-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Идеал газ күйінің теңдеуі»
-Бүгінгі сабақты меңгерген соң, Идеал газ күйінің теңдеуін тұжырымдап, оны есептер шығаруда қолдана алатын боласыздар. Теориялық материал
Оқулықты ашындар: Физика, 10сынып Кронгарт Б.А., Қазақбаева Д.М.. §31, 178 бет Оқып, қысқаша конспект жазындар(2тапсырма)
Газдың қандай күйде тұратынын білу үшіноның термодинамикалық параметрлерін, яғни қысымды, температураны, көлемді білу қажет. Термопараметрлердің біреуінің өзгерісі, оның басқа параметрлерінің өзгеруіне әкеп соғады. Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады. , мұндағы R=k*NA=8,31ДжК*моль– универсал газ тұрақтысы деп аталады. Бұл теңдеу Менделеев–Клапейрон теңдеуі деп те аталынады.
Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып, қалған екеуінің арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын заңдарды газ заңдары деп атайды.
Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады.
k = 1.38·10-23Дж/К. (1.18)
Бұл коэффициент Больцман тұрақтысы деп аталады. Ол энергетикалық (Дж) өлшем бiрлiкпен анықталатын θ температураны, өлшем бiрлiгi Кельвинмен анықталатын, Т температурамен байланыстырады.
Молекулалық кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуi p қысым, V көлем және T температура арасында байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi. Бұндай байланысты жазатын өрнек күй теңдеуi деп аталады. Егер газ молекуласы концентрациясының өрнегiн n=N/V=mNA/VM түрiнде алса, онда p=nkT теңдiгiнен мынау шығады:
pV = mkNAT/M. (1.19)
Больцман тұрақтысының k Авогадро санына NA көбейтiндiсiн универсал газ тұрақтысы деп атап, R әрпiмен белгiлейдi:
R = k NA = 8.31·103Дж/(кмоль·К). (1.20)
Бұл енгiзiлген R тұрақтыны тағы да пайдаланып кез келген массасы m үшiн идеал газ күйiнiң теңдеуiн аламыз:
pV = mRT/M. (1.21)
Бұл Менделеев-Клапейронныңкүй теңдеуi деп аталады. Кейде бұл теңдеу алғашқы формасында қолданылады:
P1V1/T1= p2V2/T2= const, (1.22)
мұндағы 1 және 2 индекстерi газдың мүмкiн болатын кез келген екi күйiнiң параметрлерiне сәйкес.