Сабақтың тақырыбы: Қыс. М. Дулатов Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мәтінді мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға дағды



Дата25.12.2016
өлшемі430,04 Kb.
#4356
түріСабақ
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қыс. М.Дулатов

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мәтінді мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға дағды-

ландыру. Мәтіннің идеясын ашып, талдауға үйрету.



Дамытушылық: Оқушылардың қыс мезгілі, қыстағы

табиғат құбылыстары, адам, жан-жануарлар туралы көркем

сөйлей алу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: табиғатқа ізгілік қатынастарын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелу, сұрақ-жауап, жинақтап қорту,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтар, дәптерлер, тірек – схема, қыс суреті.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ (сурет, экология, тіл мәдениеті пәндерімен байланыс).
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың ынта – зейінін тұрақтандыру.



  • Балалар бүгінгі ана тілі сабағы ерекше сабақ.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Астана, Қарағанды қаласы, Ауыл суреттері (Отанымыз, туған жеріміз,туған еліміз) осы суреттер арқылы біз өткен бөлімді еске түсіреміз.

-Туған өлкеміздің көріктілігіне байланысты өтілген тақырыптарды қысқаша еске түсірейік.

Мысалы: 1- «Қартқожаның туған жері» мәтінінен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған жолды жаттаған болатынбыз:



Ыстық қой,шіркін,туған жер! Кім сүймесін өз жерін, сүймесе зердесіз ,сүймес, жүрегі шерсіз,тілеуі бөлек,жетесіз сүймес.

Яғни, Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді екен дейміз.

2 – «Отан туралы» М.Мақатаев жатқа айтқызу.

3 – «Туған тілім» Дихан Әбілов жатка айтқызу.



  • Туған тіл деп тұрған қай тіл?

  • Қазақ тілі.

4 – «Туған өлкем» Өтебай Тұрманжанов жатқа айтқызу.

Өлең жалғасын оқыту...



Осы менің туған өлкем...

Бар байлық кеп орын тепкен,

Өз өлкемді мақтан етем.


  • Осы сұлу көркем, туған өлкемізде қазір жылдың қай мезгілі келіп жетті?

  • Қыс.

  • Бөлім: «Қыста талай қызық бар»

Жұмбақтар шешу арқылы сөз жұмбақты шешейік.

  1. Қ
    А

    қ

    р
    ыста ғана болады,

Ұ
Я

а

з
стасаң қолың тоңады.

  1. Е
    м

    З

    ұ
    сіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.

  1. Отқа жанбас, суға батпас.

Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқы.

Мұ-ұз Қа-ар

Көз алдыңа не елестеді?

Жапалақтаған қар көз алдыңа нені елестеді?

Бейнелеу сабағы: Қыс көріністері

Мақсаты: Оқушыларға жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты табиғат көрінісін бейнелеуге үйрету.

Табиғат көрінісін бақылап, есте сақтап, елестете отырып, бейнелеуге түстік шешімдерді таба білу.



Сабақтың барысы: Жылдың төрт мезгілі жайлы әңгімеле.

  • Қыс айларында табиғат қандай өзгерістерге енеді?

  • Мұздың түсі қандай?

  • Қыста қандай ағаш жапырақтары өзгеріссіз қалады?

  • Қандай ойындар және қысқы спорт түрлерін білесіңдер?

  • Жыл мезгілінің қай кезі болмасын суретшілер шығармашылығынан тыс қалған емес. Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктері, сол мезгілгі тән сұлулығымен көз тартады.

Табиғатты бейнелеу арқылы суретшілер одан зор әсер алады.

  • Көктемде шөп түстес жасыл.

  • Күз айындағы басым түс сары.

  • Түстер жылы және суық болып екіге бөлінеді.

  • Қыс мезгілін бейнелегенімізде суретте суық түстер басым болып келеді.

  • Қыс мезгілін бейнелеу үшін қандай бояу керек?

- Көк, күлгін, сұр, жасыл.

Дәптерге сурет салу.

Қыс мезгілінің бір сәтін суреттейтін болсақ. Айналамызда күмістей ақ қар, табиғат мүлде бір ақ көрпеге оралғандай аппақ, шымылтыр, аязды тымық қыс күні, шапалақтап қар жауып тұр.

Аққала соғып, бір-біріне қар лақтырып, шанамен сырғанақ теуіп, мәз мейрам болып жүрген баллар. Бұл қыс көріністеріне тән бір сәт.

Жалпы сурет салудың бірнеше түрі бар:


  1. Затқа қарап сурет салу.

  2. Есте сақтап, елестету арқылы сурет салу.

  3. Ойдан құрастыру.

Қыс көріністерін өздеріне таныс қысқы спорт ойындарымен толықтыра отырып бейнелеуге бағыттау. Дәптерге сурет салу.

Мысалы: Шаңғы теуіп бара жатқан бала.

Шанамен дөңнен сырғанақ тебу.

Мұз айдынында коньки теуіп жүрген көріңіс т.б.

Қыс мезгілі туралы әңгіме айтуыңа М.Дулатовтың төмендегі әңгімесі көмегін тигізеді.



Автор туралы түсінік беру.

Мәтінді дұрыс түсініп оқу.



  1. Мұғалімнің оқуы.

Балалар оқу барысында түсініксіз сөзді қарындашпен сызып кояды.

Сөздікпен жұмыс:

Бапсыз – Жайсыз

Бек қиын – өте қиын

Жалтаң аяз- үскірік, суық аяз

Қарыған – үсіткен

Сықырлаған аяз бетті үсіріп, өте қиын, жайсыз қыс болды.
Мәтінді бөлімге бөлу:
Қыс

Үй жануарлары Жылқышы

Табиғи құбылыстар Оқушы...

Адам өмірі


Сергіту сәті:

«Қар лақтыру» ойыны арқылы суретпен жұмыс.



  1. Суретте қай жыл мезгілі белгіленген?

  2. Оны неден байқадың?

  3. Адамдар суықтан қалай қорғанады?

  4. Сен қыста қалай киінесін?

  5. Қыз мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді?

Экология мұғалімі: Сіздің қолыңыздағы қар неге кір?

  1. Ауасы лас қала.

Қыстың көркі қар демекші, жер дүниені аппақ мамыққа орап жатқан қардыңда өзіндік әсемдіктері және өзіне ғана тән ерекшеліктері жеткілікті.

Еріген кезде суға, ал аязды күні мұзға айналатын қардың қалай пайда болатыны адамдарға таңсық нәрсе емес.

Қар түіршіктерінің 5000-нан аса түрі болады екен, әр қар түйіршігінің бір-біріне ұқсамайтынын көреміз.

Таза жаңбыр суы мен қар суында зиянды қоспалар мүлдем болмайды.

Сондықтан біздің ағзамыз жеңіл сіңіреді. Асқазанымыздың жұмысы жақсарып, қоректік заттардың ағза мүшелеріне тез жетуіне әсер етеді.

Егер сендер қар жапалақтап жауғаннан кейін тыныс алсаңыз тыныс сарайыңыздың кеңейіп денеңіздің сергігенін байқайсыз.



Мысалы: 50 г қар жауса 16 л ауаны тазартады.

Денсаулыққа қызымет етеді.

Жер бетін жуады.

Инфекция жұқпалы ауруларға қарсы.

Ерекшелігі: Күннен тіршілікке ультро күлгін жерге шағылысып ғарышқа қайта жөнелтеді. Айна рөлін атқарады.

Қорытынды: Ойын «Кім тез?»



Сабақты қорытындылау: Бөлімдер бойынша әңгімелеу.

Үйге тапсырма: Мәтінге сүйеніп, оқушы туралы әңгімені жалғастыр

Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет