Сабақтың тақырыбы Ислам дәуірі әдебиеті. Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны



бет1/5
Дата09.09.2022
өлшемі74,14 Kb.
#149071
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9-класс әдебиет ҚМЖ


Бекітемін



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Атадан қалған асыл сөз

Мектеп: Елек орта мектебі

Күні: 04.09.2019

Мұғалімнің есімі: Бухарбаева М.К.

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ислам дәуірі әдебиеті. Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж. 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың идеялық мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді.
Кейбір оқушылар орындай алады: . әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді және қосымша дерек келтіреді.

Бағалау критерийі

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
Талдау арқылы шығарманың идеялық мазмұнын анықтайды.

Тілдік мақсат



Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Асыл мұра, көне жәдігер
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:



Құндылықтарға баулу

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы



Алдыңғы оқу

Бұл кіріспе сабақ, яғни бөлімнің бірінші сабағы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы. 5 минут



Ширату жаттығуы
Оқушыларды 4 топқа бөлу

  • Оқушыларды қағаз қиындылары арқылы «Бақыт», «Ақыл», «Әділет», «Қанағат» деп төрт топқа болу.

1-топ. «Бақыт»
2-топ. «Ақыл»
3-топ. «Әділет»
4-топ. «Қанағат»

  • Топ атаулары арқылы тақырыпты болжату.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру



Слайд

Қағаз қиындылары



Сабақтың ортасы 25 минут



1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Мағынаны таны!»
1-топ. Берілген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды қағаз бетіне түсіре отырып, ғұламаның айтпақ ойын түсіндіріңіз.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.

Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,

Үшіншісі – ашу ,оған егіз надандық.


Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,

Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.

Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,

Білсін сонда басынан құс ұшпасын.

Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,

Олар жұқса, азғаны тек қаныңның.


2-топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын қағаз бетіне түсіру. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақтап айтыңыз.
Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.

Бір достық бар Тәңірді алған араға,

Болмайды онда қалтарыс та, нала да.



Тағы бірі тек пайда үшін достасар
Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.

Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,

Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.



Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,
Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.

Егер пайда үшін дос боп табысса,

Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.



3-топ. Үзіндідегі дос, туыс, жолдас, бауыр ұғымдарына түсінік беріңіз, автордың тұжырымын анықтаңыз.
Дос көңілін білгің келсе өзің де,
Сына ашумен, суыт сөзбен жүзіңді.
Білгің келсе, сені сүйер-сүймесін,
Сұра қимас өзі сүйген дүниесін.


Дүниеқоңыз шетін көрсе пайданың,
Сенен кетпес «шеше», «әке» деп айналып.
Тілегенін бермесе егер сұрланып,
Көрмегендей бойын тартар тұлданып.


Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,
Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық.

Дос, туыс сол қуанышта қуанар,

Қайғы келсе, қасында боп уатар
.


Сүйсін десең көп достарың өзіңді,
Тұз, нан ұсын, жарқын ұста жүзіңді.

4-топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларын жинақтап, автордың түйінді ойын білдіріңіз.


Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,

Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.


Тіл - арыстан есік баққан ашулы,

Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды!

Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ер

Құлақ салып, амал қылып, есті елер.


«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,

Бас кесілмес үшін тілді кесемін.

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,

Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет