Ақпараттың берілуі.
Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық.
Мәтін түрінде берілетін ақпараттар мәтіндік ақпарат деп аталады. Мысалы, ертегі кітаптарындағы қиял-ғажайып ертегілер мәтіндері, өлең кітаптарындағы өлең жолдары және т.б.
Сан түрінде берілетін ақпараттар сандық ақпарат деп аталады. Мысалы, математикалық есептер, сағаттардағы уақыт мезгілдері және т.б.
График түрде берілетін ақпараттар графикалық ақпарат деп аталды. Мысалы, суреттер, фотографиялар, диаграммалар, гистограммалар және т.б.
Дыбыс түрінде берілетін ақпараттар дыбыстық ақпарат деп аталады. Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндіруі, теледидарда берілетін музыкалық хабарламалар, магнитофондағы әуендер және т.б.
Ақпараттық процесс – бұл ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және жеткізу процестері.
1-сурет.
Жаңа сабақты пысықтау:
Информатика дегеніміз не?
Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат алу дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
Ақпарттың берілу түрлері және оларға мысал келтір.
Бекіту.
Қорытынды.
Үй тапсырмасы: Дәрісті оқып келу
Достарыңызбен бөлісу: |