Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектерді қосу және азайту



бет1/3
Дата27.11.2019
өлшемі245,42 Kb.
#52574
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
000a970d-dfb2fbbf


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.2АЖай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: Ш.Берсиев атындағы ОМ

Күні:14.11.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзағали. А

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау

5.1.2.18 бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау



Сабақтың мақсаты

Барлығы:

- бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту мен натурал саннан бөлшекті азайтудың ережесін біле отырып, есептер шығарады

Кейбіреуі:

- жай бөлшектерді қосу және азайту амалын мәтін есептер шығаруда қолдану



Бағалау критерийі

  1. бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтудың ережесін біледі;

  2. натурал саннан бөлшекті азайтады;

  3. бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығара алады;

  4. жай бөлшектерді қосу және азайту амалын мәтін есептер шығаруда қолдана алады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қосу,азайту,алым,бөлім,жай бөлшек,дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшек



Диалогқа /жазылымға қажетті тіркестер:

-бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) үшін,...керек;

-бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу (азайту) үшін,...керек;

-толықтауыш көбейткішті табу үшін,...керек;

-бірінші бөлшектің толықтауыш көбейткіші ... болады;



Құндылықтарға баулу

-Өз бетімен, топпен жұмыс жасау мәдениетін дамыту

-бірін-бірі сыйлауға, бірлікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа үйрету, сыни тұрғыдан ойлау, жауапкершілікке баулу



Пәнаралық байланыс

Информатика, геометрия

АКТ-ны қолдану дағдысы

Интерактивті тақта, презентация, видеоролик

Алдыңғы білім

Жай бөлшек, дұрыс және бұрыс бөлшек ұғымын біледі; натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін таба алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


І. Ұйымдастыру кезеңі

3мин


Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылар арасында белсенділікті арттыру мақсатында топтарға бөлінеді

Мұғалім үй тапсырмасын сабақ соңында оқушылардың жұмыс дәптерлерін жинап, тексереді. Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады:

-Жай бөлшек дегеніміз не?

-Жай бөлшектің неше түрін білеміз?

Осы сұрақтың жауабын (дұрыс, бұрыс, аралас сан) білгеннен кейін сол бойынша оқушыларға кеспе қағаздары таратылып аралас топқа бөлеміз.

І топ: дұрыс бөлшектер

ІІ топ: бұрыс бөлшектер

ІІІ топ: аралас сан


Үлестірмелі кеспе қағаздары

ІІ. Миға шабуыл

12 мин

«Баспалдақ» стратегиясы

(деңгейлік тапсырмалар)

15 мин

Сергіту сәті

3 мин


І топқа 1-тапсырма:

Оқушыларға жұптасып, 2х4 өлшемді тіктөртбұрыш салу және оны бірдей сегіз бөлікке бөлу ұсынылады. 3/8 бөлігін көк түске, ал 2/8 бөлігін қызыл түске боятқызып, сұрақтар қоямын.

1.Тіктөртбұрыштың барлығы қанша бөлігі боялған?

2.Орындалған әрекетті санды өрнектің көмегімен қалай жазуға болады?

Дескриптор:


  • 2х4 өлшемді тіктөртбұрыш салады;

  • тіктөртбұрышты бірдей сегіз бөлікке бөледі;

  • 3/8 бөлігін көк түске бояйды;

  • 2/8 бөлігін қызыл түске бояйды;

  • Сұрақтарға жауап беріп, қосу ережесін қорытып, формула құрастырады;

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтуды қалай орындау керектігін түсіну үшін жұппен практикалық жұмыс орындайды:

Қағаздан ұзындығы 9см,ені Қағаздан ұзындығы 9см,ені 1см болатын жолақ кесіп алу керек. Сұрақ: осы жолақтың көмегімен 7/9-2/9 азайту амалын қалай көрсетуге болады?

Дескриптор:



  • Сұрақтарға жауап беріп, азайту ережесін қорытып, формула құрастырады;







ІІ топқа 2-тапсырма. Берілген дескриптор бойынша есепті шығарып, тұжырым жаса







Дескриптор:

1.Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді

2.Ортақ бөлімді әр қосылғыштың бөліміне бөледі (осы бөлгіш толықтауыш көбейткіш).

3.Толықтауыш көбейткішті қосылғыштардың алымдарына көбейтеді

4.Бөлімін өзін жазып, алымдарын қосады

5. Осы шығарылған мысалға қарап, тұжырымдама айтады.
ІІІ топқа 3-тапсырма:

Мысалдарға назар аудара отырып, берілген есептің шешуімен алгоритм құрастыр:



қысқаша

Осы есептің алгоритімін оқушыларға көрсете отырып, дескриптордың не екенін, оның пайдасы айтылады.

Жаңа сабақты қорытындылау үшін, визуалды құрал ретінде шағын демонстрациялы видеоролик көрсетіледі.

Мұғалім әр топтың мүшесінің біреуінің пікірін тыңдап, мадақтау арқылы әр топты бағалайды.

Оқушылармен кері байланыс жасау үшін БББ кестесі беріледі. Осы кесте арқылы жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін, олардың қажеттіліктерін анықтаймыз.

Білемін

Білгім келеді

Білдім









«Баспалдақ» стратегиясы арқылы әр топ өз деңгейіне байланысты баспалдақ сатысының төменнен жоғарыға қарай (есептің жеңілінен күрделісіне бағытталған) шығатын есептер мен тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың алдына 3 түрлі түсті смайликтің артына жазылған тапсырма беріледі. Мұғалім сырттай бақылай отырып, дұрыс шығарған оқушының басынан сипау арқылы дұрыс екендігін білдірсе, есепте қателік кездескен жағдайда қайта қарау керек екенін ескертеді. Дұрыс есеп тақтадағы баспалдақтың суретінің үстіне жабыстырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет