балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Тренинг, топқа бөлу, топтық жұмыс
Сабақтың кезеңдері
Сабақтың мазмұны
бағалау
ресурстар
І
Қызығушылықты ояту
Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)
ІІ
Мағынаны ашу
«Жақсы адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
жақсы адам ақкөңіл жаны таза бірлік
жарастық махаббат
шыдамды Жақсылық шуағы рақымшыл
ынтымақ бауырмалдық
жылы жүректі сүйіспеншілік қамқорлық достық.
ІІІ
Ой толғаныс
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Үй тапсырмасы
Не сәтті өтті ?
Не сәтсіз өтті ?
Қысқа мерзімді жоспар
Күні:16.01.2016
Класс сағаты
Мұғалімі : Табанова Молдир Ерболатовна
Класс
8
Сабақтың тақырыбы
Шымыр болсын денеміз
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім алады.
Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға үйренеді.
Салауатты өмір салтына тәрбиеленеді
Әдіс-тәсілдер
Тренинг, топқа бөлу, топтық жұмыс
Сабақтың кезеңдері
Сабақтың мазмұны
бағалау
ресурстар
І
Қызығушылықты ояту
Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.
ІІ
Мағынаны ашу
Сұрақ-жауап
Байлық деген не? Денсаулық деген не? (Оқушылар ойларын жинақтап, дәптерге топтастырады.)
Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін,
Енді қайтіп толтыра алмассың есесін.Халық даналығы.
(Оқушылар дәйексөзді оқып, түсінген ойларын мысалдар келтіре отырып айтады.)
Ойланайық, пікірлесейік.
1 топ -“Салауаттылық-саулық негізі” деудің мәні неде?
2 топ “Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
3 топ Салауатты өмір салты не үшін керек?
4 топ “Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
ІІІ
Ой толғаныс
Дағдарыс жайында түсінік бере отыры, оқушылырдың ой пікірлерн тыңдау;
Оқушылырдың күнделіктерін тексеру;
Жол ережесі, көшеде жүру ережелері туралы еске түсіру
Үй тапсырмасы
Не сәтті өтті ?
Не сәтсіз өтті ?
Қысқа мерзімді жоспар
Күні:
Класс сағаты
Мұғалімі : Табанова Молдир Ерболатовна
Класс
8
Сабақтың тақырыбы
Мамандықтың бәрі жақсы.
Сабақтың мақсаты
оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Мамандықтарға сипаттама беру, қыр - сырын ашу. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Тренинг, топқа бөлу, топтық жұмыс
Сабақтың кезеңдері
Сабақтың мазмұны
бағалау
ресурстар
І
Қызығушылықты ояту
Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол, тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені, бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата-ананың, туған-туыстың, іні-қарындастың, жора-жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн.
Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар.
«Кім болам?»деген сөз бар оған да құлақ сал.
Алуан-алуан сыры бар
Бейімді ескер де
Таңдап соның бірін ал
ІІ
Мағынаны ашу
Мұғалім: Миға шабуыл
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа
түрі қосылып отырады екен.
Жалпы мамандық дегенімізді сіздер қалай түсінесіздер? (оқушылардың пікірі)
Ең алдымен мамандық сөзіне назар аударайық. Мамандық орыс тілінде профессия, профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
«Укипедия» ашық энциклопедиясында «Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек
дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс - әрекетінің түрі» деп көрсетілген екен.Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.
ІІ. Тапсырма
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер---------------------------------------- тапқыр
Дәрігер---------- ------------------------------әділ
Мұғалім--------- -----------------------------өте ақылды
Журналист----------------------------------- шыдамдылық
Механизатор---------------------------------өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы---------------------------------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері------------------------------мейірімді
Өнер иесі-------------------------------------мәдениетті
ІІІ тапсырма « Кім жылдам?» ойыны
1. Оқу білім-бағдары
Заманының бағбаны ( Ұстаз)
2.Ара тұрар өлімге
Қай маман бұл өмірде ( Дәрігер)
3.Станогы жанды адам
Сансыз өрмек жалғаған
Тірлігі бар тынымсыз
Өрмекшіден аумаған ( Тоқымашы)
4 Жаңалықтың жаршысы
Қаламының жалшысы( Журналист)
5, Теңіз түбі тірлігін
Зерттеп, барлап,білді кім? ( Ихтиолог)
6.Тау мен тасын, өзенін
туған жерді кезетін
Тамыршыдай дөп басып
Таба білер қажетін
Қай мамандық ол қане
Айтып жібер өз атын ( Геолог)
7. Еңбек орны-танабы
Сүйікті әні-дала әні
Егін жайын мәпелеп
Асырайды қаланы( Диқан-агроном)Бүгінгі өтіп отырған « Мамандықтың бәрі жақсы» қалауыңша таңдап ал деп аталатын кешті қорытындылап айтатын болсақ, кешке қатысып отырған Арман қуған түлектер заман ағымына ілесе алатын майталман азаматтар және өз ісіне берік мамандар болатынына сеніміміз мол.
ІІІ
Ой толғаныс
IV тапсырма Ең ақшасы көп мамандық қандай?
• а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист
• Ең “жасыл” мамандық қандай?
• а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш
• Ең “тәтті” мамандық қандай?
• а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер
• Ең “күлкілі” мамандық қандай?
• а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш
• Ең жауапты мамандық қандай?
• а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер
• Ең салмақты мамандық қандай?
• Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер
• Ең қарым - қатынасы күшті мамандық қандай?
• а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер
Үй тапсырмасы
Не сәтті өтті ?
Не сәтсіз өтті ?
Қысқа мерзімді жоспар
Күні:
Класс сағаты
Мұғалімі : Табанова Молдир Ерболатовна
Класс
8
Сабақтың тақырыбы
Әке – ер, ана- жігер,бір үйде екі кемеңгер...
Сабақтың мақсаты
Баланың ата- анаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;
Күтілетін нәтиже
Баланың ата- анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді
Әдіс-тәсілдер
Тренинг, топқа бөлу, топтық жұмыс
Сабақтың кезеңдері
Сабақтың мазмұны
бағалау
ресурстар
І
Қызығушылықты ояту
Күлімдеп күн бүгін (Қолдарын көтереді)
Қарайды маған да (Кеуделеріне қояды)
Күлімдеп күн бүгін ( бір-біріне қарайды)
Қарайды саған да
Ақша, Денсаулық, Білім, Махаббат
деген сөздерді таңдап,топқа бөлінеді.
(Осы сөздерден топ атын шығару)
ІІ
Мағынаны ашу
1. «Махаббат! Мен оны айнытпай білемін,
Әрдайым бала ,-деп соғады жүрегің» (постер қорғау)
Осы сөздердің мағынасын ашу
Ойлан, бірік бөліс әдісі, әр топ өз тақырыптарын ашып, постерлерін қорғайды.
Өз әсерлерін айтады
2. Ана жүрегі. Бақытжан Мұстафаев (Клип) слайд-2
Серпілген сауал. Мына бейнеклиптен қандай ой түйгендерін ортаға салады
3.Ата-анаға қамқорлық
Ашық айтсам....
ІІІ
Ой толғаныс
Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алды, өз ойларын ашық жазады