Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды»



Дата24.05.2017
өлшемі34,9 Kb.
#16980
түріСабақ
Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиеті

2. Сыныбы: 8

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІІ

5. Мұғалім: А.Оразалы

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Жаныс ақынға»,

«Патша әмірі тарылды» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, өлеңдерінің идеясы мен мазмұнын меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: проектор

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.



1. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Жамбыл Жабаев (28.02.1846ж. Жамбыл облысы, Хан тауының етегі -22.05.1945ж.) –халық ақыны. Балалық шағы Жетісу өңірінде – осы күнгі Алматы облысының Жамбыл ауданында өткен. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаздар екен. Жамбыл жастайынан осындай өнерлі ортада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңына ере жүріп, қобыз, домбыра тартуды үйренеді. Жабай баласының бұл беталысын ұнатпай, оған тоқтам салуға тырысқан. Өнерге ұмтылған жас малшы, жалшылар бас қосқанда, түнгі күзет кезінде батырлар жыры, ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап, оның кейбірін өзі өлеңдетіп жүрген. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген. Содан былай ол: «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, жырды өрбіте түскен. Басқа да көптеген атақты ақын-жыршылармен кездесіп, достасқан. Жамбылдың енді бір үлкен мектебі – қазақ фольклор қазынасы болды. Ол жастайынан-ақ «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» және қырғыздың «Манас» эпосынан үзінділері, Шығыстың «Рүстем» дастанын, «Көрұғлыны», «Жүсіп – Зылиқаны» жатқа жырлады. Сүйінбай ұстазынан Сұраншы, Өтеген батырлар туралы аңыздарды үйренеді. Айтыс өнеріне Жамбыл жастайынан араласқан. Шілдехана, жиын-тойларда қыз-жігіттермен түре, сүре айтысқа түсіп, қарсыластарын көбінде жеңген. 16-17 жасынан-ақ ел аузына ілігіп, «ақын бала» атанды. Бұл жөнінде «Менің өмірбаяным» деген өмірбаяндық


толғауында былай деген. «Топ десе он жетімде тартынбадым, семсердей майдандағы жарқылдадым». Жамбыл – көптеген ақындармен айтысып, жеңіске жеткен, халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын. Өзінің айтуынан, шәкірттерінің жадында сақталғандарынан жазылып алынып, хатқа түскендері мыналар: Жамбыл мен Айкүміс, Бақтыбай мен Жамбыл, Бөлектің қызы мен Жамбыл, Жамбыл мен Сара ақын, Майкөтпен дидарласу, Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны, Жамбыл мен Бөлтірік, Жамбыл мен Сарыбас, Құлмамбет пен Жамбыл, Жамбыл мен Доспанбет, Жамбыл мен Шашубай. Бұлардың бәрі жинақтарына еніп, зерттеулер мен мақалаларда талданып келеді.

Жамбылдың ақындық, айтыскерлік даңқын шығарған – Құлмамбетпен айтысы.



2. Жамбыл Жабаевтың «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерін талдау.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене араласты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің отты үндеу жырларын толғады. Оның көбі сақталмаған. Тек есте қалып, хатқа түскені - «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» деген өлең-толғаулары. Осы шығармаларында Құлансаз, Қарабастау жайлауындағы Қарғалы, Самсы, Ұзынағаш және Шейінпенде болған қақтығыстардан елес береді. Жамбыл көтерілісшілерді өлең-жырымен жігерлендірді, оның үгітшілік әрекетін сезген патша әкімдері жазаламақ болды, бірақ халық Жамбылды қорғап қалды.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерін мәнерлеп оқу

2) Өлеңдерді талдау.

3) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көбең – арықтап жүріп, ет алған жылқы.

Жабы – қарапайым жылқы

Шыбыл – Ұлы жүздегі ру аты.

V. Үй тапсырмасын беру.

1. Оқулықтан Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметті 83,84-беттерді оқу.

2. «Жаныс ақынға» өлеңін талдау.

3. «Патша әмірі тарылды» өлеңін талдау және ұнаған шумақтарды жаттау.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.
Тексерілді:
Каталог: uploads -> doc -> 0f7a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f7a -> Сабақ Күні: Класс: 8 Геометрия Сабақ тақырыбы: «Ақылды тақия мен құпиялы орамал» /Трапецияның ауданы тақырыбына есептер шығару


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет