Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сабақтың мақсаты



бет26/32
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#96269
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
Биология 7 а
Дидактикалык материал Косымша 2
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру Көптеген, әсiресе далалы жермен шөлдердегi бауырмен жорғалаушылар, ұлулар, жәндiктер, әртүрлi тышқантәрiздi кемiрушiлер және басқа да жануарларды қорек ете отырып, олардың санына үлкен әсер етедi. Өз орнында, бауырмен жорғалаушылар түлкi және күзен сияқты кәсiби аңдарына қорек болып келедi.
Әртүрлi елдер ертеден берi крокодил, үлкен жылан және кесiрткелердiң терiсiн, портфель, чемодан, аяқ-киiм, белдiктер жасауда қолданады. Крокодилдердiң терiсi ерекше бағаланады, олардың таралған жерлерiндегi саны өте азайған және оларды қорғауға алып, арнайы фермаларда өсiредi.
Ерте кезден берi кейбiр тасбақа түрiнiң сауытының мүйiздi тақташалары қолданылады. Арнайы өңдеу арқылы, олардан көзiлдiрiктерге оправа, тарақтар және басқа да заттар жасайды. Кейбiр елдерде тасбақаның етiмен жұмыртқасын қорекке қолданады.
Медицинада жылан уын кеңiнен пайдаланады. Одан әртүрлi дәрiлер дайындайды. Уды алу үшiн арнайы жылан тәлiмбақтары құрылған. Ташкентте, Бишкекте үлкен жылан фермалары бар. Бұл жерде Орта Азия мен Қазақстанның әбжылан, қарасұр жылан, атпа құмжыланын және басқа да улы жыландар бар.
Көптеген бауырымен жорғалаушылар адам шаруашылығына зиян келтiредi. Мысалы, Орта азиялық тасбақа темiржол үймелерiн, суармалы каналдар жағалауын, дамбыларды бұзып, жол салады. Улы жыландардың шағуынан, әсiресе оңтүстiк Шығыс Азия мен Оңтүстiк Америкада адамдар өледi.
Кәсiби және улы бауырымен жорғалаушыларды жоюмен байланысты, олардың саны азайып, жоғалу қауiпi туды. Сирек кездесетiн және жоғалып бара жатқан бауырымен жорғалаушыларды сақтау үшiн, оларды қорғау керек. Су кеселдi, қиыршығыстық тасбақаны, ортаазиялық әбжыланды және басқада көптеген жануарларды жоюға тиым салынған. Кесірткелер мен жыландар қаупты жағдайларда өздерінің құйкықтарың денесінең боліп тастайды осы қубылысты автотомия деп атайды. Қазақстанда бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі кездеседі. Тасбақаның 2,кесірткелердің 29,жыланның 18 түрі еліміздің түрлі табиғи белдеулерінде тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына кесірткенің 6, жыланның 4түрі тіркелген. Маңызы: Бауырмен жорғалаушылар зиянды насекомдармен, омыртқасыздармен және ұсақ кеміргіштермен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайда тигізеді. Көпшілік түрлерін баска елдер тағам ретінде пайдаланады және терісінен әсемдік бұйымдар жасалады. Жыландардың уынан қымбат бағалы дәрі- дәрмектер алынады. Бауырмен жорғалаушылардың түрлерінің сипаттамасы. Дала сұржыланы – Қазақстанда барлық жерде кездеседі, әсіресе далалы аймақтарында кең тараған. Ұсақ кеміргіштер, құстар және басқа ұсақ жануарлармен, сонымен қатар жәндіктермен де қоректенеді.Сұржылан уы медицинада вакцина жасау үшін қолданылады. Сарыбауыр немесе сарлан- аяқсыз, жылан тәрізді кесіртке. Ұзындығы 1- 2 метр. Сарыбауыр бау- бақшалардағы зиянкестерді жеп, пайда келтіреді. Қазір бұл сирек кездесетін кесіртке Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Дала тасбақасы - қазіргі кезде көбіне орта азиялық тасбақа деп атайды. Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі. Европа елдеріне экспорт өнімі болып табылады. XX ғасырдың 70-90- шы жылдарында Қазақстанда жылына 100 мың тасбақа дайындалса, қазір бар- жоғы 20 мыңдайы ғана ұсталады. ) Қызыл кітапқа енген. Жолақ қарашұбар жылан - қабыршақтылар отрядының су жыландары тұқымдасына жатады. Жолақ қарашұбар жылан – өте сирек кездесетін түр. Құрғақ қиыршық тасты жерлерде және жусанды далада, жағасында қайың, тал және бұта өскен өзен аңғарларында тіршілік етеді. Алғаш рет 1955 жылы Зайсан қазаншұңқырынан, Күршім және Нарын жоталарынан, ал 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласының оңтүстігінен және Алексеевка ауылының маңынан ұсталды. Сыртқы түрі оқ жыланға ұқсас, жіңішке келген, ұзындығы 86 см-дей болады. Басынан құйрығының ұшына дейін ақ немесе сары жолақ созылып жатады. Реңі қара сұр түсті. Әр түрлі кесірткелерді жеп қоректенеді. Жемін денесімен буындырып не жаншып өлтіреді. Адамға қауіпті емес, усыз жылан. Ұрғашысы шілде айында 4 – 9 жұмыртқа салады. Жолақ қарашұбар жыланның тіршілігі аз зерттелген, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
ІV. Жаңа сабақты бекіту: Кестені толтыру Жорғалаушылардың маңызы
Адам өміріндегі
Табиғаттағы


VІ.Үйге тапсырма: 1. Жорғалаушылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы 2. Қазақстанда кездесетін қорғауға алынған жорғалаушылар туралы қосымша мәліметтер іздестіру
VІІІ. Бағалау

Бекітемін: 01.03.2017 жыл


Сынып:7 «А,Б»
Сабақтың тақырыбы:Жорғалаушылардың түрлері
Сілтеме:Білім стандарты, биология пәнінің бағдарламасы, орта мерзімді жоспар
Жалпы мақсаттар
Оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру. Тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту,оқушылардың өз идеяларын еркін жеткізуге және сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал жасау.
Міндеттері
Білімділік: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып жорғалаушылар туралы түсіндіру, қосымша ақпараттар жинауға дағдыландыру, топпен, өздік жұмыстарды орындауға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, сақтауға, өз ойын қорытындылауға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Дүниетанымы кеңейеді,өз идеяларын еркін жеткізуге тырысады,бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі,бірін-бірі қолдай білуге үйренеді.Жорғалаушылар класының қандай отрядқа бөлінетіндігін және тіршілік етуі жайлы білетін болады.
Негізгі идеялар
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың бір-біріне деген сыныптастарынан қолдау таба алатынына сенімділігін арттыру.Өз бетінше оқып үйренуге,өз пайымдауларын жасай алуға дағдыландыру. Жаңа материалды талдау арқылы жорғалаушылардың тіршілік ету жағдайларының ерекшеліктерін ұғындыру.
Сабақтың әдіс-дәсілдері
Ой қозғау,жұптық,топтық жұмыс,семантикалық карта,тест сұрақтары.
Дереккөздер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқытуды басқару және көшбасшылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет