Сабақтың тақырыбы: Жеті лақ Сабақтың мақсаты



Дата31.07.2017
өлшемі72,08 Kb.
#22362
Сабақтың тақырыбы: Жеті лақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын ойнату арқылы, ертегідегі кейіпкерлердің атынан әр түрліт апсырмалар беріп, орындату; тапсырмалар арқылы тез ойлау, дұрыс сөйлей білу қабілеттерін дамыту; Адамгершілікке, көмектесе білуге, сүйіспеншілікке, еліне жеріне деген махаббаты бойларына қалыптастыра отырып, тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың ой –өрістерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты : Жаңа технологияларға сүйеніп, оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау. Сауаттылыққа , ұстамдылыққа , әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ертегі, баяндау, сұрақ-жауап, құрастыру, сәйкестендіру.
Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің, әртүрлі жеміс-жидек, көкөніс, аңдар, құстардыңсуреттері.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, сурет салу ,музыка ,жапсыру , театр , триз . логика
Сабақтың барысы:


І: Ұйымдастыру бөлімі

І: Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу


Оқушыларды түгендеу.

ІІ: Психологиялық дайындық


Мынау менің жүрегім,

Елімді мен сүйемін.

Жақсылыққа жақын боп,

Әрдайым күліп жүремін.

ІІІ: Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы : Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз бен мысық ертегісін саханалау
Ағаш



Қыз




Сиыр


Мақта қыз бен

Мысық



Дүкен


Тышқан



Тауық


ІѴ.Ойын : «Кім тапқыр? » Жұмбақ шешу .



  1. Өзі үлкен жануар 3. Кішкене ғана бойы бар

Үстінде екі тауы бар / Түйе/ Айналдырып киген тоны бар / Қой/

  1. Екі айнасы бар , екі найзасы бар 4. Басында таяғы бар

Төрт сылдырмағы бар Төрт аяғы бар

Бір шыбыртқысы бар / Сиыр / Сегіз тұяғы бар

Иегінде сақалы бар / Ешкі /
Ѵ . «Ертегілер еліне саяхат » Ертегі- ауыз әдебиетінің өте ерте заманан келе жатқан құнды қазынасы . Ертегілерде ел басынан өткен өмірдің ізі бар. Онда қазақ халқының тұрмыс – тіршілігі ,әдет –ғұрпы , мұң- шері , арман мұраты көрініс береді. Ертегілер 3 түрге бөлінеді. Қиял –ғажайып ертегілер, Хайуанаттар жайлы ертегілер , Салт /шыншыл/ ертегілер.
ѴІ . Жаңа сабақ : Жеті лақ .

Кіріспе . Мәнерлеп оқып беру. Жаңа сабақты түсіндіру.Үй жануарлары туралы түсіндіру.
Ерте , ерте ерте екен ,

Ешкі жүні бөрте екен.

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Ерте заманда бір ешкі болыпты. Ешкінің жеті лағы бар екен. Олар ормандағы үйшікте өмір сүріпті.Ешкіорманға кеткенде, лақтары үйде қалады. Ешкі лақтарына :

-Үйде отырыңдар, лақтарым. Есікті ешкімге ашпаңдар. Әйтпесе қасқыр келіп , бәріңді жеп қояды- дейді. Ешкі үйге келгенде, есікті мүйізімен қағып, былай деп әндетеді.

- Лақтарым , шырақтарым ,

Есікті аш, шұнақтарым !

Анаң өрістен келді

Көк шөп , көп сүт әкелді,

Есікті аш , қарақтарым !

-Лақтары есікті ашады . Бір күні қасқыр естіп тұрады да есікті қағып, дөрекі дауыспен әндетеді:

- Лақтар, шырақтар

Есікті ашыңдар

Анаң келді

Сүт әкелді.



  • Ал , лақтар – Жоқ , біз ашпаймыз . Сен анамыз емессің, қасқырсың.Анам жақсы айтады әнді, сенің дауысың жаман ,- деп ашпайды.Ешкі келгенде, лақтары қасқыр келгенін, есік ашпағанын айтады.

  • - Сендер жақсы баласыңдар, анаңды тыңдайсыңдар –анасы мақтайды. Келесі күні қасқыр жіңішке дауыспен әндеткенде, анамыз екен деп лақтар есікті ашып қояды. Қасқыр 6 /алты/ лақты жұтып қояды. Кішкентай лақ пештің ішіне тығылып қалады.ешкі келсе, есік ашық тұр. Ешкі :

  • - Лақтарым , шырақтарым ,

  • Қайда кеттің, шұнақтарым !

  • Анаң өрістен келді

  • Көк шөп , көп сүт әкелді,

  • Қайдасыңдар , қарақтарым деп жылайды.

Кішкентай лақ мә – мә – мә деп пештен шығып , әкпелері мен ағаларын қасқыр жұтып қойғанын айтады. Ешкі қасқырды қуып жетіп , мүйізімен ішін жарып жібереді лақтары аман –сау шыға келеді. Содан кейін терезеден қарап, анасын көрмей есік ашпайтын болыпты.

Лақ

Лақ


Жеті лақ

Лақ




Қасқыр

Лақ

Лақ



Сергіту сәті

Ертегілер әні.



Ойын «Кім жылдам ?»

Үлестірмелермен жұмыс

Сендер осы ертегідегі жақсы , жаман кейіпкерлерді ажыратып орналастыртырыңдар..



ѴІІ . Ойын: «Сен білесің бе ?».

1.Мынау қай ертегінің кейіпкерлері ?



ѴІІІ .Бағалау

Балалардың еңбегін бағалау

Тест тапсырмалар. Дүниетану 4-класс


  1. Жанғыш пайдалы қазбалар

А) тас көмір , боксит Ә) мұнай , мырыш Б) газ, жез В) мұнай, тас көмір

2.Отқа жанбайтын қасиеті бар қазба :

А) фосфорит Ә) асбест Б) әктас В) ұлутас

3. Берік әрі қатты тот баспайтын түсті металл ?

А) мыс Ә) жез Б) қола В) алюмений

4.Абайдың ескерткіші қандай тұғырға орнатылған ?

А) ұлутас Ә) мәрмәр Б) гранит В) асбест

5.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

А) үштен бірін (1/3) Ә) үштен екісін (2/3) Б) екіден бірін (1/2) В) төрттен бірін (1/4)

6. Газ бен тұз ертіндісі бар сулар қалай аталады ?

А) тұщы Ә) минералды Б) қышқыл В) салқын

7. Еліміздегі ең терең көлді білесің бе ?

А) Алакөл Ә) Байкал Б) Балқаш В) Зайсан

8. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен ?

А) теңіздің тасуынан Ә) дауылдың соғуынан

Б) судың көп булануынан В) жиі жауған жаңбырдан

9. Жер бетіндегі ауаның ауысуынан не пайда болады ?

А) тұман Ә) нөсер Б) түссіз, мөлдір В) жылтыр, газ

10.Алуан түрлі ғимараттар салуды неге қарап зерделеді ?

А) құстың ұшуына Ә) бал арасының ұясына Б) табиғат құбылысына

В) балықтың жүзуіне

11. Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы ?

А) газдандыру Ә)көгалдандыру Б) сүзгіштер В) желдеткіш орнату

12. Шалғын өсімдіктері :

А) ботагөз, қазжуа Ә) күреңот , жұпаргүл Б) жүзім, өрік В) айдаршөп, қайың

13. Дала деген не ?

А) шалғын,егістік Ә) жазық, алқап Б) таулы, сулы жер В) өсімдіктері биік, тоғай

14. Далада мекендейтін жануарлар

Аңдар Құстар Кеміргіштер

15. Жерге ең жақын жұлдыз

А) Ай Ә) Күн Б) Шолпан В) Марс

16. Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді ?

А) галактикаға Ә) күн жүйесіне Б) жердің серігіне В) жер шарына

17. . Жердің өз білігінен айналуына қанша уақыт кетеді ?

А) бір ай Ә) үш апта Б) бір күн, бір түн В) оңтүстік- солтүстік 18. Жердің Күнді толық бір рет айналып шығу үшін қанша мезгіл өтеді ?

А) тоғыз ай Ә) төрт мезгіл Б) 235 күн В) екі мезгіл

19. ҚР-ның негізгізаң қашан қабылданды?

А) 1991 ж Ә) 1992 ж Б) 1993ж В) 1995 ж

20. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты ?

А) 1994 ж Ә) 1993 ж Б) 1992 ж В) 1991 ж



Бірлестік жетекшісі : М. Шаңғытбаева
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет