Күні: 06.02.17
Сынып: 7 А
Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Inkscape векторлық графикасының редакторымен таныстыру, Inkscape бағдарламасында жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрістерін, білім–білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақтылықа, жауапкершілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекілік: слайд, ДК, интернет желісі
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, электрондық оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс жасау, Activote құралымен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. (easyquizzy бағдарламасы арқылы үй тест жұмысын алу)
-
Компьютерлік графика дегеніміз не?
-
Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?
-
2D мен 3D қандай айырмашылығы бар?
-
Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?
-
Сығымдау дегеніміз не?
-
Графикалық файлдың «стандартты» пішімі?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Inkscape – тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өдеу редакторы. Интерфейстің параметрлері – тіл, құралдар батырмаларының өлшемдерін және т.б баптау ФайлInkscape баптауИнтерфейс бұйрығымен орындалады. Редкатор терезесі 9 элементтен тұрады:
-
Бас мәзір;
-
Құралдар параметрлері;
-
Құралдар панелі;
-
Таңбалау элементтері;
-
Жұмыс аймағы;
-
Бұйрықтар панелі;
-
Жабысу параметрлерінің панелі;
-
Түстер үлгілері – бояу палитрасы;
-
Қалып-күй жолы.
Inkscape-те жұмысты бастамас бұрын құжаттың қасиеттерін анықтау керек: өлшем, фон, бағыттауыштың параметрлері, торлар және т.б.
IV. Сабақты бекіту тапсырмалары:
-
Inkscape графикалық редакторын іске қосу.
-
Көк контуры бар жасыл тікбұрышты салаңдар:
-
Тікбұрыш құралын таңдаңдар.
-
Тінтіуірдің оң батырмасын басып, бояу палитрасында жасыл құю түсін таңдаңдар.
-
Тінтіуірдің сол батырмасын мен Shift батырмасын басып, жиектемені көк түсті етіп таңдаңдар.
-
Еркін тікбұрышты кенетпе созыңдар.
-
Кенетпенің сыртына сары контуры бар қызыл тікбұрышты салаңдар.
-
Суреттеріңді сынау деп сақтап, файл түрі Inkscape SVG.
-
Суретеріңді 1-сынау деп аталған бумада сақтаңдар, файл түрі – png. Inkscape-ті жылжытып, 1 – сынау. Png файлын кескіндерді көруге арналған программа арқылы көріңдер. Кенептің сыртындағы нысандардың сақталмайтынына назар аударыңдар.
-
Автосақтау параметрер тізімінде Сақтауды ерекшелеңдер;
-
Файл→ Баптау→ Inkscape → Интерфейс;
-
Параметрлер тізімінде Сақтауды ерекшелеңдер;
-
Автосақтауды қосу жалаушасын орнатыңдар;
-
Интервалы – 5 минут.
-
Парақты көлденең масштабына орнатыңдар: Түр →Масштаб. Айналдыру параметрлерін өзгертіңдер – тінтуір дөңгелекшесімен 100 пиксельге айналдырады.
-
Парақ масштабына айналдыру қадамын таңдаңдар.
-
Іс-әрекет тарихы (Түзету→ Іс-әрекеттер тарихы) сұхбатын ашып, барлық әрекеттерді қайталаңдар.
-
Өзгерістерді сақтамай, Inkscape – ті жабыңдар.
V. Қорытынды.
-
Құжаттың өлшемін қалай орнатады?
-
Бағыттауыштар мен тор не үшін қолданылады?
-
Inkscape құжаттарын қандай пішімдерде сақтау керек?
-
Қалай сақтау және Көшірмесін сақтау бұйрықтарының қандай айырмашылықтары бар?
-
Іс-әрекетті қайтаруды қалай жүзеге асырады?
VI. Бағалау.
Оқушыларды тапсырма орындауларына қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы.
§21 тақырыпты оқу, өзіңді тексер сұрақтарына жауап беру.
Рефлексия:
1. Мен бүгінгі сабақта не білдім.......
2. Маған қызықты болды........
3. Маған қиындық тудырған.......
4. Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын
5. Мені толғандырған.............
Достарыңызбен бөлісу: |