Осы өлеңдегі қарт пен жігіттің арасындағы ұят пен ұятсыздыққа байланысты өздеріңнің алты түрлі ойларыңды білдіріңдер.
Ақ қалпақ Ақынның «Ар-ұят туралы» өлеңінде жалпы не жайында айтылған?
Қандай ақпарат ала алдың? Өз ойыңмен «Ұят» деген ұғымға қандай түсінік бере аласың?
Қызыл қалпақ «Ар –ұят туралы» деген өлеңдегі шал мен жігіттің бойында қандай қасиеттерді байқадың? Ол қасиеттердің қайсысынан аулақ болып,қайсысын өз бойымызға сіңіруіміз керек?
Сары қалпақ Шал мен жігіттің ерегесінен кейін қайсы кейіпкердің сөзі дұрыс, қайсы кейіпкердің сөзі бұрыс деп ойлайсың? Не үшін?Екеуінің артықшылығы мен кемшілігі бар ма?
Қара қалпақ Кейіпкерлердің жалпы адамзаттың басындағы осы ұят пен ұятсыздықтың пайдасы бар ма? Қандай түсінік бересің? Қайсы кейіпкердің іс-әрекеті аброй әпермейді?
Жасыл қалпақ Жігіттің ұятсыз мінезіне ,ерегесіне қандай ақыл , кеңестер айтар едің?
Көк қалпақ Болашақта ұят пен ұятсыздықтың қайсысынан аулақ болуымыз керек? Ақынның «Ар-ұят туралы» өлеңнен , айтпақ болған ойынан қандай ой түйеміз?