Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №1 сабақ Құндылық: Ақиқат



бет6/8
Дата30.10.2019
өлшемі226,52 Kb.
#50818
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-34-c. 3ынып-1


Топпен ән айту

Жан досым (Т.Молдағалиев) Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан! Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.
Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.




7. Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Біз өмірдің гүліміз» өлең жолдарын жаттап келу.






8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде .





Мектеп №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.19ж № 22-сабақ Сабақтың тақырыбы: Жомарттық пен кеңпейілділік

Құндылық : Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, бірлік.

Мұғалім : Сейденова А. Т. Сынып: 3 «а,ә,в,б,д»

Сабақтың мақсаты : Жомарттықты дұрыс әрекет жасау құндылығы арқылы түсіндіру. Сабақтың міндеттері Білімділік: - қоршаған ортаға риясыз көмектесе білуді үйрету; Дамытушылық : - айналаңа ренжімеуге, ренжітпеуге ықпал жасау; Тәрбиелік: - бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурсоқулықдәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену «Нұрға бөлену».

Үй тапсырмасын сұрау.

«Біз өмірдің гүліміз» Әнуарбек Дүйсенбиев

Зеңгір көктен Бал достыққа

Нұрын төккен Жолдастыққа

Ортақ біздің күніміз. Шақырады әніміз.

Жайнап өскен Тыныштықта

Жайдары өскен Нұр құшақта

Біз – өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз.


Сазды әуен Хрусталь-ый грусть


Дәйексөз

Ақылды десе болар – сұрамай білгенді,

жомарт десе болар – сұрамай берегенді»

  • Дәйексөздің мағынасын түсіндір?





Әңгімелесу

Жомарт Ермек Өтетілеуов

  • Нұрланның кеңпейілділігін қандай іс-әрекетінен байқауға болады?

  • Кеңпейілді болудың мәні неде?

  • Жомарт адамды қандай қасиеттерінен тануға болады?

  • Өзіңнің жомарттық көрсеткен кезің болды ма? Айтып бер.






Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Күнделік жазасың ба?» мәтінін оқып, өз күнделіктеріңді жомарттық іс-әрекеттеріңді түйіндеп жазыңдар?
2-тапсырма: Түймедақ жапырағындағы сұрақтарға жауап бер.


3.Жомарттық

қандай іс-

әрекеттен

байқалады?



2.Жомарт

адамның

қасиеттері

қандай?





1.Жомарттық дегеніміз не?




4.»Жомарт

бергенін

айтпайды»






6.Жомарт

адамдарға

қандай алғыс

айтар едің?



5.Жомарт адамнан қандай

үлгі алуға

болады?

3-тапсырма: «Атымтай Жомарт» мәтінін оқып, сұрақтар құрастырыңдар.


  • Қу адамның іс-әрекеті дұрыс па?

  • Атымтай Жомарттың жомарттығын қандай жомарттыққа жатқызасың? ...т.б.

Қол жомарттығы, жол жомарттығы, көңіл жомарттығы бұл адамның басқа адамдарға деген риясыз мейіірімділігі мен қамқорлығының көрінісі болып табылады.



Топпен ән айту Ағайынбыз бәріміз!

Жақсылыққа, бақытқа, Ортақ болсын асқар тау, Талпынған әр уақытта. Жеміс толы бақша – бау. Бала біткен дос-бауыр, Болсын жер мен су да ортақ, Болмасын еш тосқауыл. Болсын бізге ту да ортақ!

Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!





Үйге тапсырма. Келесі сабақ: «Отанға қорған боламыз!» Әдібай Табылдының өлең жолдарын жаттап келу




Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.




Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .02.19 ж № 23 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Өз еліңнің патриоты болу

Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: отбасындағы сүйіспеншілік, жан-жануарларды жақсы көру, бауырмалдық. Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»

Сабақтың мақсаты : Бәрін жақсы көруді сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру. Сабақтың міндеттері Білімділік: - отбасындағы сүйіспеншілік нығайтуды үйрету; Дамытушылық : - жан-жануарларды қамқорлыққа алуға баулу; Тәрбиелік: - бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Ресурс оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.
Жағымды көңіл-күйге ену. «Жайлауға – Ата-Әжеміздің жайлауына барамыз».
Үй тапсырмасын сұрау.

Отанға қорған боламынз! Әдібай Табылды

Өсірген халқым аялай, Кеудесін оққа төседі.

Өртелді бақ пен саяжай... Жанындай сүйген халықты

Сол үшін батыр ағалар Ерлерді мәңгі даңқты –

Жайратты жауын аямай. Өнеге тұтып өсеміз:

Соғыста қырғын кешегі Әлия, Мәншүк, Мәлікті!

Ажалдан сақтап неше ерді, Отанды сүйген баламыз,

Төлегендей ағалар Отанға қорған боламыз!



Сазды әуен Хрусталный грусть



Дәйексөз Ахмет Байтұрсынов

«Адал адам Отанын сүйеді»

  • Адал адам дегеніміз кім?

  • Отанын сүюді қандай іс-әрекетінен көреміз?



Әңгімелесу

Менің Отаным Құрманбай Толыбаев

  • «Отан» деген сөзді естігенде қандай әсерде боласың?

  • Отанын сүйетін адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • «Отан – оттанда ыстық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отанға деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Қажетті сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдерді жалғастырып жаз: бұл-бұл, ыстық, ел болмас, ыстық, сүйкімді, аалтын бесік.

Отан оттан да ..... .

Отансыз адам, ормансыз ..... .

Туған жердің күні де ыстық. Түні де ..... .

Туған жердей жер болмас, Туған елдей .... ..... .

Туған жер - ..... ..... .

Туған жердің торғайы да ..... .
2-тапсырма: «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына фотоколлаж жасап , сурет салып, өлең жазу.

Отан жерім, Отан - суым,

Отан – қуат, Отан – нәр

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденер.

Отан – адам баласы үшін ең киелі ұғым. Адамзаттың ең асылы да, ардақтысы да, тіреуіші де, сүйіеніші де, сүйіспеншілік атаулының бәрі – өз Отаны.





Топпен ән айту

Атамекен Әні – Е.Хасанғалиев

Сөзі – Қ. Мырза Әли

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде, көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі қимай оны,

Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде, көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауым аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде, көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.






Үйге тапсырма Келесі сабақ: Өздерің тұратын мекендегі Отанын қорғаған батырлар туралы мәлімет жинап, кітапшаға жазып келу.




Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде .




Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .03.19 ж № 24 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өз еліңнің патриоты болу

Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, қарапайымдылық, кішіпейілдік. Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»

Сабақтың мақсаты : Жақсы көру - ақиқатты танып, шындықты айтқанда. Сабақтың міндеттері Білімділік: - жақсы көруді шынайы жасау керек, болмаса ол екі жүзділік екендігін айту; Дамытушылық : - жаманнан жақсыны көре білуге ықпал жасау; Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурс

оқулықдәптер, түрлі-түсті қалам.




Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау)

Жағымды көңіл-күйге ену. «Жайлауға – Ата-Әжеміздің жайлауына барамыз».


Үй тапсырмасын сұрау.

Өздері тұратын мекендегі Отанын қорғаған батырлар туралы жазып келген кітапшаларындағы мәліметті оқиды.



Сазды әуен Хрусталный грусть


Әңгімелесу

Мәншүк әні Әзілхан Нұршаықов

  • Мәншүк еліне деген сүйіспеншілігін қалай танытты?

  • Мәншүк халқының өнерін қалай асқақтатты?

  • Отанды сүю, риясыз қызмет ету парыз ба? Неліктен?

  • Отанды сүю қандай іс-әрекеттерден бастау алады деп ойлайсыңдар?

  • Өзің «Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесің?






Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Батырмен алғашқы кездесу» мәтінін оқып , жоспар құр.

  • Баспға қызметке кіруі.

  • Батырдың жары.

  • Батырмен кездесу.

  • Отан үшін қаза тапқандарды ардақтау, тірілердің парызы.

2-тапсырма: Отан қорғаушылармен кездесу, сұхбат жасау сұрақтары.

  • Отан қорғауға аттанған кезіңізде, қанша жаста едіңіз?

  • Сізбен бірге дивизияңызда қандай өзге ұлт өкілдері болды?

  • Жас кезіңізде қыз баланы, әйел баласын қалай құрмет тұтатын едіңіздер?

  • Досқа деген көзқарастарыңыз қандай болатын?

  • Отан қаншалықты қымбат?

3-тапсырма: «Ата, ол не?» мәтінін оқып, сахналау.
Отан – адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тіл, мәдениет, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.




Топпен ән айту Елім менің

Арайлап таңым, асқақтап тауым, Бабамның қаны, анамның жасы,

Ән ойнап көгім,күй тартып көлім. Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге, Береке, бірлік - қамалдың басы,

Жасай бер жаса, қазағым менің. Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам

Қазақстаным - жасыл орманым, Күйінсін жауың , сүйінсін досың,

Қуанышымды жасыра алмадым. Жиылсын қауым, құйылсын көшің

Аңсаған бабам, аңсаған елім Ертеңің үшін аянба, ерім,

Бостандық еді ау, асыл арманым.

  Елім менің аңсаған, Ұрпақ үшін, ел үшін

Тас бұғаудан босаған. Атамекен жер үшін

Құтты болсын отауың, Берекең мен бірлігі      

           Берік болсын босағаң. Таси берсін ырысың




Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде .





Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .03.19 ж № 25 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік). Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д»

Сабақтың мақсаты : Сүйіспеншілік құндылығы жақсылық жасаудың басты құралы. Сабақтың міндеттері Білімділік: - Мәдени мұраны құрметтей білуді үйрету; Дамытушылық : - қоршаған ортаны қорғай білуге ықпал жасау. Тәрбиелік: - толеранттылық , кеңпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурсоқулықдәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау)

Жағымды көңіл-күйге ену. «Жайлауға – Ата-Әжеміздің жайлауына барамыз».



Үй тапсырмасын сұрау.

«Отан» туралы мақал-мәтел айту, мағынасын түсіндіру.



Сазды әуен Хрустальный грусть

Дәйексөз Саиф Сараи

Ағаш көркі – жеміс, Адам көркі – жақсы іс

  • Көркі деген сөз қайсы мағынада айтылып тұр? (құрмет)



Әңгімелесу

Райымбек бастауы

  • Райымбек батыр еліне қалай қызмет етті?

  • Батырдың жауынгерлері қандай жағдайға тап болды?

  • Райымбек батырдың ғажап ісін қалай түсінуге болады?

  • Жақсылық жолында жасалатын қандай істерді білесіңдер?

  • Өзің жақсылықты қалай көрсетер едің?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жақсылық істердің тізбесін жасаңдар.

Өзіме

жақсылық

Өзгелерге жақсылық

Отаныма жақсылық










2-тапсырма: Өлеңді оқып, баланың жақсы істерін теріп жазыңдар, тағы қандай істерді қосар едіңдер.

Жақсы Қастек Баянбай

Бәрі жақсы баланың Жақсы дейміз дәл осың.

«Беске» оқиды сабағын. Өскен бала ауылда

Айналайын баладан Ойнар аттың жалында.

Көгершінді аяған. Өзі түйме қадаса,

Адал болса досына, Мұндай бала тамаша

Азаматың осы да. Барын берсе қолдағы,



Ойнатса кім інісін, Бала жомарт болғаны.

Мақұлдаймыз мұнысын, Уәдесін сақтаған



Әділ болсаң ойында, Баланы жұрт мақтаған.

Жақсы мінез оның да. Болады бәрін санауға,



Күтсе бала әжесін Жақсылық көп қалайда.




Топпен ән айту Ақ мамам Әнуарбек Дүйсенбиев

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау бол,ақ мамам.

Қайырмасы: Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен.

Өзің маған мият күн, Мен деп кірпік қақпаған,

Сен деп таңым жиі атты. Менсіз тағам татпаған.

Ақ мамамның айқайы. Бақыты үшін балаңның,

«Айналайын» сияқты. Аман-сау жүр, ақ мамам!






Үйге тапсырма. Келесі сабақ: «Жақсылық» сөзіне ребус жасап келу.




Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып ,барлығымыз бірге Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет