Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі эфирлер Жалпы мақсаты



Дата14.02.2020
өлшемі31,99 Kb.
#58065
түріСабақ
Байланысты:
Жай және күрделі эфирлер


Мұғалімнің аты-жөні

Коробаева З. Ж

Тексерді:-------------------ДОІЖО

Сыныбы

11

Пәні :химия

Күні: ----------------

Сабақтың тақырыбы:

Жай және күрделі эфирлер


Жалпы мақсаты

Жай және күрделі эфирлердің құрамы, құрылысы , атаулары мен қасиеттерін туралы білім беру, «Эфир» жайлы, түсінік қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Жай және күрделі эфирлер туралы білімдері қалыптасады. Жай эфирлердің және күрделі эфирлердің гомологтары , изомерлерінің формуласын құрастыру,химиялық қасиеттерін,алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құра білу білім және дағдылары қалыптасады.

Негізгі идеялар

Жай және күрделі эфирлердің қасиеттері . Диалог әдісі арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар, виртуалды зертхана дискілері

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі, «Галлереяға саяхат» әдісі


Жеке оқушылармен жұмыс

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушылар бір-бірімен түрлі тәсілмен амандасады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Карбон қышқылдары дегеніміз не? Жалпы формуласы қандай?

2.Карбон қышқылдары қалай жіктеледі?

3. Қанықпаған карбон қышқылы дегеніміз не? Мысал келтір

4. Қанықпаған карбон қашқылдарының қаныққан қышқылдрға ұқсас қандай химиялық қасиет тән?

5. Қанықпаған көмірсутектерге тән қандай реакциялар қанықпаған карбон қышқылдарында болады? Мысал келтір

Кеспе қағаздар тарату

1.Молекуласында 4 көміртек атомы болатын карбон қышқылының салыстырмалы молекулалық массасы

2. 2-метилбутен-2 қышқылының құрылымдық формуласын жаз

3. 2-этилпропан қышқылының формуласын жаз



ІІ. Миға шабуыл

Түрткі сұрақтар : :«Эфирлер » дегенімізді қалай түсінесіңдер ?



ІІІ кезең Негізгі кезең .Жаңа сабақ : Жай және күрделі эфирлер

Семантикалық карта толтыру

Жоспар

Жай эфирлер

Күрделі эфирлер

Анықтамасы

Молекуласындағы 2 көмірсутек радикал бір-бірімен оттек атомы арқылы байланысқан орг. қосылыстар

Олар өте маңызды табиғи қосылыстар

Жалпы формуласы

R-O-R




Атаулары мен изомерлері

Диметил эфирі, метилэтил эфирі.

Құмырсқа қышқылының метил эфирі, сірке қышқылының этил эфирі

Алу тәсілдері

1.Спирттерді молекулааралық дегидратациялап алады

1. Табиғи өнімдерден алады

2. Этерификация (спирт+карбон қышқылы)

Физикалық қасиеттері

Эфирлер суда нашар ериді, судан жеңіл

Түссіз сұйықтықтар, суда ерімеді

Химиялық қасиеттері

Олар гидролизденбейді

1.Гидролизденеді (этерификацияға қарсы реакция)

Қолданылуы

Медицинада наркоз ретінде, өндірісте, оқ-дәрі жасауда

Парфюмерияда, техникада, медицинада


ІҮ кезең .Қорытынды

1.ДДК карточкаларын тарату: оттекті органикалық қосылыстардың ішінен эфирлерді тауып аттарын атаңдар

2. №3 жаттығу

3. №5 есеп

Үйге тапсырма: 10.1-10.2 оқу, №4, 7 орындау, венн диаграммасын толтыру

Венн диаграммасы

Жай эфирлер

Ұқсастығы

Күрделі эфирлер



Бағалау

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу

Оқушы іс-әрекеті

А) апайымен

Б) құрбысымен

В) көптен күткен туысымен


Сұрақтарға ауызша жауап береді

Жеке тапсырмалар орындайды

Оқулықпен жұмыс.


Жаттығу жұмыстарын оқушылар жеке орындап,





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет