5.2.5.1. Берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
5.5.1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын, білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, сын есімдерді табады.
Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннен туындаған сұрақтарды дұрыс түсініп, шағын диалог құруда қолдана алады, сын есімдерді ажырата алады.
Кейбір оқушылар: берілген сұрақтарға нақты жауап бере алады, сын есімдерді ауызша және жазбаша жұмыстарда қолдана алады.
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
Сұрақтарға дұрыс жауап береді, диалог құра алады.
Ауызша және жазбаша жұмыстарда сын есімдерді қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым
Терминология: «Қызыл кітап», қорғау, одақ, сирек.
Сөз тіркестері: жойылып кету, қорғауға алынған, азайып барады, «Табиғатты қорғау одағы», жануарлар мен өсімдіктер, аң-құс атаулары
Құндылықтарды дарыту
Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіл әлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы/ оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға баулу.
Пәнаралық байланыстар
Жаратылыстану пәнімен байланысады, ортақ тақырыбы – қоршаған орта, табиғат, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, оларды қорғау мәселесі көтеріледі.
АКТ қолдану дағдылары
Дерекқордан, ғаламтордан тақырыпқа байланысты ақпарат алады, интерактивті тақтаны құрал ретінде өнімді қолдана алады.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
Сабақ тақырыбы бойынша өткен оқу жылында қарастырылған Қазақстан жерін мекендейтін аң-құстар және жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін біледі.
Бейнебаян көрсету арқылы оқушылардың назарларын сабаққа аударту.
«Ой шоғырландыру» әдісі бойынша
тыңдалым материалының сұрақтарына жауап беру
Қызыл кітап деген не?
Кітап неге қызыл деп аталады?
Кітап қай жылы жарық көрді?
Кітапта қандай парақтар бар?
Қызыл кітапқа тіркелген қандай жануарларды білесіздер?
Қызыл беттерге қандай жануарлар мен өсімдіктер енгізілген?
Сары беттерге ше?
Ал жасыл беттерге қандай түрлер енгізіледі?
Дескриптор:
Сұрақтарға дұрыс жауап береді
ҚБ: Мадақтау
Слайд 1
Қима қағаздар
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4 бейнебаян
Слайд 5
Ортасы
20 минут
Мәтіналды жұмыс
Грамматиканы қайталау тапсырмасы
Сын есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір
Сәйкестендіру
Негізгі сын есім бір сөзден жасалады
Туынды сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады
Дара сын есім жұрнақ арқылы жасалған сын есім, яғни сөздің түбірі сын есім немесе басқа сөз табынан болады.
Күрделі сын есім түбір сын есім, яғни сөздің түбірі сын есім болады.
Дескриптор:
сұраққа жауап береді
ережеге тән жауапты дұрыс сәйкестендіреді
ҚБ : «+, -» тәсілі арқылы жүргізіледі
Жеке жұмыс. Мәтінді оқы. Сын есімді тауып жаз, түрлеріне қарай ажырат
1-топ
1948 жылы әлемде алғаш рет «Табиғатты қорғау» одағы құрылды. Бұл одақ жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол кітап «Қызыл кітап» деп аталды. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, азайып не құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеліп, олар туралы маңызды ақпарат беріледі.
2-топ
Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылған. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары жасалады. «Қызыл кітапқа» қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, қоңыр аю, ақбөкен және тағы басқа аңдар мен құстар тіркелген.
3-топ
«Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978 жылы шықты.Онда тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Қазақстандағы құстардың 58 түрі «Қызыл кітапқа» тіркелген. Оларды адамдар көп аулайды. Сол себепті азайып барады. Қазір олар қорғауға алынған.
«Қазақстанның Қызыл кітабына» өсімдіктердің 307 түрі кірген. Мысалы: грейг қызғалдағы, інжугүл, алоэ т.б.
Кел, ойнайық:
Оқушылардың көздерін байлап, алдарына түрлі жануарлар мен аң-құстардың мүсіндерін қоямыз. Қолына бірінші болып ілінген мүсінді алады. Содан соң түрлі сын есімнің сұрақтарына жауап береді:
Мысалы: - Бұл қандай жануар?/ аң-құс, өсімдік/
Оның түсі қандай?
Көлемі қандай?
Салмағы қандай? – деген сияқты түрлі сұрақтарға жауап береді. Соңынан орамалды шешіп, яғни көзін ашып, жауаптарының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.
Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау, марапаттау арқылы бағалау
Топтық жұмыс.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап беруге, шағын диалогке қатысуға үйрету. Саған «экология» деген сөз таныс па?
Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
Достарың «Табиғатты, жануарларды, өсімдіктерді қорғау керек!» деп санай ма?
Тапсырма қызықты әрі тиімді орындалу үшін «Кім жылдам?» әдісін қолданамын.
Дескриптор:
Әр топ өз сұрағына кем дегенде 5 сөйлемнен тұратын жауап жазады;
Лексикалық минимум: сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, қызыл кітап, енгізу, қауіп-қатер, аянышты, ерте заман, жойылып кету, қорғауға алынған, азайып барады, «Табиғатты қорғау одағы», жануарлар мен өсімдіктер, аң-құс атаулары
Қ.Б. оқушылардың жауаптарын мақтау күлегештер арқылы бағалау.
Шарты: досыңмен бірге ақпарат көздерінен «Қызыл кітапқа» қатысты статистикалық мәліметтер жинақтаңдар. Соның негізінде «Қазақстанның Қызыл кітабы» деген тақырыпта диалог құраңдар.
Кейбір оқушылар «Қазақстанның Қызыл кітабы» деген тақырыпта сын еісмдерді қатыстырып және олардың астын сызып көрсете отырып, 10 сөйлемнен тұратын мәлімет дайындайды.
Дескриптор:
1) диалог 9-10 тілдесімнен тұратын мәлімдеме жасай алады;
2) диалогте сандық мәліметтер мол келтіре алады;
3) достарыңа қоршаған ортаны қорғау туралы ой салады
Қ.Б. оқушылардың дұрыс, нақты жауаптарын бағдаршам арқылы бағалау.
Слайд 6
Слайд 5-сынып оқулығы
kk.wikipedia.org/wiki
Қызыл_кітап
Аяқталуы
10 минут
Сабақты қорытындылау ретінде оқушыларға өтілген тақырып бойынша мәліметтерді жинақтай отырып және ауызша сөйлеуде сын есімдерді қатыстыра отырып, постер қорғауға беремін.
Қ.Б. оқушылардың дұрыс, нақты жауаптарын мақтау, марапаттау сөздерімен қолдау, бағалау.
Кері байланыс.
Оқушылардың өтілген сабақтан не үйренгендерін білу, кері байланыс алу мақсатында, білемін – осы тақырып туралы өзінің алдыңғы білімінен не білетінін, білдім – сабақ барысында не үйренді және білгім келеді – тағы осы тақырыпқа байланысты не білгісі келетінін төмендегі кестені толтырту арқылы анықтаймын.
БББ кестесі
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Үй жұмысы. «Қазақстан қорықтары» тақырыбына эссе жазу. Эссе құрылымын төмендегі талаптарға сай жазып келеміз.
Дескриптор. Тақырыптың негізгі мәні.
Тақырыпқа сәйкес дәлелдер. / факті, ақпарат/
Салыстыру және қорытындылау. / терминдер мен сын есімдерді қолдану/
плакат
Қосымша ақпарат
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Сабақты жоспарлау барысында қабілеті жоғары оқушыларға қосымша күрделенген тапсырма беруді қарастырған болатынмын. Ол міндетті оқушыларым жоспарға сай алып шықты, себебі оқушылардың кейбірі «Қазақстанның Қызыл кітабы» деген тақырыпта сын есімдерді қатыстырып және олардың астын сызып көрсете отырып, 10 сөйлемнен тұратын мәлімет дайындады.
Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Тапсырма қызықты әрі тиімді орындалу үшін «Кім жылдам?» әдісін қолданамын.
1. «Көршіңмен сырлас» әдісі өте тиімді болды, оқушылар жұптасып жұмыс жасап, тапсырманы тез орындады.
2. Кері байланыс ретінде «БББ кестесі» алу арқылы, оқушылардың сабақтан нені үйренгендеріне көз жеткізе алдым.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақ тақырыбына сай қосымша көрнекіліктердің, ақпараттардың көп болуы;
2. Интерактивті тақтаны сабақтың мазмұнын жеткізуде қосымша көмек ретінде пайдалану;
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не білдім?
Кейбір оқушыларымның топпен жұмыс жасауда өзге оқушыларға көмектесетінін, ал керісінше біразы өз ойын ашық айтуға қымсынатынын байқадым.
Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
Оқушылардың өз ойын еркін, дәлелді жеткізуіне көңіл бөлемін. Ол үшін жекелеген тапсырмалар беремін.