Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала-әдепті бала Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі85,17 Kb.
#25863
Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала-әдепті бала

Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру; адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету;аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу; ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету. Сабақтың түрі: тәрбие сағаты Әдістері: сұрақ-жауап, тапсырмалар,өлең-тақпақтар, көрініс.
Көрнекілігі: 1. Сабақ мазмұнына сәйкес жасалған слайдтар.

Тәрбие сағатының өту барысы: Шаттық шеңбері
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)
Балалар шеңбер бойына жиналып Арасанбай Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.
Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың, 
Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да,
Тәңіріңдей табынғын.
І. Кіріспе.
Тәрбиеші тәрбие сағатын ашып, оқушылармен жалпы әдептілік жөнінде әңгіме өткізеді.

Дұрыс жүру, тұру, әдепті бола білу-ұсақ түйек емес.(А.С.Макаренко)

«Не деу керек» өлеңі тыңдалады:

1.Апаң сенің базардан 2. Балалар жүр көшеде

Алма сатып әперді Естіледі шу –айқай

Ең үлкенін жақсысын Сен де шықтың, көршіңді

Саған таңдап әперді Қағып кеттің байқамай

-Не деп барып жеу керек? -Мұндайда не деу керек?

-Рахмет деу керек. -Кешіріңіз деу керек.
3. Әжең сенің түскі асқа

Қант –кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

-Жөн еді не айтқаның

-Рұқсат па деу керек.



Тәрбиеші: Иә, балалар, сендер, сендердің аға-апаларың, тіпті біздер де әдептілік әліппесін үйде ата-анамыздан үйренсек, балабақша,мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, осы өлең жолдарынан үйренген болатынбыз. Әдеп-тәртіп деген сөз. Бұл-халықтық ұғым. Әдеп сақтаудың қоғамдық мәні бар. Әдеп сақтау-әдептілік, яғни, мінез-құлық пен адамгершілк қарым қатынастың қалыптасқан ережесін мүлтіксіз орындау. Әдепті болу үшін кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу керек. «Әдептілік- әдемілік» дейді халық даналығы. Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезіну керек. Жақсылықты сезінбейтін адамды «ұятсыз» дейді халық.
Өз кемшілігін түсініп, оны түзетуге тырысатын адамды «ұяты бар» дейді. Міне, сендер сыныптан-сыныпқа көшіп, ақылдарың толысып ержетіп келесіңдер.   . Сондықтан жас кезден бастап әдеп сақтауға үйренуіміз керек. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты да сол.
«Сөздің көркі – мақал» деп атамыз қазақ тоқсан ауыз сөзді тобықтай бір түйін арқылы жеткізіп отырған. Ал, бүгінгі тақырыбымызға сай қандай мақал-мәтелдер білеміз және олардың мағынасын түсінеміз бе екен, көрейік! Мақалдың екінші жолын жалғастыр!

  • Әдепті бала – арлы бала,
    (Әдепсіз бала — сорлы бала.)

  • Әдептілік, ар - ұят—адамдықтың белгісі,

(Тұрпайы мінез, тағы жат—надандықтың белгісі.)

(Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.)

  • Өзіңді-өзің сыйламасаң,

(өзгеден сый дәметпе.)

  • Әдепсіз өскен адамнан,

(тәртіппен өскен тал артық.)

  • Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені,

(Жақындықтың белгісі—келіп –кетіп жүргені.)

  • Әдепті бала, ата-анасын мақтатар,

(Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатар.)


«Әдептілік-әдемілік» - әдеби қойылым.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек.

Ендеше, әдепті балалардың қандай болуы керек екендігін өзарамыздағы көріністерден жақсы мен жаманды ажыратайық.



1-оқушы(Жандарбек): .Атам менің әманда Атам менің әманда

Кішіпейіл бол деген Әділетті бол деген

Ақыл сөзі санамда Ақыл сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем Жүрем әділ жолменен



2-оқушы(Арман): Оқушы, есіңде сақта! Әділ болуға тырыс. Бостан –босқа біреуге жала жаппа немесе жіберген қателігіңді уақытында түзе. Ол сенің борышың. Турасын айт. Жасырма. Жасқаншақ болма!

3-оқушы(Әділет): Атам менің әманда Атам менің әманда

Бол дейтұғын тіл алғыш Мейірімді бол деген

Үлкендерден содан да Ақыл сөзі санамда

Алып жүрмін кіл алғыс Жасы үлкенге жол берем.



4-оқушы(Дидар): Есіңде сақта. Ақ пейілді бол! Қайырымды болған абзал, жасы үлкенді сыйла, тіл алғыш бол, ешкімге зәбір көрсетпе, жүрегіңде, күлкіңде мейірім шуағы тұрсын.

Тәрбиеші: - Балалар, адамға ақыл беретін кімдер? Әрине, ата-ана, ұстаздар.

Ендеше, аналарымызға арнап бір ән айтайық!



Ән. Аяулы анашым. Хор.

5-оқушы(Сәндігүл):

Ата- ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің- дегендей тәртіпті, ұқыпты бол, әр істі уақытында жаса, әрбір зат өз орнында болсын.

Қарсы ал ерте күн көзін, Саусағыңды сормағын,

Төсегіңді жина өзің. Салдыр салақ болмағын.

Асықпай іш тамақты, Салма аузыңа инені

Жалама аяқ табақты. Үзбе жұлқып түймені.

6-оқушы(Арай): Оқушы, есіңде сақта! Бойыңды түзе, денеңді таза ұста, Тазалыққа осы жастан үйрен. Киіміңді талғаммен, жарасыммен таңда.

7-оқушы(Ерхан): Шыдамсыз, ашушаң болудан аулақ бол. Жаман әдеттен сақ бол!

Тәрбиеші: Сонымен,балалар, әдепті бала – қандай бала?

(оқушылардың жауабы тыңдалады)


8- оқушы (Аяулым): Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

Тәрбиеші: Ал, мектептегі әдептілік деген не?

(Оқушылардың жауабы тыңдалады)
Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен амандасу, мектеп мүлкін сақтау, үлкендермен, кішілермен жақсы қарым-қатынаста болу.

Тәрбиеші: Балалар, адамдармен қарым-қатынаста сөйлеу әдебі деген болады. Сол туралы біраз ақыл-кеңес беріп кетейін.
«…Тіл– адам баласының көңіліндегі ашу, жұмсақтық, қаттылық сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді. Адамның адамдығы тілін сақтау. Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспе. Біреудің сөзін бөлме. Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түзет. Өзің қателессең мойындаудан ұялма. Біреудің сөзін қайталама. Үлкен кісілермен биязы, сыпайы сөйлес. Біреудің жауабына жауап бере алмасаң, кешірім өтін.  Өзіңе  айтылған  сынды дұрыс қабылдап, кемшіліктеріңді түзетуге тырыс. Үш кісі отырып, екі кісінің сыбырласқаны ерсі қылық екендігін ұмытпа. Жақсы кісі кешірімді болады».

Ойын: «Мейірімді періштелер».
–Балалар, мен сендерді «Мейірімді періштелер» атты ойынды ойнауға шақырамын. -- Ертеде адамдар ұйықтау дегенді білмейтін. Олар күндіз-түні жұмыс істеп, қатты шаршайтын, сонда мейірімді періштелер көмекке келеді екен. Далаға қараңғы түсе бастағанда олар келіп, адамдарды ақырын сипап, қызықты әрі мейірімді түстер жібере бастайды. Тіпті кейбіреулері адамдарды күндізгі істеген жаман қылықтары мен әдепсіз сөздері үшін ұялтып, жақсылық істеуге, жылы сөйлей білуге шақырады екен. Сөйтіп адамдар ұйықтап қалатын болған. Мұны адамдар періштелердің ісі екенін білмейтін. Себебі олар көзге көрінбейтін. Сендер мұны білмейтін бе едіңдер? Олар әлі де бізге келіп тұрады, ұйқымызды күзетеді, қателігімді түзетіп отырады. Нанбасаңдар, ұйықтап көрейікші. Олар сол бойда жетіп келеді.Ал, онда «ұйықтайық».(Балалар ән әуенімен көздерін жұмып, ұйықтаған болады.Осы кезде «Мейірімді періштелер» ұшып келіп, оларды сипап ұйықтатып, мейірімділікке шақырған сөздер жазылған жүрекшелер тастап кетеді.) -Балалар, қараңдаршы, періштелер сендерге жүрекшелер тастап кетіпті, онда не жазылған екен, оқып көрейікші! (Әр бала өз жүрекшесінде не жазылғанын дауыстап оқуына болады.)
–Мінекей, көрдіңдер ме, олар сендердің осал тұстарыңды біліп қойып, ақыл-кеңестер беріпті. Енді осыны дұрыс қабылдап, түзетуге тырысайық.

ІІІ. Қорытынды бөлім. 1. Сонымен , балалар бүгінгі сабағымыздан

«Жақсы деген немене жаман деген немене» деген сұрақтарға жауап алдыңыздар ма? (1-2 оқушының пікірі тыңдалады.)

Облыстық туберкулез санатория мектеп-интернаты

Ұқыпты бала-әдепті бала

Өткізген:К.И.Алдонгарова
С.А.Туркпенбаева
2 класс

2015 оқу жылы



5-сыныпта өткізілген «Әдептілік -әдемілік » атты

ашық тәрбие сағатына талдау

19 –ақпан күні 5-сыныпта «Әдептілік-әдемілік» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Сабақтың негізгі мақсаты оқушыларға адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді ажырата білуге, әдеп ережелерін сақтай білуге, әдептілік пен әдепсіздік

Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру; адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету;аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу; ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету. Сабақтың түрі: тәрбие сағаты Әдістері: сұрақ-жауап, тапсырмалар,өлең-тақпақтар, көріністер т.б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет