Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»



бет1/7
Дата01.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#2919
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Оқу ісінің меңгерушісі:___________________________ Джумагалиева Б.М /Жармуханов А.К

Күні: 09.03.2016

Сынып: 5 «а» «ә»

Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: өз бетінше талдау , зеріттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.

Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясы, сын тұлғасынан ойлау,

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, баяндау ,ұжымдық, проблема туғызу, алты ойшыл қалпақ, бес жолды өлең, топтастыру, ойын әдісі, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, музыка, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Үш топқа бөліп отырғызу.

4. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.




ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Қ. Аманжолов өмірбаяны туралы түсінік



2. «Жамырап күнде жас өмір» өлеңді жаттау.


  • Сандар сыр шертеді ойыны” ойнатылады .Интербелсенді тақтаның көмегімен алты сұрақ беріледі. Оқушылар сол сұраққа жауап қайыра білуі керек

  1. 1911-1955 өмір сүрген жылдар

  2. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды.

  3. 1924-1927ж Ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда тәрбиеленеді.

  4. 1943 жылғы "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма дүниеге келеді.

  5. 1949-1952 жылдары "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты.

  6. 1938 жылы Тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.

ІІІ.Жаңа тақырып. Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»



  • Сабағымыздың тақырыбы: “Ар-ұят”туралы.

Өлеңдегі түйінді ой?

Өлеңнен үлкенді сыйлауда ар-ұяттың адам өміріндегі маңызын,пайымдауға үйрену жайнда сөз болады. Оқиға Шал мен жігіттің арасындағы диалог арқылы өрбейді. Екеуінің арасындағы ерегес пен басталып ұяттың адам бойындағы маңызы көрінісі суреттеледі.

Автор өлеңді жазу арқылы, оқып шыққан оқырманға ұятсыздық адамға жақсылық ,аброй әкелмейтіндігін , ұяттың адам өміріндегі ең маңызды мінез екеніне көз жеткізе білген.
Жоспар.

1.Кіріспе:

Шал мен жігіттің ерегесі;



2.Негізгі бөлім

Ар-ұят туралы ақынның сөзі



3.Қорытынды.

Ар-ұят-кісілік белгісі.

Жоспарды дәптерге жазып. Түсініп оқып. Әңгімелеп береді.



  • «Жуан-жіңішке сұрақтар»

  1. Оқиға да жалпы қандай адамдық қасиеттер әңгімеленеді?

  2. «Ар-ұят» дегеніміз не?

  3. Кейіпкерлер кімдер?

  4. Ар-ұят,адамгершілік,намыс туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  • «Кейіпкерлер» стратегиясы

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Мінезі:

Ар ұят туралы мақал-мәтелдер.

Шал

Өлсең де ожданна ,ұяттан безінбеу керектігі, ар-намысты сақтап, ұятыңды білу туралы жігітке ұғындырды.

Ар-намысты,

Ожданды,


Адамгершілікті,

т.б.


Ажалдан әркім-ақ бір өлер,

Ұяттан бір емес,күнде өлер


Ұят-өлімнен күшті

Жігіт

Шалмен ерегесіп ұятыңды нан қылып езіп же деп, өзінің ұятсыз қылығын танытты

Арсыз,ұятсыз, бойында намысы жоқ

Қоянды қамыс өлтіреді,

Жігітті намыс өлтіреді.




«Бес жолды өлең» «Ар-намыс» туралы


1

Зат есім .Кім ? не?

Жігіт, Шал

2

Сын есім .Қандай?

Намысты, ұятсыз

3

Етістік .Не істеді?

Шал мен жігіт ерегесті,

4

Синоним .

Ар,намыс, ұят,ождан

5

Сөйлем (1 сөйлем)

Қоғамдағы ең бағалы адам – ол әдепті адам

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет