Ширату жаттығуы
Сынып оқушыларын шеңберге тұрғызып оң жақтағы көршісіне бір тілек айтқызу, тілек тілеудің маңызы мен мағынасы туралы сұрай отырып, сабақ тақырыбына болжау жасау.
Оқушыларды 4 топқа бөлу
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру Сөздік жұмысы. Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.
Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Жортуыл сәуегейі болған.
Слайд
Қағаз қиындылары
Сабақтың ортасы 25 минут
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Шығарманың аудионұсқасын тыңдау, тыңдай отырып маңызды ақпаратты түртіп отыру.
№1 тапсырма Топ құрамындағы оқушылардың әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F/ Дерек/ – шығармадан автор бейнесін ашатын деректер жинау; I /Пікір/– автор туралы өзінің ой- пікірі; L /Сұрақ/– автор тұлғасын ашатын сұрақтар; A /Іс-әрекет/– автордың өз көзқарасын білдіруде қолданған тәсілі .