Сабақтың тақырыбы: « Үй құстары»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту.
Тауық, үйрек, қазды айыра білу, балапан мен шөжені айыра білу;
Тәрбиелік: үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту, күту, баптау туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру, салыстыру, үй құстарын дала құстарынан айыра білу
Көрнекіліктер: Компьютер, слайд «Құстардың пайдасы», құстардың суреттері, құс қорегі( бидай, тары, қарақұмық), қосымша әдебиет «Орыс халық ертегісі»
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, еңбекке баулу, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
- Балалар,сабақ үстінде өздеріңнің тәртіпті, ақылды екендеріңді көрсетесіңдер деген сеніммен сіздерге сәттілік тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |