І. Адами ізгі қасиеттер туралы
1-оқушы: Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ.Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.
2-оқушы: Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын – сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де,екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
3-оқушы: Әдептілік дегеніміз-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.
4-оқушы: Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек. Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды.Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
5-оқушы: Әдептілік дегеніміз- әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.
6-оқушы: Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің.
7-оқушы: Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі,көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді.
8-оқушы: Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені, сәлемдесу- бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
9-оқушы: Әділ болу –адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
10-оқушы: Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына,тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
11-оқушы: Қазақ халқының ерекше қадір-қасиеттерінің бірі-ұрпағының иманжүзді, адал да өжет,батыл да табанды, еңбекқор болуы үшін, обал мен сауапты білуі үшін олардың іс-әрекетін бақылап кейбір жаман қылықтардан,істерден тыйып отырған. Мұндай тәрбиеге мән беру адамдық қасиетті арттырып, жаманшылықтан сақтайды.
Видео «Қайрымдылық– асыл қасиет»
Мұғалім: Енді сұрақтар қояйық.
1) Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалаймыз?
2) Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба?
3) Адам адамнан несімен ерекшеленеді?
Жауап:
1)Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалай білуіміз керек. Адамгершілікке барлық қасиеттер саяды. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет.
2)Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.
3)Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады.
Достарыңызбен бөлісу: |