Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сабақтың мақсаты



бет15/32
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#96269
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Биология 7 а

Бағалау
Үйге тапсырмаҮй құстарының суретін салып келу.

ҚАРЛЫҒАШ -жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, аудандық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Сондай-ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп, әр қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.


Ұясы- балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық жасайды. Халқымыз қарылғашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар. Қарлығаш – қазақ ұғымында пейіштің құсы. Білетіндердің айтуынша ән салатын қарлығаштың көмейі қасиетті құран сүрелерін шырқайтын көрінеді. Ауаны қақ жарып, сусылдап ұшатын сүйкімді құсты оқ та алмайды, жебе де дарымайды. Ата- әжелеріміз қарлығашты аулауға болмайды дейтін. Әлдеқалай адам қолына түскен құсты басқалары түтіп жеп қоятын көрінеді.
Қарлығаш – әнші торғайлар тұқымдас жиырма түрлі құстың бірі. Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда жетпіс тоғыз түрі таралған. Қазақ жерін бес түрі мекен етеді. Өздерінің сыртқы сипатына қарап еркегі мен ұрғашысын айыра алмайсың. Егер ауылға қарлығаш ұшып келсе, ел сол жылдан ырыс-береке, бейбітшілік күтеді. Үлкендер қарлығаштың ұшу қалпына қарап ауа-райын болжайды. Өйткені, күн ашықта биіктеп ұшса, жауын-шашын боларда жер бауырлап зулайды. Ашық аспан астында айқыш-ұйқыш сымпылдап ұшқан қарлығаш өте сүйкімді. Өздері өте епті, сол ұшып жүргенде қорегін, яғни ұсақ жәндікті ауадан аулап жей береді. Өзен-көлдің, бұлақтың үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше алады. Өте самадағай.
Үйіне қарлығаш ұя салған адам оны бұзбайды. Өткен ғасырда жоңғар шапқыншылығында шаңырағына қарлығаш ұя салған үйін жықпаған Төле бидің өнегесі бүгінге жетіп, ел аузында «қарлығаш би», «қарлығаш әулие» деп құрметтеледі. Бұл туралы әр жерде көп айтылады.
Әдетте аққу құсты махаббаттың символы деп білеміз. Ал мына Чехия мемлекеті да қарлығашты ерекше қасиетке ие деп санайды. Олардың пікірінше қарлығаш қалыңдықты жақсы көреді. Егер бойжеткен қызы бар үйді қарлығаш көбірек төңіректесе, көп өтпей құда келеді деп білген. Некесі жаңа қиылған жас күйеу мен келіншек қарлығаш көрсе, ел-жұрты ешқашан жұбы жазылмайды деп қуанады. Ежелден «махаббат мекені» деп саналатын Францияда жігіт қыздың көңілін баурау үшін оған қарлығаштың ұясына тоғыз күн сақтаған сақинаны сыйлау салт болған. Ертеде бір жас жұбайлар болыпты. Ет турап отырған жігіті абайсызда қолын кесіп алса керек. Зайыбы шыр-пыр болып шыбын жаны шығып кетердей асты-үстіне түспей ме? Ықыласына елжіреген күйеуі «қарлығашым менің» деп, келіншегінің ақ тамағынан иіскегенде екеуінің сүйіспеншілігіне ырза болған Құдай тағала қарлығашқа айналдырыпты. Науша құстың ақ тамағындағы болар болмас қызыл ноқат содан қалған деседі.
Қарлығаш туралы аңызды айтып тауысу мүмкін емес. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қазақтың тұңғыш мульфильмнің шыққанына жарты ғасырға жуықтап қалды. Жастың да кәрінің де көкейіне қонған туындыға деген ықылас әлі күнге дейін ерекше. Біздің ел ғана емес, әлемнің әр түкпірінде қарлығашты айырықша жақсы көреді. Сондықтан сүйкімді құс туралы әрқилы әңгімелер көптеп айтылады. Мына бір аңызға сенсек, ежелде эстон жігітің көркем бір қалыңдығы бар екен. Екі жастың бақытын қызғанған мыстан кемпір бойжеткенді қарлығашқа айналдырып орнына өз қызын өткізіп жіберіпті-міс. Той үстінде әлгі қыз қарлығаш ұшып келіп, нағыз қалыңдық өзі екенін әнге қосып шырқырапты. Мыстан кемпірдің лақтырған дәу балтасы жұдырықтай құстың құйрығын ортасынан осып түсіп, айыр болып қалды дейді эстон аңызы. Содан бері қарлығаш адамдарды айналып-үйіріліп ұшқанымен жерге қонбайтын болыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет