алады:
2NaCl → 2 Na + Cl2↑
Зертханада марганец диоксиді (қыздырып), калий перманганаты КMnO4 немесе КСІО3 (бертолле тұзы) концентрлі тұз қышқылымен әсер етіп алады:
MnO2 +4HCl = Cl2↑ + MnCl2 + 2H2O
2КMnO4 + 16HCl = 5Cl2↑ +2KCl +2MnCl2+8H2O
КclO3 + 6HCl = 3Cl2↑ +KCl +3H2O
Хлордың алынуы
Хлордың химиялық қасиеттері
Мыстың алдын ала қыздырылған ұнтақтары хлорда тұтанып, қоңыр түтін пайда болады:
Сu0 + Cl02 = Cu+2Cl-2
Сутек хлорда жанады:
H02 + Cl02 = 2H+Cl-↑
Хлор кремний мен фосформен әрекеттеседі:
Si0 +2Cl02 =Si+4Cl-4
2P0 + 5Cl02 = 2P+5Cl-5
Оттекпен, көміртекпен және азотпен хлор тікелей әрекеттеспейді.
Хлор сумен әрекеттесіп, орынбасу реакциясы жүреді:
2Cl02 +2H+2O2- = 4H+Cl- + O20 ↑
Хлор – күшті тотықтырғыш, сондықтан жоғары тотығу дәрежесіне жеткенге дейін тотығуға бейім элементтер кіретін күрделі заттармен оңай әрекеттеседі:
2Fe+2Cl-2 +Cl02 = 2Fe+3Cl-3
Хлордың химиялық қасиеттері
Құрғақ жерде хлор енжар келеді, ал азғана ылғалды ортада оның белсенділігі артады.
Хлор металдармен қосылып, тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
2Fe0 + 3Cl02 = 2Fe+3Cl-3
Хлордың қолданылуы
СІ
ХЛОР
1-тапсырма
Берілген сөйлемдерде қойылған көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.
Өнеркәсіпте ………… ас тұзының ерітіндісі мен балқымасын ………… арқылы алады.
Хлор металдармен, сутекпен және фосформен ………… ретінде әрекеттеседі.
Хлор сумен әрекеттескенде ………… және ………… түзіледі.

Дескриптор:__Хлордың_өнеркәсіпте_алынуын_көрсетеді._Хлордың_химиялық_қасиеттерін_анықтайды._Дұрыс_жауап'>Бекіту тапсырмасы
Дескриптор:
  • Хлордың өнеркәсіпте алынуын көрсетеді.
  • Хлордың химиялық қасиеттерін анықтайды.

Дұрыс жауап
Дескриптор:
  • Хлордың өнеркәсіпте алынуын көрсетеді.
  • Хлордың химиялық қасиеттерін анықтайды.

Өнеркәсіпте хлорды ас тұзының ерітіндісі мен балқымасын электролиздеу арқылы алады.
Хлор металдармен, сутекпен және фосформен тотықтырғыш ретінде әрекеттеседі.
Хлор сумен әрекеттескенде хлорсутек және оттек түзіледі.
Бекіту тапсырмасы
Дескриптор:
Айналымды жүзеге асырып, тиісті реакция теңдеулерін жазады.
Мына айналымды жүзеге асырып, тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз:
СІ2→НСІ→СuCl2→NaCl→AgCl
Дұрыс жауап
Дескриптор:
Айналымды жүзеге асырып, тиісті реакция теңдеулерін жазады.
1.Н2+СІ2 =2HCl
2. 2HCl + CuO = CuCl2 + H2O
3.CuCl2 + 2NaOH = Cu(OH)2 + 2NaCl
4.NaCl+AgNO3=AgCl +NaNO3
Қорытынды
  • хлордың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсіндім;
  • өндірісте және зертханада хлорды алу жолдарымен таныстым;
  • хлордың физикалық және химиялық қасиеттерін және хлорды алу жолдары мен қолданылуын білемін.

Қосымша ресурстар
М.Қ. Оспанова Қ.С. Аухадиева Т.Г. Белоусова
Химия оқулығы 9 сынып 2-бөлім
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет