Пән: Өзін- өзі тану
|
Мектеп: Мұхтар негізгі орта мектебі
|
Күні: 22.01.2020ж.
|
Мұғалімнің аты- жөні: Хасамбек С.
Машықтанушы:Аятхан Р.
|
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жақсылық жолымен жүреміз
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
|
Міндеттері
| |
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылардың бәрі: Жаңа білімді түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
|
Оқушылардың көпшілігі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
|
Кейбір оқушылар: Анық және толық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Құндылықтрды дарыту
|
Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне, жақсылық жасауына тәрбиелеу.
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, кері байланыс, стикер.
|
Жоспар
|
Уақыт
|
Жоспарланған жұмыс түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы 5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау.
«Жүректен жүрекке » шаттық шеңбері.
Оқушылар бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Дәйексөз: «Жақсылық- жан азығы ». (мақал).Сыныппен мағынасын ашу.
|
Жұмсақ ойыншық
|
Сабақтың ортасы
30-35 минут
|
Кіріспе тапсырма.
«Бір жұлдызды құтқару» аңыз әңгімесін мәнермен дауыстап оқу.
Мәтіннің мағынасын ашу мақсатында қойылатын сұрақтар:
Баланың жасаған іс-әрекетін қалай сипаттар едіңдер?
Жасаған жақсылықты неліктен міндет етпеу керек?
Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп айтыңдар.
тапсырма.Дәптерге «Жақсылық» деген сөздің әрбір әріпінен басталатын адами қасиетті білдіретін сөзді жазыңдар.
Ж- жақсы
А-адал
Қ-қайсар
С-сабырлы
Ы-ырыс-несібелі
Л-лайықты
Ы-ырыс
Қ-қамқор
тапсырма. Суреттерге мұқият қараңдар. Мұндай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болады? Айтып беріңдер.
|
Оқулық
Суреттер
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Кері байланыс.
Рефлексия.
Тақтадағы смайликтерге стикерлерді жабыстыру арқылы сабақты бағалау.
|
А3 форматтағы смайликтер
|