Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану. Сабақтың мақсаттары



бет11/30
Дата17.02.2017
өлшемі5,06 Mb.
#9515
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30


ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1235, №1237, №1243

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1240, №1245
Сабақты бекіту кезеңі:

  • Бағанды диаграмма не үшін қажет?

  • Бағанды диаграмма қалай сызылады?

  • Кесте қалай сызылады?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.


Үй жұмысы: № 1246, № 1249
Сабақ жоспары

№106


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №7

Сабақтың мақсаттары:


  1. Білімділік: Оқушылардың І тарауда өткен тақырыптары бойынша білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

2. Дамытушылық: Алған білімдерін жинақтау және тексеру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың әдістері: Өзіндік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Өткен тақырыпты қайталау:


  • Оң және теріс сандар

  • Координаталықтүзу

  • Қарама-қарсы сандар

  • Санның модулі

  • Рационал сандарды салыстыру

ІІІ Бақылау жұмысы:

І нұсқа

ІІ нұсқа

1 . Тік бұрышты АВС бұрышын салып, оның ішінен D нүктесін белгілеңдер:

a) D нүктесінен ВС қабырғасына параллель түзу жүргізіңдер;

б) D нүктесінен ВС қабырғасынан неше миллиметр қашықтықта?

2 . a және b түзулерінің қиылысуынан пайда болған < 1 = 400,

< 2 және < 3-тің градустық өлшемін табыңдар.
3 . Координаталық жазықтықта А(3; 2) нүктесін белгілеңдер. Ох осіне қатысты А(3; 2) нүктесіне симметриялы А1 нүктесін тауып, оны координаталарымен жазыңдар.
4 . Шеңберінің радиусы 25 см доңғалақ 100 рет айналғанда неше метр қашықтыққа барады?

А) 168 м; В) 157 м; С) 140 м; Д) 126 м.


5 . Есептеңдер: 3

А) 9; В) -2,5; С) -1,3; Д) -1,28.




1 . Градустық өлшемі 800 CDE бұрышын салып, оның ішінен A нүктесін белгілеңдер:

a) A нүктесінен DE қабырғасына параллель түзу жүргізіңдер;

б) A нүктесі DE қабырғасынан неше миллиметр қашықтықта?

2 . c және d түзулерінің қиылысуынан пайда болған < 1 = 500,

< 2 және < 3-тің градустық өлшемін табыңдар.
3 . Координаталық жазықтықта А(4; ) нүктесін белгілеңдер. Оy осіне қатысты А(4; 3) нүктесіне симметриялы А1 нүктесін тауып, оны координаталарымен жазыңдар.
4 . Шеңберінің радиусы 50 см доңғалақ 150 рет айналғанда неше метр қашықтыққа барады?

А) 471 м; В) 356 м; С) 275 м; Д) 450 м.


5 . Есептеңдер: 4

А) 1,8; В) 1,7; С) 1,9; Д) 2,3.


Сабақты қорытындылау: Оқушылардың дәптерлерін жинап алу.

Сабақ жоспары

№107


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың өтілген тарау бойынша білім, біліктілік, дағдыларын бекіту.

Дамытушылық: Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Сабақтың әдістері:Практикалық

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Бақылау жұмысын талдау:

  • Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

  • Бақылау жұмысында қиындық туғызған есептерді талдау

  • Қатемен жұмыс жасау

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1224, №1225, №1226, №1227
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1228, №1229

Сабақты бекіту кезеңі:



  • саны неге тең?

  • Шеңбердің ұзындығы неге тең?

  • Дөңгелектің ауданы қалай табылады?

  • Шар тәрізді денелерге мысал келтіріңдер?

  • Сфера деген не?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №1230, №1231, №1232

Сабақ жоспары

№108

Пән: математика



Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:. Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін және функцияның берілген мәніне аргументтің сәйкес мәнін анықтауға есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: Практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: электоронды оқулық

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Жаңа сабақ
Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.

Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады.

Тәуелді айнымалы - осы аргументтің функциясы немесе функция деп аталады.

Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: у═f(х), оқылуы «икстен эф», мұндағы х –аргумент, у – функция, ал f функцияның аргументке тәуелділігі бір ережеге сәйкес жазылғанын білдіреді.


ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Ауызша: №1255
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1256, №1257, №1258
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1259, №1260
ІV. Сабақты бекіту кезеңі:

  • Функция дегеніміз не?

  • Аргумент деп қандай айнымалыны айтамыз?

  • f(3) ═9 жазылуындағы аргументтің, функцияның мәндерін атаңдар.

  • Функцияның анықталу аймағы деген не?

  • Функцияның мәндерінің аймағы деген не?

V. Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.


VІ. Үй жұмысы: №1261, №1262
№109

Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Функцияның анықтамасымен, анықталу және мәндер аймағымен таныстыру. Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін және функцияның берілген мәніне аргументтің сәйкес мәнін анықтауға есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың әдістері: Практикалық
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру



  • Функция дегеніміз не?

  • Аргумент деп қандай айнымалыны айтамыз?

  • f(4) ═10, f(12) ═48, f(35) ═140 жазылуындағы аргументтің, функцияның мәндерін атаңдар.

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:



Ауызша: Логикалық есеп

Ш(х) –баланың шешесі, Ә(х)-баланың әкесі.

Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?


  1. Ш(Ә(х)); 2) Ш(Ш(х)), 3) Ә(Ә(х)); 4) Ә(Ш(х))?



Тақтада орындалатын тапсырмалар: №1272, №1273, №1274
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1276, №1279
ІV. Сабақты бекіту кезеңі:


  • Функцияның анықталу аймағы деген не?

  • Функцияның мәндерінің аймағы деген не?

V. Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

VІ. Үй жұмысы: №1280, №1281

№110


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Функцияның кестемен берілуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсат: Оқушылар кестемен берілген функционалдық тәуелділікті түсіндіру, функционалдық тәуелділікті кестеге толтыруын үйрету;

Дамытушылық мақсат: Оқушылардың білімділік дағдыларын қалыптастыру, аргументнің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды және функцияның мәніне сәйкес аргументнің мәнін табуды үйрену

Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды өзара көмекке үйрету, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет