Ашық сабақтың тақырыбы: «Қызықты генетика».
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жалпы генетика жайлы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың білімін қалыптастыру. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей, ой жүйріктерін дамыту және өткен сабақтарды толық меңгерту.
Тәрбиелігі: Шапшаңдыққа, дұрыс ойлауға, тез шешімге келуге, өзара қарым – қатынасын жақсарту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Өздігінен жұмыс істеуге, ізденуге және білімін жетілдіруге бейімдеу. Әртүлі ой дамыту ойындары арқылы жан – жақты ойлау қабілетін дамыту және де нақты, қысқа сөйлеу дағдыларына үйрету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, ойын сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: топпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ – жауап, тест сұрақтарына жауап беру, сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, ғалымдардың суреттері, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі................................................5 мин
II . Өткен сабақтарды пысықтау..................................29 мин
А Ол кім, бұл не?, Биологиялық диктант ойыны.
Б) Қарама – қарсы сұрақ қою.
С) Ти кестесін толтыру.
Д) Кім жылдам ойыны
Е) Сөзжұмбақ шешу
III. Қорытындылау, Бағалау.........................................10 мин
IV. Үйге тапсырма..........................................................1 мин
Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен сәлемдесемін.
Б) Сынып тазалығын тексеремін, ескерту беремін.
С) Кезекшіні тағайындаймын
Д) Оқушыларды түгендеймін
Ж) Сабақтың мақсаты түсіндіріліп болған соң оқушыларды үш топқа бөлемін. Әр топ өз көшбасшысын сайлап, әр топ өздеріне ат қояды.
З) Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын
II. Өткен сабақтарды пысықтау: Сабақты, яғни өткен сабақтарда мына төмендегі ойындарды жүргізу арқылы пысықталады.
Ойын. Биологиялық диктант. Ол кім, бұл не? Бұл ойын оқушылардан үй тапсырмасы сұрау ретінде тексеріледі.
Қимаға биологиялық диктант пен ол кім, бұл не? сұрақтары жазылады. Әрбір оқушының алдында бөлек - бөлек қималар болады.
Бірінші топ:
Ол кім? Сұрағы
Ғылым ретінде генетиканың негізін салушы чех жаратылыс зерттеушісі. Ол кім? Жауап:
Бұл не? Сұрағы
Сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әртүрлі қалпы. Бұл не? Жауап:
Биологиялық диктант:
Барлық гаметалары бірдей және ондағы хромосомалар мөлшері және пішіні бойынша ерекшеленбейтін жыныстар............................................... деп аталады.
Гендері жыныстық хромосомаларда болатын белгілер ....................................... деп аталады.
Қандай да бір белгіге әсер ететін генетикалық материалдың кенеттен, секірмелі өзгеруі.............................. деп аталады.
Мейоз кезінде бөлінген шүйке жібі үзілген кезде ..................... мутация болады. Соның нәтижесінде хромосомалар санына тән емес гаметалар түзіледі.
Екінші топ
Ол кім сұрағы:
Нобель сыйлығын 1933 жылы алып, 1910 жылы Колумбий университетінде генетикалық тәжірибелерін бастаған. Ол кім?
Жауап:
Бұл не сұрағы:
жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ( әртүрлі белгілерді жеткізетін әр текті зиготалар) ағзалар. Бұл не? Жауап:
Биологиялық диктант:
3) Мендель сары түсті басым түс ( доминантты) деп атап, оны ....... іріппен белгіледі. Жасыл түс басылыңқы (рецессивті) түс деп аталып, .......
әреппен белгіледі.
Ата - енелерформалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру............................................ деп аталады.
Мутациялар кезінде ДНҚ – ғы бірлі – жарым негіз немесе тұтас гендер немесе хромосомалардың өзгеруі мүмкін. Жалпы осы мутация үлкен топтарғабөлінеді: ..................................................................................... .
Мутацияға ұшырау белгісі мен қасиеттерінің сипаты бойынша олар мынадай үдірістерге бөлінеді:....................................................................... .
Үшінші топ
Ол кім? Сұрағы
Тұқым қуалау өзгергіштігіндегі сәйкес қатарлар заңын ашты. Ол заң ағзалардың тұтастай формаларында ұқсас генетикалық жиынтық, сондай – ақ соған сәйкес ұқсас мутация болатынын дәлелдеді.
Ол кім? Жауап:
Бұл не? Сұрағы
Генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері. Бұл не? Жауап:
Биологиялық диктант:
Ата – енелер формасы бірінен – бірі екі жұп белгісі бойынша ерекшеленетін шағылыстыру типі......................................................... деп аталады.
Тірі ағзалардың өз ата – енелерінен айырмашылығындағы ортақ қасиет .................................. деп аталады.
Түзілетін гаметалар хромосомаларының мөлшері және пішіні бойынша ерекшеленетін жыныстар ............................................................. деп аталады.
Мутациялардың ағзадағы мәні бойынша қандай топтарға бөлінеді .................................................................................... .
Ойын. Қарама – қарсы сұрақ қою.
Әр топ өздері үй тапсырмасы ретінде берілген сұрақтарын бір – бірлеріне қойып жарысады. Әр дұрыс жауап 10 балдан есептеледі. Егерде 2,3 топ оқушылары жауап бере алмаса, сұрақ қоюшы топ өздері жауап беріп ұпайды өздеріне алады.
Ойын. Ти кестесін толтыру. Бұл кестені тек топтың басшысы ғана тақтада плакатқа сызылған кестені толтырады.
Мутацияның түрлері
|
Адам ағзасына тигізетін әсері
|
1. Гендік мутация
|
Ген құрылымы шегіндегі өзгерістер. Бұл нәруыздың бір молекуласын өзгерте алалды.
|
2. Хромосомалық мутация
|
Хромосома құрылымындағы өзгерістер. Бүтін хромосоманың мөлшері мен пішінін өзгерте алады.
|
3. Геномдық мутация
|
Хромосома санының өзгеруі, яғни құрам санының ауытқуы
|
Мутациялардың басқа қағидалар бойынша бөлінуі
|
Ағзаның қандай жасушаларында өтеді.
|
1. Тәндік
|
Дене жасушаларында өтеді.
|
2. Гаметалық
|
Жыныс жасушаларында өтеді.
|
3. Ұрықтық
|
Ұрық жасушаларында өтеді.
|
Ойын. Кім жылдам.
Бұл ойында мен оқушыларға сұрақтар қоямын олар мен қойған сұрақтарға лезде жауап берулері керек. Әрбір дұрыс жауап 5 балдан есептелінеді. Бірінші топ оқушылары жауап бере алмаса келесі 2,3 топ оқушылары жауап берулеріне болады.
Бірінші топ сұрақтары:
Генетика дегеніміз?
Жауап: белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштігін зерттейтін ғылым.
Өзгергіштік дегеніміз, Өзгергіштіктің түрлері?
Жауап: тірі ағзалардың өз ата – енелерінен айырмашылығындағы ортақ қасиеті. Өзгергіштіктің 2 түрі бар: тұқым қуалайтын, тұқым қуаламайтын.
Мутагенді факторлар немесе мутагендер дегеніміз?
Жауап: мутация санын арттыратын химиялық немесе физикалық әсер.
Екінші топ сұрақтары:
Ата – енелер формасы бірінен – бір екі жұп белгісі бойынша ерекшеленетін шағылыстыру типі қалай аталады?
Жауап: дигибридті будандастыру.
Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы қандай қағидаларды қамтиды?
Жауап: - гендер хромосомада түзу орналасады.
бір хромосомада орналасқан гендер тіркес немесе бірге тұқым қуалайды.
Мейозда гомологиялық хромосомалар арасында үлескілерінің алмасуы – айқаспа болуы мүмкін.
Гендік мутацияның қандай түрлері бар?
Жауап: нуклеотидтің сусуы, нуклеотидтің еселенуі (дупликация), ендірме нуклеотид, алмасу.
Үшінші топ сұрақтары:
Аллельді гендер дегеніміз?
Жауап: нәруыз синтезіне жауап беретін әртүрлі амин қышқылдың бірізділігін анықтайтын гендер.
Неліктен Т.Х. Морган дрозофила шыбынын тәжірибеде зерзат ретінде қолданды?
Жауап: өсімтал, өте жылдам көбейеді, қолда өсіруге арзан, белгілері жақсы білінеді.
Т.Х. Морган өз тәжірибелерінде хромосомалардағы барлық гендердің орналасу тәртібін анықтап, тіпті көршілес гендер арасындағы қашықтықтарды есептеп шығарды. Бұл қашықтықтыр қандай пайызбен өлшенді және де өлшеу үшін қандай өлшеп бірлік қолданды?
Жауап: айқаспа пайызымен өлшеді, өлшем бірлігі ретінде морганида өлшем бірлігін қолданды.
4 Ойыны. Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
Көлденеңінен:
Сұрақ – Жыныс клеткасы дегеніміз
Жауап: гамета.
Сұрақ – Тірі ағзалардың өз ата – енелерінен айырмашылығындағы ортақ қасиеті?
Жауап: өзгергіштік.
Сұрақ – Тұқым қуалау өзгергіштігіндегі сәйкес қатарлар заңын ашқан ғалым?
Жауап: Вавилов.
Сұрақ - Организмдегі барлық гендер жиынтығы не деп аталады?
Жауап: генотип.
Сұрақ - Бір белгіден айырмашылығы бар организмдерді шағылыстыру нәтижесінде алынған бір жұп аллель бойынша гетерозиготалы өнімдерді шағылыстырудың қай түрі дейміз?
Жауап: моногибрид.
Тігінен:
Сұрақ - Тұқымқуалайтын ақпараттық құрылымдық бірлік дегеніміз?
Жауап: ген.
Ата – тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қсиеті не деп аталады?
Жауап: тұқымқуалаушылық.
Сұрақ – Тіркес тұқым қуалау заңын қай ғалым ашқан?
Жаупа: Морган.
9. Сұрақ – қандай да бір белгіге әсер ететін генетикалық материалдың кенеттен, секірмелі өзгеруі не аталады?
Жауап: мутация
Сұрақ - Әр түрлі аллельді гендері бар зигота?
Жауап – гетерозигота.
Сұрақ – Организмнің барлық сыртқы белгілердің жиынтығы не деп аталады?
Жауап: фенотип.
Сұрақ – Ғылым ретінде генетиканың негізін салушы чех жаратылыс зерттеушісі?
Жауап: Мендель.
Сұрақ – Мендель тәжірибелерінің нәтижелерін өз замандастары бағаламады. Зерттеуші өмірден озғаннан кейін ғана әлемге әйгілі болды. Бірақ ғалымның тәжірибелері келесі ғасырда іске асты. Бұл тәжірибелерді дәлелдеген ғалымдардың бірі кім?
Жауап: Фриз
III Қорытындылау, Бағалау. Қай команда жеңіске жеткендігін анықтап, марапаттау. Оқушылардың сабаққа белсене қатынасуы бойынша бағалау.
IV. Үйге тапсырма: Мутацияның жіктелуі тақырыбына конспект жазып келу. Тақырып соңындағы сұрақтарға дәптерлеріне жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |