Топтар бір-бірін қасық арқылы бағалайды.
«Кім жылдам» ойыны. Барлық оқушылар сөзжұмбақта жасырылған ертегі кейіпкерлерінің аттарын тауып, бояйды.
Қ.Б. От шашу арқылы өзін-өзі бағалайды.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.
Бағалау критерийлері:
- Жалқы және жалпы есімдерді пайдаланып, өз бетімен берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырады.
Тапсырма
Берілген тірек сөздерді пайдаланып суреттерді қолдана отырып, «Құсқа қамқорлық» деген тақырыпқа әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: қыс мезгілі, суық күн, Айжан, Алихан, Нұржан, саябақ, көгершін, көрді, ұша алмайды, қанаты сынған,үйге әкелді, ұя жасады, ағашқа ілді, босатты, жем шашып тұрды, қуанды.
Дескриптор
- тақырып пен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын
тұспалдап айтады;
- тақырып бойынша әңгіме құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
-жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |