Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №1 сабақ Құндылық: Ақиқат



бет4/8
Дата30.10.2019
өлшемі226,52 Kb.
#50818
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-34-c. 3ынып-1



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 75 мектеп-гимназия Мерзімі: .12. 2018 жыл.

Сабақ тақырыбы: Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады №15 сабақ

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, бауырмалдық.

Мұғалім: Сейденова Адиса. Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншілікпен жасалған жақсылық адамды нұрландырады.

Міндеттері: Білімділік: - айналадағының бәрін жақсы көре білуді үйрету; Дамытушылық: - отбасындағы сүйіспеншілікті орнатуға баулу; Тәрбиелік: - ақкөңілділікке, бауырмалды- лыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер

стикер, видеопро ект



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі 5 «Т» ережесін сақтау.



Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына ойша саяхат».

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Анашым» Әбдірахман Асылбек

Айналайын анашым - Айналайын аанашым,

Әлемдегі жан асыл. Асқар таудай панасың.

Болса маған не керек, Күн көзіндей не күлімдеп,



Бәрін іздеп табасың. Құшағыңа аласың.




3. Дәйексөз.

Сүйіспеншілік - жүректе

  • Жүректегі сүйіспеншілікті қалай сезесің?

  • Жақсы көрудің барлығы жүректен басталады деген сөзді түсіндір?




4. Әңгімелесу.

Ақ жауын Ғарифолла Есім

  • Жолаушылардың қиналуының себебі неде?

  • Олар бір жұтым судан неге бас тартты?

  • «Сүйіспеншілік адамға қуат береді» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?

  • Өзің жақсы көретін адамдар үшін не істей алар едің?




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Жақсы көру» мәтінін оқып 70-беттегі, өз сүйіспеншілігің туралы ой-толғау жазу.
2-тапсырма: «Ағаш» мәтінін оқып, Табиғатта тағы нелердің риясыз сүйіспеншілік иелері екендігі жайлы сөз қозғайық.

3-тапсырма: «Сүйіспеншілік» сөзіндегі әріптерге қажетті сөздерді жазу.




Д

О

С

Т

Ы

Қ







Ү

М

І

Т




О

Й




Б

І

Л

І

М




С

Е

Н

І

М

Ә

Д

Е

П










Е

Ң

Б

Е

К




М

І

Н

Е

З










Ш

А

Б

Ы

Т







Т

І

Л

Е

К







А

Л

Ғ

Ы

С




Ө

М

І

Р










К

Ә

С

І

П





6. Топпен өлең айту.

«Анашым» Әбдірахман Асылбек

Айналайын анашым - Айналайын аанашым,

Әлемдегі жан асыл. Асқар таудай панасың.

Болса маған не керек, Күн көзіндей не күлімдеп,

Бәрін іздеп табасың. Құшағыңа аласың.





7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Риясыз жақсылық» тақырыбына әңгіме жазып келу.






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

  • Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

  • Сау болыңыздар!!!





Өзін-өзі тану сабағының жоспары

75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: .12.2018 жыл.



Cабақ тақырыбы: Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады №16 сабақ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, денсаулық пен тазалық сақтау, ата-ананы сыйлау, ұрыспау.

Мұғалім: Сейденова Адиса Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»

Сабақтың мазмұны:

Ресурс

Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде жарасымды қарым-қатынас болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - Денсаулық пен жан тазалығын сақтауды үйрету;

Дамытушылық: - Ата-ананы сыйлауға, отбасы мүшелерінің ынтымағын сақтауға ықпал ететін қасиеттерді оқушы бойында дамыту;

Тәрбиелік : - Уәдеде тұруға, ешкіммен ұрыпауға тәрбиелеу.

Оқулық дәптер

стикер, видео

проект

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі



Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Риясыз жақсылық» тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқиды.




3. Дәйексөз. Өсиет сөз

Бір адам жаққан отқа,

Жүз адам жылынады. Қазақ мақалы

  • Отты жағатын адам кім?

  • Жүз адамды жылытатын адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Ол отпен жылытады ма?

  • Сен отбасыңа қандай жылулық силай аласың?




4. Әңгімелесу.

Достар Зейнел-Ғаби Иманбаев

  • Зейін неліктен құстарды ұстап алмақшы болды?

  • Әкесі оған қандай ақыл айтты?

  • Зиян келтірмей жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Құстар адамға қалайша дос бола алады?

  • Өзің құстарға қандай жақсылық жасар едің?




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Құдық басында» мәтінін оқып, Досжанның жасаған жақсылықтары мен адамгершілік қасиеттерін тізбелеп жазу.

2-тапсырма: «Бозша торғай» мәтінін оқып, өз ойларыңмен аяқтаңдар.
3-тапсырма: Өздерің жақсы көретін адамдарыңа арнап сурет сал.

Отбасын жасайтын және нығайтатын күш - сүйіспеншілік. Әке мен шешенің, ана мен балалардың өзара, сенімді, адал, шын берілген сүйіспеншілігі. Алайда сүйіспеншілік басқа бір жақтан, сырттан келетін шабыт немесе таң шапағы емес. Сүйіспеншілік дегеніміз – орасан зор еңбек.





6. Топпен ән айту.

Ақ мамам Әнуарбек Дүйсенбиев

Ел жатқанда жатпаған, Қ-сы: Күлімдеген көзіңнен,

Мен деп тыным таппаған. Күн мейірімі сезілген.

Бақыты үшін баланың, Бұл жалғанда балаға,

Аман-сау бол,ақ мамам. Жақын жан жоқ өзіңнен.
Өзің маған мият күн, Мен деп кірпік қақпаған,

Сен деп таңым жиі атты. Менсіз тағам татпаған.

Ақ мамамның айқайы. Бақыты үшін балаңның,

«Айналайын» сияқты. Аман-сау жүр, ақ мамам!







8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

№ 75 мектеп-гимназия Мерзімі: 01.2019 жыл. №17 сабақ



Сабақ тақырыбы: Ақжарқындық және оптимизм

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Уәде орындау, ұрыспау, үлкендерді сыйлау.

Мұғалім: Сейденова А. Сынып: 3 «А,Ә,Б,В,Д» Оқушы саны: 14

Сабақтың мазмұны:

Ресурс

Сабақтың мақсаты: Қарым-қатынас ережесін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушы бойында дұрыс қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Ұрыспау- өзіңді сыйлау екендігін түсіндіру.

Тәрбиелік : Үлкендерді сыйлауға, әдеп сақтауға тәрбиелеу.

Дәптер стикервидео прокт, дискі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті: Нұрға бөлену.



2.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Қысқы демалыста қандай қарым-қатынаста дұрыс әрекет жасағаныңды еске түсіріп жазамыз.




3. Дәйексөз.

Адам - өз өмірінің суретшісі Баубек Бұлқышев

  • Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.




4. Әңгімелесу.

Күн мен бұлт Мәншүк Шәжімова

  • Балалар неліктен Күнсұлуды жақсы көрді?

  • Күннің іс-әрекетінен нені үйренуге болады?

  • Аспан ананың айтқанынан қандай ой түйдіңдер?

  • Күн сияқты адамдардың ақжарқын болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?

  • Адамдардың ашық, көңілді болуы қандай қасиеттерінен көрініс табады?

  • Өзіңді ақжарқын адаммын деп ойлайсың ба? Неліктен?




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Мінез төлқұжатын» дайындаңдар;

«Менің мінез төлқұжатым»

«Досымның мінез төлқұжаты»

«Мінез төлқұжаты»

_________________ сынып оқушысы

__________________________________________ (аты-жөні)

1. Туған жылы _____________________________________

2. Туған жері ______________________________________

3. Менің (досымның) ұнататын ісім: _________________

4. Маған (досыма) ұнайтын ойыншықтар: ____________

5. Менің (досымның) сүйікті ертегілері _______________

6. Менің (досымның) ұнатып оқитын кітабым ________

7. Менің (досымның) бойымдағы жақсы қасиеттер: ___________________________________________________

8. Менің мінезім:____________________________________

9. Мен (досым) қандай болуға тырысамын: ___________



2-тапсырма: «Сиқырлы таяқша» ойынын топпен ойнау.


Ақжарқындықты қалай дамытуға болады болболады болады ббболады

болады
3-тапсырма: Адамның ақжарқындылығы жайында шағын эссе жазып өз үйіңді құрастыр:



Ақжарқындық қасиеті –

адамның қандай қасиеттерімен

сәйкес келеді?






Ақжарқындық қасиеті

туралы не білесіңдер?



Ақжарқын адамның жүрегі жылы, жаны таза, сезімтал, адамгершілік қасиеттерімен айналасына нұрын шашады, қуат береді.

Ақжарқындық бұл көңілдің кеңдігі, мінездің ашық-жарқындығы. Ақжарқын адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, бәрінен жақсылықты көре біледі.





6. Топпен өлең айту. Қуанамын

Қуанамын мен күнде, Қуанамын сәт сайын

Таң арайлап атқанда. Әкем еркелеткенде.

Күн шуағын төгіп бір, Құшағында анамның

Гүл жұпарын шашқанда Тәтті ұйқыға кеткенде.

Қуанамын мен күнде Қуанамын әр күні

Бұлбұл құстың үніне Болған сайын көңілді.

Бейбіт елге мол шуақ, Ата-анам сыйлаған

Төгіп тұрған күніме. Жақсы көрем өмірді.





7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Дос болайық, бәріміз!» жаттап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

  • Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

  • Сау болыңыздар!!!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет