Сабақтың тақырыбы Жергілікті жердің жоспары. Шартты белгілер



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі327,15 Kb.
#35351
түріСабақ
1   2

Сабақтың соңы
5 минут


Сабақты бекіту:

Рефлексия (кері байланыс) «Аралдар»

  • Бүгінгі сабақта не қиын болды?

  • Бүгінгі сабақта не қызықты болды?

  • Бүгінгі білімді қайда қолданасыз?

  • Сабақтың түйінді идеясын айтсаңыз?

.






Үйге тапсырма

2 минут


«Жоспарда көрсетілген шартты белгілерді пайдаланып,табиғатқа саяхат жасау маршрутын баяндайтын әңгіме құрастырыңдар»





Қосымша ақпарат

Саралау



Бағалау

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпа-раттық –коммуникациялық технологияларды қолдану

А - деңгейдегі оқушылар Бұл деңгейлегі оқушылар оқулықты және атласты пайдаланып, жергілікті жердің жоспары мен шартты беліглердің ұғымдарын анықтай алады, бірақ шартты белгілердің түрлерін шатастырады. Осы кезде менің тарапымнан оқушыларға шартты белгілердің үғымдарын білдіретін суреттерді ұсынамын.
В - деңгейдегі оқушылар Оқулықты және атласты пайдаланып, жергілікті жердің жоспары мен шартты белгілердің ұғымдарын анықтап, сурет пен шартты белгілердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып тұжырымдап жұмыс жасай алады.

 

С - деңгейдегі оқушылар шартты белгілер және жергілікті аумақ жоспарымен, сурет пен шартты белгілердің айырмашылығын ажыратып, мәтінмен нақты дәлелдемелер келтіреді және қарамен берілген сөздерді шартты белгілермен ауыстырып өте жақсы жұмыс жасайды. Қосымша сараланған тапсырмалар арқылы шығармашылыққа баулимын.




Қалыптастырушы бағалауды жүргіздім бағдаршам арқылы, пікір айту, екі жұлдыз, бір тілек, кері байланыс, бас бармақ, мадақтаулар тәсілдері арқылы.

Математика пәні мұғалімінен кеңес аламын сабғымда АКТ, қауіпсіздік ережесін қадағалаймын.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.




Рефлекция

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау тиімді болдыма

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім?

Және неліктен?



Сабақ мақсаты дұрыс қойылып өз деңгейінде ашылды.

Оқушылардың барлығы жергілікті жердің жоспары мен шартты белгілер туралы толық ақпарат ала отырып оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ барысында оқушылар уақытты тиімді пайдаланды. Сабақ барысы уақыт бойынша жүріп отырды.. Сабақта сәтті шыққан бөлігі бір топтың келесі топқа ауызша бағалауы. Бұл кезеңде бағалаушы оқушының өзіне деген сенімділігі артып, бағалауға деген көзқарасы өзгерді. Алдағы уақыттада оқушыларды бір-бірін бағалатуға көп көңіл бөлуге тырысамын деген ойдамын.



Сабақтың барысында көңіл аударатын нәрсе: оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана алмауы, сондықтан алдағы сабақтарда қолдану дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды көбірек пайдаланамын.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды.

  1. Кітаппен жұмыс жасауда, тапсырмаларды топпен талқылау кезінде табысты болды

  2. Термин сөздерді атап оны жаттайды

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. АКТ мен жұмыс жасауда

2.Сыни тұрғыдағы жаңа әдіс-тәсілдер.

  1. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сыни тұрғыдағы ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды беру мен әдістерді пайдалану. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері мен қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет