Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдер. Сабақ/ оқу мақсаттары



Дата31.03.2020
өлшемі22,63 Kb.
#61158
түріСабақ

Күні:

Курсы:

Тобы:

1.04.2019

4.04.2019



1

1


О-181

Т-181

«Бекітемін»

«жалпы пәндер» бірлестігінің жетекшісі

_____________С.Т.Темирханова

«___» ______ 2019ж
Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдер.

Сабақ/ оқу мақсаттары: Қол гранаттарын лақтыру кезінде оның жарықшақтарының ұшу радиусын білу, яғни техникалық сипаттамасын жақсылап түсіндіру, қорғаныстық пен шабуылдаушы гранаттарды ажырата білуге үйрету.

Білімділігі: Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері

Дамутышылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, әскерге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету
Сабақ/оқу барысы

Реттік



Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


2

Өткен сабақтар білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

  • автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі жағдайы туралы айтып беріңдер.

  • автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтау кезіндегі жұмысы жайлы айтыңдар.




3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

  • автоматтың (пулеметтің) керек – жарақтарын тексеру қалай жүргізіледі?

  • жауынгерлер оқсауытты қашан және қандай мақсатпен қарайды?

  • автоматты (пулеметті) атысқа дайындау үшін не қажет екенін атаңдар.

4

Өтілген сабақты (материалды) бекіту

- Қаруды көтеріп, қысқа аялдама жасап жүріп келе жатқанда қандай ату тәсілдерін қолдануға болады?
- Ашық жерлердегі әуе нысаналарын жою үшін автоматшы (пулеметші) атуды қандай жағдайларда жүргізеді?
- Автоматшы (пулёмётшы) жергілікті заттар артынан ату үшін қандай жағдайда орналасады?
- әуе нысаналарын ордан (байланыс жолынан) тұрып ату қалай жүргізіледі?

5

Үйге тапсырма

  • автоматты (пулеметті) тексеріп қарау қай уақытта жүргізіледі?

  • автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулар қандай?

  • жауынгерлердің күнделікті қарау және тазалау кезінде автоматты (пулеметті) тексеру реті қандай?

6

Сабақ/оқу қортындысын жасау, бағалау

Оқушылар білімін бағалау



Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдер.

Гранаттарды лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану және гранатты лақтыру.

Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайында!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен жүргізіледі.

Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығында корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып, оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып, тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып, шегіне дейін бұрап енгізеді – гранат лақтыруға дайын.

Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру түрлі жағдайларда жүргізіледі: түрегеліп тұру, тізерлеп тұрып, жатқан қалпында, сондай-ақ ЖҰМ-нан, танкіден, БТР және жаяу реттегі қозғалыста (тек шабуыл гранаттары).

Гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскен шөп, сым темір және т.б. кедергілер болмайтындай жер таңдалады.



Гранатты лақтыру. «Гранатпен-ат!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі. Гранатты лақтыру үшін оны қолға алып, саусақтармен ағытқыш иінтірегін гранат корпусына қысып ұстайды; ағытқыш иінтірегін одан әрі қысып, екінші қолмен сақтандырғыш мұрындық ұшын қысады, ағытқыш иінтірегін қысылған жағдайда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады, гранатты құлаштап нысанаға лақтырады.

Бір орында тұрып гранатты лақтыру кезінде нысанаға тура қарап, гранатты оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Оң аяқты тізеден бүгіп, денені оңға бұрып, қол төменге және артқа доға бойынша гранатпен сермеу жүргізіледі, оң аяқты дереу түзетіп, денені нысанаға бұрып гранатты лақтырады. Лақтыру кезінде дененің салмағын сол аяққа түсіріп, қаруды артқа ұстайды.

Тізерлеп тұрып гранатты лақтыруда гранатты оң қолда, қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Денені артқа бере және оны оңға бұрып, гранатты құлаштап, көтеріңкірей отырып, иықтың үстінен лақтырады да, қимыл соңында дереу сол аяққа еңкейеді.

Жатқан қалпында гранатты лақтыру кезінде қаруды жерге қойып, гранатты оң қолға алады. Сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң аяқты біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гранатты құлаштап лақтырады. Оң аяқты түзете, нысанаға қарай кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады; қаруды алып, атысқа дайындалады.


Адымдап немесе жүгіріп келе жатқанда гранатты лақтыру кезінде гранатты жартылай бүгілген оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Сол аяқтан адымдау кезінде гранат ұстаған қолды алға және төмен ұстайды; екінші адымда қол төменнен доға бойынша қозғалып осымен бір мезгілде оңға бұрылады; үшінші қадамда сол аяқты нысанаға қарай бағытпен ұшына басып және оң аяқты тізеден бүгіп, денені бұру және қолды сермеу аяқталады. Жүру жылдамдығын пайдаланып лақтыруға аяқтың, дененің және қолдың күшін бірінен соң бірін жұмылдырып, гранатты иық тұсынан өткізіп лақтырады.

Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін қаруды топырақ қалқаға қойып, гранатты оң қолға алып, сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады; оң аяқты артқа қояды; белмен еңкейіп, екі аяқты да сәл бүгіп, гранат ұстаған қолды шегіне дейін кері қояды; сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты нысанаға лақтырады да, ізінше оқпанаға жасырынады.

Гранатты тік нысана боп саналатын ғимарат терезесінен және есігінен лақтыру кезінде оны түзу сызыққа жуық траектория бойынша, оны көздеген жерге күшпен тік бағытта лақтырады. Мұнда нысананың жоғарғы шетін көздеген жақсы, өйткені гранат ұшу аяғына қарай жылдамдығын баяулатып, біртіндеп төменге бұрылады. Лақтыруды орнынан тұрып, тізерлей не жатып орындаған дұрыс.

Қарсыластың оқпанада, орда орналасқан тірі күшін жою үшін гранатты көкжиекке 35-45 градус бұрышпен лақтыру керек, бұл кезде гранат нысанаға аспалы жолмен түсіп, ор арқылы аз домалауы және сыртқа қарай домалап кетпеуі көзделеді.

Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай ауытқиды да, соққышқа энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірімен капсюль-тұтандырғышты жарады. Капсюль-тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты тұтатады және одан өтіп капсюль-детонатор жарылып, гранаттың жарылғыш зарядын жарады. Гранаттың корпусы жарылып, тұтандырғыштың жарықшақтары жан-жаққа ұшады.



Сұрақтар мен тапсырмалар:
- жарықшақты қол гаранттарын лақтыруға дайындық қалай жүргізіледі?
- түрегеліп тұрып жарықшақты қол гранатын лақтыру тәсілдері қалай орындалады?
- лақтыру үшін гранаттың жарақталуы туралы айтыңдар.
- Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру тәсілдері қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет