Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Оқушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
Оқушыларды жұпқа бөлу/ Қосымша №1
Мақсаты: Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін
шағын топтарда жұмыстану қолайлы болғандықтан, жұпқа бөлу қажет.
Орындалуы: оқушыларға тақырыпқа қатысты терминдік сөздік
жазылған кеспе қағаздар ұсынылады. Оларды сәйкестендіре отырып,
жұпқа бөлінеді.
Дағдылар: білу, түсіну
Сөзжұмбақ шешу /Қосымша №2
Мақсаты: Оқушыларға қайталау сұрақтарын бере отырып, сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсатын айқындау. Оқушылардың ынтасын арттыру.
Орындалуы: Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып «бөлу» кілт сөзін
алады, сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсаты таныстырылады.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Оқу мақсаты: 5.1.2.23
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
Бағалау критерийлері:
1.Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін ережесі қолданылатынын біледі;
2. Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алу керектігін біледі.
Үй тапсырмасын тексеру
Орындалуы: Әр жұп бір-бірімен дәптерлерін алмастыра отырып, тапсырмалардың орындалуын тексереді.Өте жақсы орындаған оқушы жұмысы сканерленіп интерактивті тақтаға үй жұмыстарының шешімдерін көрсетіледі;
Дағдылар: білу, түсіну, қолдану
Бағалау: Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау
Сабақтың бағалау критерийлері мен тілдік мақсат айтылады.
2.1.Мағынаны тану: Мазайка құрастыру /Қосымша №3
Мақсаты:Оқушылар жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алу икемділіктерін жетілдіру, яғни математикалық сауаттылыққа үйрету
Орындалуы: Оқушыларға нұсқаулық түсіндіре отырып, сұрақтар ұсынылады.Сұрақтар бойынша жұптар ережелерді дұрыс тұжырымдай алу қажет. Әрбір жұптың жауаптары дұрыс болған жағдайда мазайка құрастырады.Егер барлық сұрақтар дұрыс жауапқа ие болса, кеспе қағаздардың екінші жағынан шырша құрастырады.Оқушылардың іс-әрекеттеріне сай бағалайды.
Дағдылар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау
Бағалау: өзара бағалау (О-О, М-О)
-Жай бөлшектерді көбейту ережесі?
-Натурал сан мен жай бөлшекті көбейту ережесі?
-Жай бөлшек пен аралас санды көбейту ережесі?
-Аралас сандарды көбейту ережесі?
-Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу ережесі?
-Жай бөлшекті аралас санға бөлу ережесі?
-Натурал санды жай бөлшекке бөлу ережесі?
-Жай бөлшекті натурал санға бөлу ережесі ?
-Аралас сандарды бөлу ережесі?
Жауаптар:
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. Ережені әріптермен жазсақ:
Мұндағы - натурал сан немесе 0 саны, натурал сандар.
Мысалдар:
Санды нөлге бөлуге болмайды. Себебі кез келген санды 0-ге көбейткенде көбейтінді 0-ге тең болады.
Аралас санды аралас санға бөлу
Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек.
Натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлу
Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.
|