Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні: .01.19ж № 18 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақжарқындылық пен оптимизм
Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік. Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д»
Сабақтың мақсаты: Сыйластық өзіңді сүюден, өзіңді жақсы көруден, өзіңді - өзің құрметтеуден басталатындығын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: - бәрін жақсы көре білуге үйрету;
Дамытушылық: - отбасындағы сүйіспеншіліктің жандануына ықпал жасау;
Тәрбиелік: - ақкөңілділікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар: оқулықдәптер, түрлі-түсті қалам.
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Талап , Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену «Нұрға бөлену»
|
|
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Дос болайық бәріміз! Сөзі – Х.Талғаров
Әні – И.Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз, Қайраттанып қарышта,
Ажырамас іргеміз. Озып шыққан жарыста. Ілгері жүріңдер, Батыл бас, жас ұлан!
Достық жырын біліңдер, Самға биік, алысқа,
Ту ғып ұстап бірлікті! Жұлдыздарға, ғарышқа,
Еңбекті сүйіңдер! Бойда күш тасыған.
Қ-сы: Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
|
|
3.Дәйексөз
« Аз сөйлер де, көп тыңдар,
Хас асылдың баласы» Махамбет Өтемісұлы
Асыл тас деген не?
Асыл адам деген қандай?
Үлкендер айтқанда сен тілаласың ба?
|
|
4.Әңгімелесу
Жарты құрт Шәкен Күмісбаев
Әженің іс-әрекетінен не түсінуге болады?
Өмірге үмітпен, сеніммен қараудың маңызы қандай?
Оптимист адамның әрекеттері қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оптимис болу адамның бойында қандай қасиеттерді дамытады?
Өзіңді оптимиспін деп ойлайсың ба?
|
|
5.Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Төмендегі көрнекті адамдардың пікірлерін оқып, ақжарқын, оптимис болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек екендігі жайлы ойларыңды жазыңдар.
... Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын нәрсе жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес. Жүсіп Айтмауытов.
... Қуанышсыз тән саулығы мен жан саулығының үйлесімді болуы мүмкін емес. В.Сухомлинский.
... Көңілді адам – әрқашан ажарлы адам. М.Горький.
Үлгі: «Бұл пікір туралы мен бұрын ойланғаным жоқ, бірақ бүгін ...»
- «Менің ойымша, бұл пікірде ең маңыздысы болып ...»
- «Барлық пікірлермен таныса отырып, мен ойландым ...»
2-тапсырма: Сабақта меңгергенімізді баспалдақтарға жазамыз:
МЕН
|
|
түсіндім
|
|
таңғалдым
|
|
үйрендім
|
|
ойландым
|
қызықтым
|
3-тапсырма: «Жел мен Күн» мәтінін оқып, адамгершілік қасиеттерді теріп жазыңдар.
Оптимизм бұл дүниеге үміт көзімен, сеніммен қарау дегенді білдіреді. Оптимист адам өмірдегі алуан түрлі құбылыстарға жақсылық көзімен қарап, жағымды қабылдай алады. Ол – бола -шаққа мейірімділік сезіммен ұмтылатын жан. Жағымды ойлар мен өмірге деген оптимистік көзқарас басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатудың, табысқа жетудің көзі болып табылады.
|
|
6.Топпен ән айту
Дос болайық бәріміз! Бәріміз бірге айтамыз...
|
|
7.Үйге тапсырма
Келесі сабақ: «Жас дәуірдің гүліміз» өлеңін жаттап келу.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Сау болыңыздар!!!
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
№ 75 мектеп-гимназия Мерзімі: .01.19 жыл. №19 сабақ
Сабақ тақырыбы: Ақкөңілділік туралы
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, қарапайымдылық, кішіпейілдік, кешіре білу.
Мұғалім: Сейденова А.Т. Сынып: 3 «А;Ә,В,Б,Д» Оқушы саны: 14
Сабақтың мазмұны:
|
Ресурс
|
Сабақтың мақсаты: Кешіре білу парасаттылықтың негізі екендігін түсіндіру .
Міндеттері:
Білімділік: - басқалардан жақсылықты іздеуге үйрету;
Дамытушылық: - тек шындықты айтып ақиқат құндылығын бала бойына қалыптастыру;
Тәрбиелік : - қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер стикер, видео.
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.
Тыныштық сәті: «Орманға саяхат»
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Жас дәуірдің гүліміз Ермек Өтетілеуов
Бау, бақша, белдер, Өзіміз туған,
Орман, тау, көлдер - Көбелек қуған –
Көрікті шексіз даламыз. Өлкеде өсіп, толамыз.
Дәулеті тасқан, Жалықпай оқып,
Сәулеті асқан - Көңілге тоқып –
Көңілді ауыл, қаламыз. Білімді адам боламыз.
Қ-СЫ: Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз!
|
|
3. Дәйексөз. Жүсіп Баласағұни
Ақкөңілділік – адам ойының тазалығының көрінісі
Ойдың тазалығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Ақкөңіл адамның бойында қандай қасиеттер болады?
|
|
4. Әңгімелесу.
Рақым Ермек Өтетілеуов
Сағаттың кеудешені ұсыну себебі неде?
«Шын жақсыда тарлық жоқ», дегенді қалай түсінесіңдер?
Сағаттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады?
Ақкөңілділікті адамның бойындағы тағы қандай қасиет- термен теңеуге болады?
Өзіңнің ақкөңілділік танытқан кезің болды ма?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
1- тапсырма: Ақкөңілділік қасиетін қандай сөздермен сипат- тауға болатынын анықтап, сәйкес сөздерді жазыңдар.
Ақкөңіл
ділік
2 – тапсырма: Қажетті сөздерді пайдаланып, жұптасып диалог құрыңдар: ақкөңілділік, ақниеттілік, адалдық, ақжарқындылық, ақпейілділік.
Мысалы: - Ақкөңілділік не үшін қажет?
-Жаныңдағы адамдарды түсіну үшін.
Ақниеттілік не үшін қажет? ............
Адалдық не үшін қажет? ...............
Ақжарқындылық не үшін қажет? .............
Ақпейілділіу не үшін қажет? ................
3-тапсырма: Сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.
Ақкөңіл адам әрқашан ..............
Ақкөңіл адамның бойында ..............
Ақкөңілділік дегеніміз ....................
Ақкөңілділіктің маңызы зор, өйткені ...............
Ақкөңілділік басқа адамдар үшін .....................
Көңілі таза, пейілі ақ, ниеті адал, ықыласы мол адамды ақкөңіл дейміз. Ол адам басқаларға тек жақсылық тілейді. Ол – әрқашан сезімтал, жанашыр, мейірімді. Айналасындағыларға үнемі көмек беруге, қолдау көрсетуге даяр тұрады. Адамдарға қуаныш, шаттық, бақыт сыйлайды.
|
|
6. Топпен өлең айту. Жас дәуірдің гүліміз
Бау, бақша, белдер, Өзіміз туған,
Орман, тау, көлдер - Көбелек қуған –
Көрікті шексіз даламыз. Өлкеде өсіп, толамыз.
Дәулеті тасқан, Жалықпай оқып,
Сәулеті асқан - Көңілге тоқып –
Көңілді ауыл, қаламыз. Білімді адам боламыз.
Қ-СЫ: Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз!
|
|
7. Үй тапсырмасы.
Келесі сабақ: «Ақкөңілділік» сөзіне А-4 қағазына ребус жасап келу.
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.
Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Сау болыңыздар!!!
|
|
Өзін өзі тану сабақ жоспары
Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні: .01.19ж № 20 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақкөңілділік туралы
Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық. Мұғалім : Сейденова А. Т. Сынып: 3 «а,ә,в,б,д» Оқушы саны: 14
Сабақтың мақсаты : кешірімді болудың құралы сүйіспеншілік құндылығы екендігін түсіндіру. Сабақтың міндеттері Білімділік: - кешірімшіл бола білуге үйрету; Дамытушылық : - адамдарға риясыз қызмет етуге баулу; Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу.
|
Ресурсоқулық дәптер, түрлі-түсті қалам.
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.
Жағымды көңіл-күйге ену «Орманға саяхат»
2.Үй тапсырмасын сұрау.
«Ақкөңілділік» сөзіне А-4 қағазына жасап келген ребус- тарын қорғайды.
|
Сазды әуен Хрустальный грусть
|
3.Дәйексөз
|
|
4.Әңгімелесу
Мейірбан Ермек Өтетілеуов
Адамның бойындағы мейіірімділік қайдан туындайды?
Ақкөңіл, мейірімді болудың маңызы неде?
Ақкөңілділік қандай іс-әрекеттер арқылы көрініс табады?
Өзің айналаңдағы адамдарға ақкөңілділігіңді қалай білдіріп жүрсің?
|
|
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беру және әңгіме құрап айту.
Аулада балалар не істеп тұр?
Кішкентай қыз неге жылап қалды?
Оның қасына кім жақындап келді?
Қыз неліктен жылағанын қойды?
Баланың іс-әрекетінен нені көруге болады?
2-тапсырма: «Досым және мен» өлеңін оқып, ондағы жақсы қасиеттерді теріп жаз. Мұхафар Әлімбаев
Досым бар жуас, момақан, Ол дағы мендей төлімді
Мінезін мен де ұнатам. Байсалды жүріс-тұрысы.
Ол дағы зерек-зейінді, Сабырлы десең – сабырлы
Оқиды кітап бас алмай. Құдды бұл үлкен бір кісі.
Білмейді қажып, кеюді, Қызықпай қарар кім бізге,
Болып ал біздің Досандай! Бекерге дос боп жүрміз бе?!
|
|
Топпен ән айту Қ.Жұмағалиев Таң атады арайлап, Дала гүлін жинаған Күн күлімдеп туады. Жазып ерлік дастанды. Жадырайды бар аймақ, Аталарым сыйлаған, Жарқырайды шуағы Бізге ашық аспанды.
Жарқын заман бөбегін Аялайды нұрлы таң. Алтын бесік өз елім, Туған өлкем Ұлы Отан.
|
|
Үйге тапсырма. Келесі сабақ: «Менің досым» тақырыбына кітапша жасап келу.
|
|
Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде .
|
|
Мектеп №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.19ж № 21 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Жомарттық пен кеңпейілділік
Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, жан-жануарларды жақсы көру, бауырмалдық, достық, татулық.
Мұғалім : Сейденова А. Т. Сынып: 3 «а,ә,в,б,д» Оқушы саны: 14
Сабақтың мақсаты : Досқа адалдық сүйіспеншілік құндылығының негізі екендігін түсіндіру . Сабақтың міндеттері Білімділік: - айналадағының бәрін жақсы көру достық сезімді нығайтатындығын үйрету; Дамытушылық : - жан-жануарларды жақсы көруге, олармен достық қарым-қатынас жасай білуге баулу; Тәрбиелік: - бауырмалдыққа, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
|
Ресурс оқулықдәптер, түрлі-түсті қалам.
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.
Жағымды көңіл-күйге ену «Су астына саяхат»
2. Үй тапсырмасын сұрау.
«Менің досым» тақырыбына жасап келген кітапшаларындағы әңгімесін оқиды.
|
Сазды әуен Хрусталь-ый грусть
|
3. Дәйексөз Жүсіп Баласағұни
«Адамның қадірлісі – жомарт кісі»
Жомарттық дегенііміз не?
Қадірлеу дегенімізді қалай түсінесің?
|
|
4. Әңгімелесу
Жомарт Ы.Алтынсарин
Атымтай жомарттықты қалайша түсіндірді? - Жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады? - Жомарт адам болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар? - Сеніңше жомарттықты тағы қалай көрсетуге болады?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Мәтінді оқып, түйінді сөздерді теріп жаз.
2-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақалдарды жазыңдар.
Қажетті сөздер: жомарт, кең, сыйлық, жолы ашық, жомарт, кеңпейілдік, жомарттық.
........................ бергенін айтпайды.
.......................... жолыңды ашады.
.......................... адам аш болса да, тоқпын дейді.
Сыйлықтың жақсысы – шын көңілмен берген.
........................ болсаң – кем болмайсың.
Қолы ашықтың - ....... ...... .
........ .......... ішінде кен жатады.
3-тапсырма: Ерекшеліктері мен ортақ тұстарын дәптерлеріңе жазыңдар.
Жол жомарттығы
|
Қол жомарттығы
|
Барша адам баласы жүрген-
тұрған жерлерінде елге жақсы қылық, жарасымды мінез, жылы шырай көрсетеді. Үлгі-өнеге таратып, өзгелерге жол беріп, басқаларға жақсы әсер етеді. Жолда жатқан бір тал кесек бол са, ерінбей алып тастап, басқа адамдардың жамандық көрмеуі- не мүмкііндік тудырады. Мұны қазақ халқы «жол жомарттығы» деп атайды. Жол жомарттығы на жолда жатқан ит, мысық, тышқан, құс, жан-жануарлар өлексесін алып тастау жатады. Адам сүрініп жығылатын тасты, томарды, табанға кіретін тікен- ді, көзге тиетіндей ағаш сияқты заттардан тазалау керектігі саналады.
|
Жомарттық ең ізгі, ең асыл қасиеттер қатарына жатады. Қазақ халқы «қол жомартты- ғын» адамгершілік пен ізгілік- тің нақты көрінісі деп бағала- ған. Әрдайым ұрпақтарын қолы ашық, жомарт, ақкөңіл, ашық-жарқын болуға баулыған. Өнеге лі ата-аналар перзентінің бойы- на «Қол жомарттығын» сіңіру- де өзінде барымен бөлісуге, қолындағы барын аямауға, қиналғандарға қол ұшын беру- ге; қамқорлық жасауға, сұрай келгендерді құр қол қайтармау- ға үйреткен. Қол жомарттығы адамды ізгілікке жетелеген. Адамдар арасындағы достықты, татулықты, береке-бірлікті нығайтады.
|
Кеңпейілділік – бұл ниеті түзулік, мінезі ашықтық, жүрегі жұмсақтық. Кеңпейіл адам ешкімнің ала жібін аттамайды, бар лық адамдарға қол ұшын беруге даяр, жомарттыққа бейім бола -ды. Кеңпейілділік туралы қазақ атам «Кең болсаң, кем болмай- сың» деп тауып айтқан.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |