Сабақтың тақырыбы: «Қимақ қағанаты (ІХғ.аяғы – ХІ ғ басы)»
Күні:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қимақ қағанатының тарихымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушының танымдық білімі мен білігін дамытудың қайнар көзі – түрік дүниесі тарихының даму ерекшеліктері және маңызын ашып көрсету;
Тәрбиелік: Түрік халықтарының шаруашылығы мен рухани мәдениетінің жаңа беттерін ашу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан тарихынан топтамалар
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын тексеру, түгендеу, сабаққа назарын аудару
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
-
Оғыз мемлекетіне тарихи анықтамалық құрастырыңдар
-
Оғыз мемлекетіне қатысты термин сөздер мағынасын ажыратыңдар
-
Мемлекеттің саяси тарихына қатысты хронологиялық кесте құрастыру
-
Оғыз тайпалары туралы мәлімет қалдырған ғұламалар және олардың тұжырымдары туралы не білесіңдер?
ҰБТ әлеміне саяхат:
-
Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші
-
965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды
-
Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан
-
Оғыздардағы тайпалар саны
-
Әл-Идриси “ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды”-деп қай тайпалар туралы жазған?
Мағынаны тану
Жоспар:
-
Қимақ тайпасының тайпалық құрамы, құрылуы
-
Қағанаттың қоғамдық құрылысы
-
Қағанаттың саяси тарихы
-
Шаруашылығы, қолөнері, мәдениеті
Негізгі мәлімет
Хронологиялық кесте толтыру
Мерзімі
|
Болған оқиғалар
|
ҮІІғ басы
|
Қимақтар Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеді
|
ҮІІғ ортасы
|
Алтайдың солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшті
|
766-840жж
|
Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөлге қоныстанды
|
840жж
|
Эймур, ланиказ, ажлар, баяндур,татар, имек, қыпшақ тайпалары қосылды
|
Хғ басы
|
Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алды
|
Хғ ІІ жартысы
|
Қарахандар шапқыншылығынан ыдырай бастады
|
Хғ
|
Ислам дінін қабылдады
|
Терминдермен жұмыс
Қаған – қимақ қағанатының билеушісінің титулы
Ябғу- қағаннан екі саты төмен атақ
Шад-түтік – жеке тайпа көсемдері
Қимақтар туралы деректер:
Парсы тарихшысы Гардизи: «Құрамында 7 тайпа болды, ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар», «Шаруалар өз мырзаларының малын бақты, қысқа арнап әрқайсысы өздерінің шама шарқына қарай қой, жылқы, сиыр етін сүрлеп алады»
Махмұд Қашқари: «Малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқтар қарапайым халықты жатақтар деп атаған.олар қолөнерді, балық аулауды кәсіп еткен»
Жазба деректер: «Қимақтар қамыс қаламмен жазған»
Ойтолғаныс
-
Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа
-
Х ғасырда Қимақтарда тараған дін
-
VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ
-
Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы
-
Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру:§6 32-35 беттерді оқу, ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерді қайталау
Достарыңызбен бөлісу: |