4-тапсырма «Кім шапшаң»
Содан кейін оқушыларға топқа бөлінгенде жинаған суреттері бойынша қысқаша диалог құрастыруға 5-7 минут уақыт беріледі. Зерттеуге алған Нұрәділ, Нұрболат сынды оқушылардың іс-әрекеті сараланып отырады. Сонымен қатар, топтың табысты жұмысы адалдыққа негізделетінін оқушыларға ескертіп отыру қажет.
Алдын ала бағалау парағын үлестіріп қоямын. Көшбасшы бағалау парағын толтырып отырады.
Бағалау парағының параметрлері:
Терминдермен жұмыс жасай білуі – 1 ұпай
Суреттерді қолдана білуі -2 ұпай
Құрылысын білу-3 ұпай
Атқаратын қызметі-4 ұпай
Тақырыпты жеткізе білуі-5 ұпай
Сұрақтарға жауап берулері, бірін бірі толықтыруы-1,2,3 ұпай
Үй тапсырмасының орындалуына-5 ұпай
♫♫ Таң қалдыратын жауап-5 балл.
Назарларыңызға: әр жауапты нақты және термин сөздерді есте сақтауы және оны қолдана білуі, жауаптың толық және нақтылығы.
(Әр топтың жауаптары тыңдалады да, тапсырмаларға коррекция жасалып, бағалау парақтары толтырылады.)
4- тапсырма.
«Менімен таныс бол» мәтінді кітаптан оқып, таныс болады
5-тапсырма
1. «Архиолог» ойыны термин сөздермен жұмыс
2. «Біріңді-бірің түсін» шығармашылық тапсырма
Сонымен бірге мәтінмен жұмыс жүргізу мақсатында нұсқаулық беріледі. Оның параметрлері:
Мәтінді іштей оқып шығыңдар.
Мәтінді дауыстап оқып шығыңдар.
Түсінбеген сөздерді қарындашпен белгілеңдер.
Мәтінді (құрылысын бір топ,қызметімен маңызын екінші топ бөліп алып) мазмұнын сыни тұрғыдан өздері оқып үйренеді.
Топтың «Спикерлері» қорғайды (диалог)
Мұғалімнің назарына:
Уақытты қадағалап отыру.
Әр параметрдің жүзеге асырылуын талдап отыру.
Тек биологиялық термин сөздерді пайдалану..
Аурудың түрлерін білуіне, қолдануына назар аударту.
Мағынасын түсіндіруде ым, мимиканы т.б. қолдану.
|