Пәні
|
Әдебиеттік оқу. 3-сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ж. Аймауытов «Торғай» (әңгіме)
|
Сілтеме:
|
Оқулық. 178-179б.б.
|
Оқыту мақсаты:
|
Әңгіменің негізгі идеясын түсінуге дайындау, басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне сипаттама және талдау жасауды үйрету.
|
Оқу мақсаттары:
|
- Оқушылардың «Торғай» әңгімесінің мазмұнын білуі;
- әңгіменің негізгі идеясын, оқиғаның себеп-салдарын түсінуі;
- кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасауға үйренуі.
|
Оқу нәтижесі:
|
Барлық оқушылар: «Торғай» әңгімесінің мазмұнын біледі.
Көпшілігі: әңгіменің идеясы мен мазмұнын түсінеді.
Кейбір оқушылар: әңгімедегі кейіпкерлерге талдау жасай алады.
|
Негізгі идеялар:
|
Сұрақ қоюға, жұппен талқылауға, топпен ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға ынталандыру.
|
Әдіс-тәсілдер:
|
Сұрақ-жауап, диалогтік әңгімелесу (топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме), сындарлы тыңдау, талдау, жинақтау, бақылау, қайталау
|
Тапсырма көздері:
|
Оқулық, оқулықтан алынған тапсырмалар, автор туралы мәліметтер.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Интербелсенді тақта, слайд, А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, құстар суреттері.
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті:
|
Оқушының іс-әрекеті:
|
Кіріспе
Мотивациялық кезең
5 минут
|
- Сәлемдесу
- «Ыстық алақан» тренингі
- Құстардың бейнесін құрастыру арқылы үш топқа біріктіру.
- Оқу мақсатымен, жетістік критерийлерімен таныстыру
|
- Бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді.
-Оқушылар үш топта бірігіп, берілген құстар туралы мәліметтермен танысады.
|
1)Білу
Тұсаукесер кезеңі
7 минут
|
-«Өзен» өлеңін жатқа сұрау.
(сындарлы тыңдау стратегиясымен)
|
Үйге берілген тапсырманы айтады.
Бір-біріне өлеңді жатқа айтады, бірін-бірі бағалайды. (ОүБ 1-3)
|
Негізгі бөлім
2) Түсіну
3 мин
Оқулықпен жұмыс.
7мин
Дәптермен жұмыс
2мин
Сергіту жаттығуы.
2мин
|
Автор жайлы мәліметтермен танысу мақсатында ресурстар әзірлеу, топтарға тарату.
Мәтінді түсініп оқу.
«Аквариум» (топтық жұмыс)
Мәтінді мазмұндық бөліктерге бөлу, жұмыс қорытындысы бойынша талдау.
Зейінін анықтауға арналған тапсырма.
|
Оқушылар жұпта бір-біріне баяндайды, топта берілген ресурстармен автор жайлы әңгімелейді.
Оқушылардың барлығы мәтін мазмұнымен танысады.
1 топ мәтін мазмұнын баяндайды.
2 топ сұрақтар әзірлейді, қалған топтар жауап береді.
3 топ кейіпкерлерге сипаттама жасайды.
Дәптерге мәтіннің мазмұндық бөліктерін жазады.
Сөздік (түртіп алу стратегиясымен):
Оқ бойы жер - жақын жер
Оқ көзі – сұсты, өткір көзі
Сойылша- бұл жерде, таяқ
«Айырмашылығын тап» тапсырмасын орындайды. (ОүБ2 дұрыс жауап көмегімен)
|
3) Қолдану
Топпен жұмыс.
6мин
|
«Зерттеушілік әңгіме»
І топ Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерді тауып, мәнерлеп оқы. Торғайдың осы халін өз сөздеріңмен мәтінге сүйене отырып суретте.
2 топ Жыланның арбауы мен жерге түскен торғайдың халін тауып, мәнерлеп оқы. Мәтінге сүйене отырып суретте.
3 топ. Торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерді тауып, мәнерлеп оқы. Ақбілектің әрекетіне талдау жаса.
|
Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды, басқа топ жауаптарын (ОүБ 2 «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы)
|
4) Талдау
3 мин
|
«Серпілген сауал»
-Мәтіннің авторы кім?
-Ж.Аймауытовтың «Торғай» әңгімесінің негізгі идеясы қандай?
-Мазмұннан біз не үйрендік?
-Ақбілектің орнында болсақ не істер едік?
-Қазіргі таңда Ақбілек сияқты балалар бар ма?
-Ақбілекке осылай жасауына не себеп болды?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
(ОүБ 1-3)
|
5) Жинақтау
5 мин
|
- Кеңейтілген тапсырмалар
1. «Оқты көз» тіркесін қалай түсінесің?
2. Сәйкестендіру
безек бауырлап
жер сұр жылан
білектей қағып
3. Торғай туралы бес сөйлем жаз.
|
Өз бетімен жұмысты орындайды.
Алған білімдерін толықтырып, түсіндіріп отырады. (ОүБ 2 өлшемдерге сәйкес)
|
6) Бағалау.
3мин
|
- Бүгінгі сабақтан біз не білдік?
- Сабақтың басында қойылған мақсатымызға жеттік пе?
- Осы сабақтан алған білімдерің қаншалықты маңызды?
|
Оқушылар өз жауаптарын жазып стикерлерге жазып іледі.
ОүБ 1 бағалау критерийлерімен.
|
Үйге тапсырма
2мин
|
Оқуға арналған тапсырма: Мәтінді оқып келу.
«Табиғатта кездесетін ғажайыптар» тақырыбында шағын эссе жазу.
|
|
Қысқа мерзімді жоспарлау туралы есебім
Бүгінгі сабағымның тақырыбы – Жүсіпбек Аймауытовтың «Торғай» әңгімесі. Оқыту мақсатым - әңгіменің негізгі идеясын түсінуге дайындау, басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне сипаттама және талдау жасауға үйрету. Осы сабағымның құрылымын Блум таксаномиясын негізге ала отырып құрастырған болатынмын. Бұл сабағымды да «Ыстық алақан» тренингін жүргізу арқылы бастап, құстардың бейнесін құрастыру арқылы үш топқа біріктірдім. Құрастырған бейненің артында тағы тапсырма болды. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар дем де топпен жұмыс жасауға белсене арасып кетті. Яғни, оқушылар сабақтың басынан ақ топпен жұмыс жасауға дағдылануда.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде жұпта бір-біріне «Өзен» өлеңін мәнерлеп айтып берді және бір-бірлерін түсіндіре отырып, «Бағдаршам» арқылы бағалады. Бірақ, бір-бірлерін бағалауда сенімсіздеу болып, әділ бағалай алмады. Өйткені, әлі де бір-бірін тыңдауға қалыптаса алмай жатыр. Өзіміз де «1-Бетпе-бет» кезеңде тындалымға екі апта дегенде үйренген болатынбыз. Сондықтан оқушыларымды жақсы түсінемін.
Әрі қарай топқа бөлінген құстардың атын анықтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстық. Автор туралы мәліметпен танысу үшін әр жұпқа ресурстар таратылды. Әуелі жұпта бір-бірімен, одан кейін топта талқылады. Алғашында жұпта дегеніммен олар іштерінен оқып, өздіктерінен оқып түсініп жатқан. Одан кейін бір-біріңе сұрақ қойып, талдаңдар дегенде, бір-біріне сұрақтар қойып талдай бастады. Қаншалықты талқылау жүргенін анықтау үшін әр топтан 1-2 оқушыға сұрақтар қойып, жауап алдым.
Мәтін мазмұнымен танысу үшін «Аквариум» әдісін қолдандым. Әуелі барлығы мәтінді іштей оқыды. 1-топ мәтін мазмұнын баяндады, 2-топ сұрақтар әзірлеп, сұрақтарын қойды, қалған топтар жауап берді, 3-топ кейіпкерлерге сипаттама жасады. Бір-бірін сағат тілімен «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалады.
Мәтін мазмұндық бөліктеріне әр топ ақылдаса отырып ат ойластырды, өз нұсқаларын оқыды. Дәптерге 3-топтың нұсқасын жазып алды. Түртіп алу стратегиясымен оқушылар жаңа сөздердің мағынасымен танысып, дәптерлеріне көшіріп алды.
Сергіту сәтіне оқушылардың зейінін және ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Айырмашылығын тап» ойынын ойнаттым.
Әр топқа үш түрлі тапсырма бере отырып, топта оқушылар тапсырмаларын талқылау барысында зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Өз тапсырмаларын қорғау кезінде оқушылардың мәнерлеп оқу дағдылары бар екендігі, бірақ әлі де өз сөздерімен жеткізе алуға сөздік қорларының жұтаңдығы кедергі келтірді.
Блум таксономиясының талдау кезеңінде «Серпілген сауалдар» әдісін қолдануым тиімді болды. Оқушылармен ашық сұрақтар көмегімен тікелей диаолог жүргізуіме мүмкіндік болды. Бүгінгі сабақта оқушылар сәл де болса өз пікірлерін білдіре бастады. «Ақбілектің орнында болсаң не істер едің?», «Ақбілекке осылай жасауына не себеп болды?» деген сұрақтарға Ж есімді оқушы «Ақбілектің орнында болсам жыланды өлтірмей-ақ торғайды құтқарып қалар едім. Өйткені жылан да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың әр бөлшегіне аяушылықпен қарауымыз керек» десе, Е есімді оқушы «Ақбілек әлсіз, аянышты торғайды аман алып қалу үшін жыланды өлтіруге тура келді» деп өз ойларын анық жеткізе білді.
Жинақтау кезеңінде оқушыларға жеңілден күрделіге қарай құрастырылған кеңейтілген тапсырмаларды жеке жұмыс ретінде әр оқушыға тараттым. Оқушылар өз шамаларына қарай тапсырманы орындап берді. Өлшемдерге сәйкес әр оқушы топта жеке бағаланды.
Кешегі сабаққа қарағанда бүгінгі сабақта оқушылар сабаққа белсене араласып, өз ойларын жеткізуге талпынды. Топта бірлесіп жұмыс жасауға, пікірлесуге біршама үйреніп келеді. Бірақ әлі де жұпта әңгімелесуге, сұрақтар қоюға төселе қойған жоқ. Келесі сабақта бұл кедергілер де азайса, жаңа әдіс-тәсілдер, оның ішінде формативті бағалау стратегияларды барынша енгізер едім.
Курс тыңдаушыс: А. Сатенова
Достарыңызбен бөлісу: |