Сабақтың тақырыбы: Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: Gl, s және G2



Дата22.06.2023
өлшемі83,96 Kb.
#179113
түріСабақ
Байланысты:
Айдана


7Білім беру ұйымының атауы

Жеңіс жалпы орта білім беру мектебі

Пәні:

Биология

Бөлім:

Жасушалық цикл

Педагогтің аты-жөні:

Женсикбаева Айдана Сырлыбаевна

Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: Gl, S және G2.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.2.1 - жасуша айналымының интерфаза кезіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Жасушалық циклдың кезеңдеріне сипаттама беру.
Интерфаза сатыларымен , олардың арасындағы айырмашылықтарды сипаттау.

Бағалау критериі:

Жасушалық циклдің кезеңдеріне сипаттама беру;
Интерфаза кезеңдеріне сипаттама беру.
Интерфаза кезеңдері арасындағы айырмашылықты анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
5 мин
Өткен білімді еске түсіру
8 мин

Жаңа білім


20 мин

Бекіту
8мин


Кері байланыс
4 мин

Ұйымдастыру кезеңі:
“Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топ ережесін еске түсіру.


Топтастыру.
ЕББҚ оқушыны
(Сөйлеуінде кемістігі бар балаға) қолдау көрсетемін оқушылармен бірге топқа отырғызамын
Тапсырма 1.
G1 кезеңінде жүретін үдерістерді талдаңдар.


Жауабы: Бұл кезеңде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. G1фазасы аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді;
ДНҚ молекуласының редупликациялануы белгілі бір тәртіппен жүреді. Жаңа молекула абсолютті түрде ескі молекулаға ұқсас болады. Әр түрлі жасушалардағы ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей емес: бактерияларда бірнеше минут, ал сүтқоректілер жасушаларында 6—12 сағат;

Тапсырма 2.


Интерфазаның әрбір кезеңінде жүретін оқиғалардың эволюциялық мәнін бағалаңдар. Пікір алмасыңыздар.





"Геометриялық фигура" әдісі арқылы Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Геометриялық фигура арқылы оқушылар топқа бірігеді.
оқушыларды 3-топқа біріктіру.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.









Мейоз. Мейоз фазалары. Мейоз бен митозды салыстыру. Модельдеу «Митоз кезеңдерін зерттеу»
Мейоз – жасушалардың бөліну әдісі, нәтижесінде бір диплоидты аналық жасушадан төрт гаплоидты еншілес жасушалар пайда болады.
Мейоз бірінен кейін бірі жүретін екі түрлі бөлінуді қамтиды: редукциялық және эквациондық.
Мейоздың бірінші бөлінуі (мейоз I) хромосома жиынтығының азаюына ықпал етеді және бұл үдеріс редукциялық бөліну деп аталады. Ол төрт кезеңнен тұрады.
Профаза І. Хромосомалар спирализацияланады. Гомологиялық хромосомалар жұпптасып конъюгацияланады және бірдей бөліктермен алмасады. Кроссинговер жүреді. Хромосомалар қалыңдайды, ядролық мембрана ериді, бөліну ұршығы пайда болады.

Метафаза І. Гомологиялық хромосомалар жұптасып экваторды бойлай орналасады.
Анафаза І. Жасуша полюстеріне 2 хроматидтерден тұратын гомологиялық хромосомалар тартылады. Әр полюсте хромосомалар жиынтығы жасушадағы бастапқы санына қарағанда 2 есе аз. Редукция жүреді.
Телофаза І. Гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар 2 жасуша немесе 2 ядро пайда болады. Жасуша II бөлінуге кіріседі.
Мейоздың екінші бөлінуі (мейоз IІ) митозға ұқсайды және бұл үдеріс эквациондық бөліну деп аталады. Екінші бөліну кезінде жасушалардың гаплоидтылығы сақталады, өйткені жүретін үдерістер митоздағы үдерістерге ұқсайды. Еншілес жасушадағы хромосоманың саны өзгермейді.
Мейоз нәтижесінде пайда болған жасушалар хромосомалық жиынтықпен ерекшеленеді, бұл тірі ағзаның алуан түрлілігін қамтамасыз етеді.
Мейоздағы хромосоманың саны екі есе азаяды, бұл жыныстық көбею кезінде қажет. Ұрықтану үдерісі зиготада диплоидты хромосомалар жиынтығы қалпына келеді.
1. Мейоз кроссинговер (профаза I) және гомологты хромосомалардың тәуелсіз бөлінуі (анафаза I және II) арқасында комбинативті өзгергіштікті қалыптастырады.
2. Гаметадағы хромосома санының азаюына байланысты жаңа ағзаларда тұрақты диплоидты (2n) хромосома жиынтығы сақталады.
Митоз мен мейоздың айырмашылығы
1. Митоз профазасында гомологты хромосоманың конъюгациясы мен кроссинговері жүрмейді.
2. Хромосомалардың екі еселенуі жасушаның әр бөлінуіне сәйкес келеді. Митоз кезінде метафазада экваторды бойлай екі хроматидтен тұратын хромосомалар орналасады.
3. Митоз анафазасында полюстерге хроматидтер тартылады. Телофазада еншілес жасушалар хромосомасының саны аналық жасушаның хромосома санына тең.
4. Мейоз I профазасында гомологиялық хромосомалардың конъюгациясы мен кроссинговер жүреді. Хромосомалардың биваленттері түзіледі.
5. Мейоз I метафазасында экваторды бойлай хромосомалардың биваленттері орналасады.
6. Мейоз I анафазасында екі хроматидтен тұратын хромосомалар полюстерге бөлінеді.
7. Мейоз I телофазасында еншілес жасушадағы хромосоманың саны аналық жасушаға қарағанда екі есе аз.
8. Мейоздың I және II бөлімі арасында интерфазада ДНҚ синтезі болмайды. Мейоз диплоидты және полиплоидты жасушаларда жүзеге асады. Мейоз нәтижесінде бір жасушадан төрт гаплоидты жасуша түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет