Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ Сабақтың мақсаты



Дата24.05.2017
өлшемі38,59 Kb.
#17008
түріСабақ
БҚО Зеленов ауданы Махамбет ЖОББМ Койшыгулова Ш.К

Әдебиеттік оқу 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беру, әңгіменің мазмұнын жан - жақты ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын меңгерту;

2. Дамытушылық. Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын дамыту. Сөз саптауын жетілдіру;

3. Тәрбиелік. Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, талдау, модульдік оқыту технологиясы әдістері, СТО әдістері

Көрнекілігі: слайд

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру.

Ұжымдық психологиялық іс - әрекет.

«Тілектер бұрышы», мұнда оқушылар мұғалімнің бағыттауымен бүгінгі сабақта бір - біріне 1 - 1 сөйлемнен тілек айтады.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Серпілген сауал» өткен тақырыптарға сұрақтар қою.

1.Құрманбай Толыбаев қай жылы дүниеге келген?

2.Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

3.Жазушы таңғы сәулені қалай суреттеген?

4.Самал жел қай мезгілде, маусымда соғады екен?

5.Шық пен самал жел бір мезгілде болады ма?
3. Жаңа сабақ. Ой қозғау.

Оқушыларға Ы. Алтынсариннің портретін көрсетіп, сұрақтар қоямын.

1. Оқушылар, бұл кімнің портреті?

2. Бұл кісі жөнінде не білеміз?

3. Қандай танымал шығармалары бар?

Мағынаны тану кезеңі.

а) Оқушыларға слайд арқылы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматты көрсетемін.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.

1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.

Шығармалары:

Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»

Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.

Слайдтан бұлақтың дыбысы шығады.

ә) Мәтінмен жұмыс.

Оқушылардың өз бетімен жылдам әрі рольдерге бөліп мәнерлеп оқу жұмысын жүргізу.

Басты проблема – әңгіменің неліктен «Таза бұлақ» аталуы?

Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндап, түсіндіру. Слайд арқылы

Сөздік жұмысы.

Ғибрат алу – үлгі алу.

Топпен жұмыс.


1 - топқа тапсырма:

Мәтінге жоспар құрғызу.

1.Бұлақ басындағы үш жолаушы.

2.Тасқа жазылған жазу.

3.Бірінші жолаушының пікірі.

4.Екінші жолаушының пікірі.

5.Жас жігіттің сөзі.

6.Тастағы жазудың мәні

2-топқа тапсырма Зертте.

Әңгіменің тақырыбы не жайында?

Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңдар.


Берілген мақалдардың қайсысы мәтін тақырыбына, айтар ойына сәйкес келеді?
Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы сөз – жанның тынысы.


Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген.

Таза болсаң, судай бол, бәрін жуып кетірген.


Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.


Өмірмен байланыс.

«Біз қандай болуымыз керек?» Пікір алмасу.


Ой - толғаныс кезеңі.

«Су – тіршілік көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу.



4. Білімді бекіту.

«Бақытты сәт» ойыны.

1. Ыбырай Алтынсарин кім?

2. Ыбырайдың туған жері?

3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?

4. «Таза бұлақ» әңгімесінің тақырыбы?

5. Үш жолаушы бұлақ басынан нені байқады?

6. Әңгімедегі жолаушының қайсысының сөзі көңілге қонымды?

7. Әңгімеден қандай ой түйдің?

5. Үй тапсырмасы.

Әңгімені оқып, мазмұндау. “Сусыз өмір жоқ” тақырыбына сурет салу.


6. Бағалау смайлктер арқылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет