Сабақтың тақырыбы: Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата17.04.2024
өлшемі1,96 Mb.
#200952
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ааааааа


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Ақпаратпен жұмыс

Педагогтың аты-жөні

Басығараева Әсем

Күні

19.09.2023

Сынып: 9 «Ә»

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.3.1 бұлтты технологияларды қолданатын құжаттармен бірлескен жұмысты жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Бұлтты технологияларды қолданатын құжаттармен бірлескен жұмысты жүзеге асырады.

Көптеген оқушылар:

Бұлттық технологияның артықшылығы мен кемшілігін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

Бұлттық технологияны қолданудың маңыздылығын түсіндіріп, тұжырым жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

6 мин
3 мин



Ұйымдастыру. Ынтымақтастық ортасын құру.
Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа қатысқан және қатыспаған оқушыларды белгілеу.


Үй тапсырмасына шолу жасау
quizizz.com платформасында тест сұрақтарына жауап беру.
Миға шабуыл. Суреттерде ақпаратты сақтау құралдары көрсетілген. Артығын анықтаңыз. Жауапты дәлелдеу. Қалғандарды біріктіретін не?
Жауап: артығы - flash жинақтаушысы. Қалғандары - бұлтты сақтаудың сервистік қызметі.


Мұғаліммен амандасады.

Тест тапсырмаларын орындайды.


Артық құралды тауып, себебін түсіндіреді.

Мадақтау әдісі




Оқулық

https://quizizz.com/admin/quiz/65088b6ab31cd4251d32ba35?source=quiz_share


Интерактивті тақта



Сабақтың ортасы

7 мин

5 мин

4 мин

11 мин


Мағынаны ашу.
«Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау» сабақ тақырыбын тұжырымдау. Жаңа сабақтағы негізгі ұғымдарды презентация бойынша түсінік беру

1-тапсырма. Wordwall платформасы бойынша «Сәйкестендіру» әдісі.

Бұлттық технологиялар - ыңғайлы интерфейсті пайдалана отырып тұтынушыға ресурстармен қашықтан қатынауды ұсынатын қызмет.
Қоғамдық бұлттар. Көпшіліктің Интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым.
Жеке бұлттар. Жеке бұлтты дербес басқара алатын кәсіпорынның өзіне ғана арналған инфрақұрылым.
Аралас бұлттар. Екі немесе одан көп бұлт түрлерінің аралас үйлесімін атауға болады.
2-тапсырма. Joyteka платформасы бойынша квест ойын.

3-тапсырма. Практикалық жұмыс.
Google-презентация қызметінің көмегімен «Бұлттық технологиялар» тақырыбынаұжымдық презентация құр. Слайд тақырыбын анықтап, мәтін түсін таңда. Әртүрлі слайд макеттерін қолданып жасаған презентацияны Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) режімінде көрсет.

Жаңа тақырыпты меңгереді


Тақырыпқа қатысты термин сөздердің ағылшынша атауын тауып, дәптерге анықтамасын жазады.
3 түрлі сұраққа жауап беру арқылы есікті ашып жеңіске жетеді.
Компьютердің көмегімен тапсырмаға берілген әрекеттерді орындайды.

Ауызша бағалау

Өзара бағалау
Пайыздық бағалау



Презентация


Мәтін

https://wordwall.net/ru/resource/60627111


https://joyteka.com/100333391


Компьютер



Сабақтың соңы
5 мин


Рефлексия
2 мин


Үй тапсырмасы

Сабақты бекіту. Ой толғаныс.
Wordwall платформасында «Кездейсоқ сауал» әдісі арқылы сұрақтар.
Кері байланыс: «мен не білгім келеді?»
Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.
1. Мен … білгім келеді?
2. Мен өзімнен … қалай екенін сұраймын?
3. Мен … туралы ойлаймын?
4. Мені неғұрлым қызықтыратын нәрсе ... ? Үйге тапсырма: Аралас бұлттар мен ортақ бұлттардың айырмашылығына талдау жаса.

Сұраққа жауап береді.

Кері байланыс жасайды


Үйге тапсырма алады.

Пайыздық бағалау



https://wordwall.net/ru/resource/60633572







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет